Разработка урока на тему Интернет желілері

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: Көкшетау

Уақыты: 05.05.2015 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Абилхамитова Р.К

Сыныбы: 7 кл

Қатысқан оқушылар саны: 10

Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы : 3 -бөлім. Жастар мәдениеті. Интернет және әлеуметтік желілер

Сабақтың мақсаты

Теледидар және өзге де ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің стилін анықтайды және басқа мәліметтермен салыстырады.

Өзіне таныс ақпараттар бойынша қарапайым деңгейде мұғалімнің көмегінсіз тілдеседі.

Белгілі бір оқыту мақсаты;

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізеті үлесі

О2.Стильдік ерекшелікті анықтау.

А4.Сенімді және еркін жауап беру.

Тілдік міндеттер

Менің ойымша...

Екінші жағынан..... т.б

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін.

Қолданылатын сөздер:

Жастар өмірі, ғаламтор, әлеуметтік желі, жағымды/жағымсыз, жүйе, дөрекілік, сауатсыздық, хат-хабар

Алдыңғы білім

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дерек көздері

Басы

Қызығушылығын арттыру

10 мин




Мағынаны тану

20 мин





















20 мин
















20 мин



Оқушылардың тақырып бойынша сөздік қорларын байқау, тексеру.

Өз тілектері бойынша 4 оқушы «5 қадам» ойынын ойнайды.

  1. Ғаламторға қатысты 5 зат есім атаңыз.

  2. Ғаламторға қатысты 5 сын есім атаңыз.

  3. Әлеуметтік желінің 5 артықшылығын атаңыз.

  4. 5 әлеуметтік желінің атын айтыңыз.

Оқушылар берілген қағаз қималары бойынша 3 топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту сатысы

Ғаламтор маған не үшін керек?

Берілген тірек сызбаны қолданып, ғаламтордың маңызы туралы әңгімелейді.



Разработка урока на тему Интернет желілері

Сурет қиықтарын топтарға таратып береді.

Суреттерді байланыстырып, бір күнгі ғаламторды пайдалануы туралы әңгімелеу керектігін ескертеді.

Әр топтың әңгімелерін тыңдай жүріп, топтарға түзетулер енгізе жүреді.

Суреттерді байланыстырып, ғаламторды пайдалануын әңгімелейді.

Әр топтың ортада айтқан әңгімелеріне пікірлерін білдіреді.

«Ғаламтор желісін пайдаланушының қай тобына жатасың?»

1-оқушы ғаламтордың тиімді жағына бір мысал келтіреді(1 мин);

2-оқушы ғаламтордың тиімсіз жағына бір мысал келтіреді(1 мин);

3-оқушы көтерілген мәселе бойынша ұсыныс жасайды (1 мин);

4-оқушы барлық айтылған сөзді қорытындылайды (1 мин).

Оқылым. Ғаламтор арқылы болған бір оқиға


  1. Сол күні әжемнің туған күні болатын, кешке мен сабақтан кейін үйге келсем, үйде ешкім жоқ. Үстелдің үстінде анам тамағымды әзірлеп кетіпті. Үстелге отырып, асымды ішіп болған соң, асүйден өз бөлмеме бардым. Үй іші тып-тыныш. Күзгі кештен терезе қап-қараңғы, сұрланып тұр. Бұрын үйде ата-анамның, екі баурымның шу-шу болып жүретіне үйренген, өзімді жалғыз сезіндім де, көңілімде бір жабырқаулық пайда болды. «Енді не істесем екен?» - деп ойландым.

  2. Ертеңнен бастап қысқы демалыс, сабақ оқудың да реті жоқ сияқты. Жападан-жалғыз жай отырғанша, компьютерді қосып, интернетті шарлайын деп шештім. Арнайы ақпаратты іздеу қажеттігі болмаған соң, ғаламтордың да қызығы болмай қалады екен. «Қай сайтқа кірсем екен?» - деп тағы ойландым.

  3. «Агентте әңгімелесетін кім бар екен?» - деген оймен, агентті қостым. Өзіммен жасты достарымнан әңгіме дүкен құратын ешкім кірмепті. Бір кезде «Сәлем! Қалың қалай?» деген хат түсті. Бұл кім екен?

  4. Хат авторизацияланбаған біреуден түскен екен. «Бұл кім болды екен?» - деп, ол туралы ақпаратты аштым. Суретте қазақ эстрадасының әншісі Айқын Төлепберген тұр екен, бірден таныдым. Шынымен сол ма деп, жүрегім жарылып кете жаздады. Бірақ оның аккаунтын пайдаланған басқа біреу ме деген де күмәнді ой келді. «Не істесем екен?» - деп отырып қалдым.

  5. Бойымды білуге деген құштарлық билеп, «не болса да, жауап жазып көрейін», - дедім. «Сәлем!» - деп жауап қайтардым. Ол іле-шала маған «Қандай көрікті едің, сенімен танысайын деп едім», - деп жауап жазыпты. «Сіз, шынымен, Айқынсыз ба?» - деп сұрадым. «Әрине, әлде Айқын интернет арқылы қыздармен таныспайды деп ойлайсың ба? Мен де адаммын ғой. Сенбесең, кездесейік, қазір біз бір туған күнде отырмыз, бізге қосыл. Мақал Исабекова, Бейбіт Қорған, Алмас Кішкенбаев, т.б. танысасың», - деп жауап қайтарған. «Күн кеш батып қалды ғой, не істесем екен?» - деп ойландым.

