Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8ә

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар құрмалас (жаттығу орындау)

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: себеп-салдар салаластың құрмаласу жүйесін , тыныс белгілерін , жасалу жолдарын теория-пррактикалық тұрғыда игерту;

  2. Дамытушылық: ойларын жүйелі айту дағдысын жетілдіре отырып , тілдік талдауларыды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.

  3. Тәрбиелік: оқушыларды алдымен, отбасын құрметтеуге, сүюге насихаттай отырып, үлкен Отанға деген міндетті, борышты ұғынуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: салыстару

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу;

Түгелдеу;

Оқушы назарын аудару.

ІІ Үй жұмысы

Слайд және қима қағаз бойынша сұрақ.

1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Құрмалас сөйлем және жай сөйлем айырмашылығы қандай?

3.Салалас құрмалас дегеніміз не?

4.Салалас құрмаласты жасауға қандай шылау қатысады?

5.Салаластың мағыналық түрлері нешеу?

6. Ыңғайлас салалас қалай жасалады?

7. Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары

8. Себеп-салдар салалас деген не?

9.Себеп мәнді салалас деген не?

10.Саладар мәнді салалас деген не?

11.Себеп-салдар салалас жалғаулық шылаусыз байланысқанда қандай тыныс белгісі қойылады?

12. Себеп-салдар салаластың жалғаулық шылауларын айт

Жаңа сабақ

Слайд бойынша жұмыс.

«Сөйлемді жалғастыр»

Шарты: Бірінші жай сөйлем беріледі, оқушы сөйлемді аяқтап, себеп салдар салалас сөйлем құрайды, ауызша талдайды.

  1. Адамзат өз отбасын қорғаштауға міндетті, өйткені ... (отбасының жауапкершілігін сезіну керек);

  2. Өз туған тіліңді білу - парыз, себебі ... (ол атаң мен анаңның қасиетті мұрасы.)

  3. Үлкен адамдар туған жердің тарихы мен әдебиетін жетік біледі, сол себепті ...(оларды көп тыңда)

  4. Ата-анаңды құрметте, себебі ... (олар сенің тіреуішің)

  5. Білім берген ұстаздарыңды әрқашан есіңде ұста, өйткені ... (сенің аяққа тұруың үшін олар да еңбек етті)

Оқулықпен жұмыс

103- жаттығу. Берілген жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құраңдар. Оларды әуелі, жалғаулық шылаусыз, сосын жалғаулық шылаулармен байланыстырыңдар.

104-жаттығу. Бірінші мен екінші топтағы сөйлемдерді құрмаластырыңдар. Себеп мәнді не салдар мәнді екенін ажыратыңдар.

Семантикалық карта.

Салаластың түрлері

Сөйлемдер

Ыңғайлас салалас

Себеп-салдар салалас

Қарсылықты салалс

1

Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес.

2

Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.

3

Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.

4

Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді.


Сабақты бекіту.

Слайд . Мәтін бойынша жұмыс . Себеп-салдар салаласты теріп жазу.

Айналайын.

Бала кезімнен естіген, үйренген , білген сөздерімнің ішішен бір сөз көкейімнен ерекше орын алады, өйткені ол сөзді әжем де , анам да, әкем де жүректерімен айтатын. Әжем сол сөзді мейірлене , маңдайыма ыстық лебін тигізе, толқи айтатын, сондықтан ол сөз маған барлық сөздердің құдіретіндей сезілетін. Ол сөз әжемнің аузынан шыққан сайын масаттанып, наздана түсетінмін, еркелейтінмін.

Отан отбасынан басталады.

Үлкен Отанды сүю дің алғашқы шарты кішкене отбасыңда қаланады. , себебі отбасы - бала тәрбиесінің алтын діңгегі... Отбасы табиғат сыйлаған кереметтердің бірі, жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл -ойын, адамгершілігін, мәдениетін қалдап, өмірге жолдама беретін ұлы ұжым.

Қорытынды.

Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

Үйге тапсырма.

Көркем әдебиеттен себеп-салдар салаласқа сөйлемдер жазу.

Бағалау.











© 2010-2022