Урок по казахскому языку Түстер (1 сынып)

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні…………. Сыныбы…………..

Сабақтың тақырыбы: Түстер

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру, қазақша түстердің атауларын үйрету, білім сапасын сабақ және модуль сайын тексеріп отыру.

  2. Үйренген жаңа сөздер арқылы тілдерін дамыту.

  3. Таза, әдемі және сауатты жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, аралас сабақ, қайталау, бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың формасы: топпен, жұптық, жеке оқушымен.

Сабақтың көрнекілігі: түстердің суреті, бейнеслайд.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, өзін-өзі тану, еңбек.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сабаққа деген ынталарын байқау, бағыттау

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Білімді жан-жақты тексеру

Өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарына жауап алу

Жаңа сабақ.

Сөздік

ақ-белый көк-синий

қара-черный жасыл-зеленый

қызыл-красный сары-желтый

1-тапсырма. Жаңылтпашты тез оқы.

Ақ шар бар,

Көк шар бар,

Көп шар бар,

Бес шар бар.

3-тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Мынау қандай қарындаш?

Мынау қызыл қарындаш.

Сергіту сәті.

Қолды белге қоямыз,

Басты оңға бұрамыз.

Басты солға бұрамыз,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып аламыз.

5-тапсырма. Әріптерді қойып оқы, жаз. О-Ө

Д..п, т…рт, ж…лбарыс, к…йлек, ж...қ, …рік, қ…л.

Сабақты бекіту: Қандай түстерді өттік?

Үйге тапсырма:

1-тапсырма. Оқу-жаттау.

Бағалау, қорытынды.

© 2010-2022