Статья на тему Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану әдістері

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану әдістері.

Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу ағартудың оның ішінде білімді адамның бедел өсіп келеді.Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту,ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу ,қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау,яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясына тоқталайық. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы үш кезеңнен тұрады.

1.Қызығушылықты ояту

2.Мағынаны тану

3. Ой тоғаныс

Осындай кезеңдер ұтымды нәтиже береді.

Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі:

Өз ойын топ алдында ашық айтуға,қорғай білуге:

Оқушының оқу мотивизациясы өзгереді,өз бетінше ізденуге үйренеді:

Ең бастысы ,сабаққа қызығушылығы артып,оқушылардың белсенділігі өте жоғары болады.

Түсінікті болу үшін өз тәжірбиемде қолданатын бірнеше стратегияларға сипаттама берейін.

1.Синквей немесе 5жолды өлең деп аталатын стратегияда берілген сөзге тиісті 2сын есім,3 етістік табу, сөйлем құружәне синонимін табуы керек.

Бұны сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады.,лексикамен грамматиканы ұштастырады.

2.Кластер стратегиясы

Сызба бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салып,соңында қорытынды жасайды.Кластер стратегиясы оқушыларға еркін ойлауға,ұжымды ойласуға,мүмкіндік береді.

3.Ассоциация жазу стратегиясы.

Мысалы :»Туған жер» модулін өткенде»Отан»деген сөзді естігенде оқушының көз алдына не елестеді? БЕЛГІЛЕНГЕН УАҚЫТТА ӨЗ ОЙЛАРЫН ҮЗБЕЙ ЖАЗЫП,өз ойларын дәлелдейді.Оқушылардың сөздік қоры молайады.

4.Ой тізбелеу сандықшасы.

Оқушылардың бұрынғы білімдеріне білім қосады.Мысалы:Зат есім туралы білгендерін жазады.Әр оқушы өз ойын мысалмен дәлелдеу керек.

5.Миға шабуыл стратегиясы.

Оқушыларға берілген тақырып бойынша ойлану және не білетініндігі туралы жазады.Ақпаратпен алмасады.

6.Эссе

Эссе оқушыны қиял шығарма әлеміне самғатып соңын өз еркінше аяқтауға мүмкіндік туғызатын әдіс.Оқушылар алған білімдерін қорытуға,оған сын көзбен қарап,ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез-келген сабақта қолдануға болады.

Қорыта айтқанда,әр сабақты оқушымен санаса отырып,жүйелі жүргізуде сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялық бағыттары мұғалімдерге үлкен көмек тигізеді.

© 2010-2022