  6. Атақты әнші жұлдыздардан бір көрсем деп армандаған жүрегім, «бұл бақытқа сенейін бе, сенбейін бе?» - деп, апыл-ғұпыл киінгенше маза бермеді. Арнайы мерекелерге ғана киетін әдемі джинс шалбарым мен топигімді киіп, үстіме қысқа күртешемді іліп, биік тақалы етігімді іле сала жүгірдім. Көшеге шығып, жолдың шетінде тұрған таксиге отыра кеттім. «Айқынның» берген мекенжайын жүргізушіге айтып, зулай жөнелдік. Отыз минуттан кейін айтқан мекенжайым бойынша қаланың сыртындағы бір түпкір ауданға келдік.

  7. Жүрегім бүр түрлі сескенді: «атақты жұлдыздарға қыдыратын басқа жер болмады ма?»- деп ойладым. «Бұл бір күмәнді, қорқынышты жер екен», -деп ойладым. «Қызым-ау, түн ішінде бұл жерге не үшін келе жатырсың?» - деп алпыс жас шамасындағы жүргізуші ағатай да сұрады. Мен не айтарымды білмедім.

  8. Мекенжайды шатастырып алыппын, ағай, мені кері апарыңызшы деп өтіндім. Сол оқиғадан кейін мен ғаламтор желісі арқылы бөтен адамдармен сөйлеспейтін болдым

Жетістік критерийі

Жетті (+)/талпынды (-)

1

Тапсырма толық ашылып, орындалды

2

Берілген уақытта ойын айтып үлгерді

3

Ойы түсінікті айтылды.

Қорытынды

Білім (Мәтіннің мазмұны не туралы? Кілт сөздерді тап. Виртуалды байланыстың ережелері қандай?)

Түсінік (Мәтіннің негізгі идеясы неде? Автор нені көздейді? Мазмұндап отырып оқу).

Қолдану (Мәтіндегі ережелерді картаға түсіру)

Анализ (Әдеп ережелерін сақтамай жүргендер арамызда көп пе? Ғаламтордан мысал тауып дәлелдеп отырып оқу)

Синтез

Қазіргі интернет желісіне көңілің тола ма? Ғаламтордан мысал тауып, ойды жинақтап отырып оқу)

Бағалау Мәтіннің стиліне, мазмұнына баға береді.


Ғаламтормен араласу ережелері

Ғаламтормен қарым-қатынас құру жеңіл, шын өмірде мені бәрі-бір ешкім танымайды деп ойлап, кейбіреулер мүлдем әдептен озып кетеді. Бұл өз кезегінде шынайы өмірде сияқты адамның ашуын келтіріп, араласуды тоқтатуға алып келеді. Нәтижесінде дөрекі адам бірте-бірте жалғыз қалады. Себебі әр бір адам желіде де достарының білімді, мәдениетті болуын қалайды. Ол ұшін бірнеше ережені сақтау керек.

1. Тұрпайылық. Әсіресе жастарға қатысты. Енді ғана достардың құрамына еніп, кейбіреулері «сен» деп, жөнсіз «не істеп жатырсың», «қалың қалай» дей бастап, сіз - сыпайылық пен мәдениет белгісі екенін ұмытып кетеді.

2. Дөрекілік. Әрине ғаламтор қарым-қатынас үшін қолданылатыны белгілі. Бірақ әр нәрсенің орны мен кезі болады ғой! Мен кез келген уақытта не жазғым келсе, соны жазамын деген болмайды. Кейде басқа адамдардың жабысқақтығына таң қаламын. Тіпті достар құрамынан өшіріп тастағанша, мазалай береді.

3. Анайылық пен сауатсыздық. Кейбір адамдардың ұятты сөздерді блогке жазуы, қате-қате хат жіберуі, достар арасында көрмеуге бел бууға әсер етеді. Мені ешкім жазалай алмайды деп, басқа адамдардан өз ашуын аламын деген оймен, балағат сөздерді жаудырып, ашықтан-ашық тіл тигізіп, дөрекі сөйлейді.

4. Оқырманды сыйламау. Егер өз айтайын деген ойын қысқа түрде айта алмаған адам оқырманның уақытымен санаспайды. Сондықтан электронды хат-хабарда амандасу, қысқа түрде негізгі мәселені баяндау, қоштасу ғана болуы тиіс. Ең бастысы, хаттың тақырыбын қою қажет.

«Сыни ойлау мен оқу мен жазу арқылы дамыту»

Қағаз,қалам


Соңы


5 мин

Кері байланыс.

Разработка урока на тему Интернет желілері

Разработка урока на тему Интернет желілері

Разработка урока на тему Интернет желілері

Пайдалы болды.

Есімде қалды.

Сұрағым бар.

Үй тапсырмасы: ғаламтордан қызықты, атақты адамдар туралы, соңғы жаңалықтар тауып келу

Стикер

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту - Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Бағалау - Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтар

Тарих, АКТ, Өнер т.б.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



© 2010-2022