Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған Ауылым алтын бесігім атты бағдарлама

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ауданымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім-тәрбие берер ақ сақалды қариялары, ұстаздар мен ата-аналар!   2-жүргізуші: Қайырлы күн,қымбатты қонақтар!   1-жүргізуші: Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған Нұрлыкент ауылдық округінің «Ауылым – алтын бесігім» атты фестиваліне қош келдіңіздер.   О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең, Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен. Сағынышты қанат қып, саған қарай, Балапандай талпынып ұшамын...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған Нұрлыкент ауылдық округінің «Ауылым - алтын бесігім» атты фестиваліне арналған концерттік бағдарламасы

Фанфар:

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ауданымыздың ақ жаулықты аналары мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз айтар, тәлім-тәрбие берер ақ сақалды қариялары, ұстаздар мен ата-аналар!

2-жүргізуші:

Қайырлы күн,қымбатты қонақтар!

1-жүргізуші:

Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған Нұрлыкент ауылдық округінің «Ауылым - алтын бесігім» атты фестиваліне қош келдіңіздер.

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышты қанат қып, саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен.

Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым,

Сені жақсы көруден басталған-ау.

2-жүргізуші:

Ауыл десем, мал елестер көзіме,

Ауыл десем дән елестер көзіме.

Ауыл десем ер саламын құр атқа,

Ауыл десем ән естілер құлаққа.

Ән: Айдарова Райханның орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Туған жерде бақыт деген бар құсың.

Туған жерсіз - бейшарасың,

Жарлысың.

Аңсаудайын аңсап келдім алыстан.

Ауыл - ана, аманбысың,

Армысың?!

Ән: Әбілез Шерханның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Шақырады ойнасақ гүл даламыз,

Туған жерден нәр алып нұрланамыз.

Ломоносов мектебінде оқып жатқан

Кішкентай бүлдіршіндерді қарсы аламыз.

Би: Жорға тобының орындауында «Аралар» биін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы

Бұждан артық рахат табылмайды.

Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы»

Күй: Нұрлыбеков Нұрлан мен Субалиев Бағдаттың орындауындағы күйді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Туған жер - ай, күнім де сен, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ,

Басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

Ән: Айбекова Салтанаттың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Бар қазақтың ауыл - күре тамыры,

Қуат күші, қорғасындай сабыры...

Ертең, ертең... түгелденіп бау-шуы

Басталады оның «алтын дәуірі»!

Терме: Нұрлыбеков Нұрланның орындауындағы «Туған жер» термесін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Қызғалдағы қатар өсіп иренмен

Елдің шеті мамыражай күйге енген

Ей қастерлі Ұлы далам аман бол

Әр сүйемі қан мен сүтке иленген

Ән: Қырықбаева Райкүлдің орындауындағы «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Кең даласы , кең пейілді қазақпыз

Құл емеспіз еркін жанбыз азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз

Өмірді алға бастырамыз , өрлейміз !

Би: Жорға тобының орындауындағы «Қазақ биін» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім ,

Жатыр алып жарты дүние әлемін !

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Көркем сөз: «Алтын бесік» Оралбаева Гүлнар

2-жүргізуші:

Өмірде ана-бұлақ, ана пана

Өмірді өрнектетер ана ғана

Өсірген талай көсем, талай шешен

Талай ер, талай ақын, талай дана

Ән: Субалиев Бағдаттың орындауында «Сенің анаң алтын » әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Ауыл қонды жайлауға,

Дала жатыр жадырап.

Қой қаптады қойнауда,

Қозы, лақтар жамырап

Би: «Балақай» балабақшасының орындауында «Шалқыма» биін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,

Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.

Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,

Кіндігім мен кессе ол тұсауымды

Ән: Жанқуат Айзаттың орындауында «Елім - ай» әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:

Өсіп - өнген ауылым қымбат маған,

Ол жерді мен ешкімге былғатпағам.

Мұқырымның күні менен түні де ыстық

Мен осы қасиетін жырлап бағам

Ән: Трионың орындауында «Ауылым» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Берекем мен бірлігім,

Ауылымнан таралар.

Ауылым менің көркейіп,

Өркениетті ел болар

2-жүргізуші:

Елімізді бақ - береке , ырыс болсын

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын

Халқымның ахуалы дұрыс болсын

Еліміз әрқашанда тыныш болсын ! деп бүгінгі Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған «Ауылым - алтын бесігім» атты фестиваліне арналған Нұрлыкент ауылдық округінің концерттік бағдарламасы аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.



© 2010-2022