Еріндік, езулік дауысты дыбыстар

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Еріндік және езулік дауыстылар

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 5-сынып

Күні: 08.02.2016.

Мұғалім: Мусжанова Анар Даулетовна

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға еріндік және езулік дыбыстарды меңгерту. Алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.Ұқыптылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту.
Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын дамыту,қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Суреттер арқылы сөйлемдер құрап,өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.


Сабақтың барысы:


І кезең.

  1. Ұйымдастыру сәтін өткізу;

  2. Психологиялық дайындық:

Бір, екі, үш!

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру /слайд арқылы/

  1. Тіл білімінің қай саласы дыбыстарды зерттейді?

  2. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?

  3. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

  4. Қазақ тілінде неше әріп бар?

ІІ кезең.

Жаңа тақырып: «Еріндік, езулік дауысты дыбыстар»

  1. Оқушылармен бірігіп сабаққа мақсат қою.

  2. Оқушыларды топқа бөлу: «Еріндік», «Езулік»


  1. Ережемен таныстыру

  • Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.

Еріндік дауыстылар:о,ө,у,ұ,ү

  • Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дауысты

дыбыстарды езулік дауыстылар деп атаймыз.

Езулік дауыстылар: а,ә,е,э,ы,і,и

ІІІ кезең

  1. Оқулықпен жұмыс.

  2. «Сөзден сөз тер» ойыны

Бауырсақ -(Жауабы: Бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау...)

  1. Сергіту сәті

  2. "Көлеңке" сөзіне фонетикалық талдау жасау.

  3. Сөзжұмбақты шешіңдер

  1. Егер "А"-дан бастасаң, үлкен ақын атамыз.

  2. "А"-ны алып тастасаң, мол дәулетке батамыз.

  3. "Б"-ны алып тастасаң, түнде жарық шашамын.







  1. Ойын: «Сиқырлы әріптер»

Мақсаты: Еріндік және езулік дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Шарты: Еріндік дауыстыларды көк құтыға, езулік дауыстыларды қызыл құтыға салу қажет.

Езулік

Еріндік





  1. «Кім шапшаң?» Топпен жұмыс

І топ езулік дауысты дыбыстардан бірнеше сөз құрайды.

ІІ топ еріндік дауысты дыбыстардан бірнеше сөз құрайды.

8. «Жауабын тап» ойын

Мысықта бар,

Күшікте жоқ.

Қасықта бар,

Есікте жоқ. /Ы/

Көлде бар,

Сайда жоқ.

Төлде бар,

Тайда жоқ /Ө/



  1. Сиқырлы кестедегі маман иелерінің сұрағына жауабын табыңдар.

Еріндік, езулік дауысты дыбыстарЕріндік, езулік дауысты дыбыстарЕріндік, езулік дауысты дыбыстар

Сұрақтар:

Дауысты дыбыстарды неліктен еріндік дауысты дыбыстар дейміз?

Дауысты дыбыстарды неліктен езулік дауысты дыбыстар дейміз?

Тілдің қатысына қарай дауыстылар қалай жіктеледі?


  1. Тест тапсырмалары

Тестпен жұмыс жүргізу.

  1. Тек ашық дауыстыдан басталып тұрған сөзді тап:

А) ыдыс

Ә) алмұрт

Б) инелік

2.Бітеу буынды сөзді тап:

А) ата

Ә) қант

Б) сену

3. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай ашық, қысаң деп бөлінеді?
A) Еріннің;
Ә) Тістің;
Б) Жақтың
4. Еріндіктен басталып тұрған сөзді тап:

А) әтеш

Ә) айна

Б) өрік

5. Езулік дауыстыны тап:

А) у

Ә) ы

Б) о

6. Қазақ тіліне тән дыбысты тап:

А) г

Ә) ұ

Б) в

7. Жуан дауысты дыбыстан аяқталатын сөзді тап:

А) анықтама

Ә) көлдер

Б) суық

8. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала қалай аталады?
A) Фонетика

Ә) Синтаксис
Б) Морфология

9. Қай дыбыстар жуан дауыстыға жатады?
A) а, о, ұ, ы.
Ә) қ, п, т, с;
Б) ы, ұ, ө, е;

11. Қорытынды /сұрақ-жауап/

1.Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

2.Кімге қандай тапсырма қиын немесе оңай болды?

3.Сабақтан алған әсерлеріңді смайликпен білдіріңіздер?

12. Бағалау. Бағалау парағы.

13. Үй тапсырмасы:

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық .





Тест тапсырмалары

1.Тек ашық дауыстыдан басталып тұрған сөзді тап:

А) ыдыс

Ә) алмұрт

Б) инелік

2.Бітеу буынды сөзді тап:

А) ата

Ә) қант

Б) сену

3. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай ашық, қысаң деп бөлінеді?
A) Еріннің;
Ә) Тістің;
Б) Жақтың
4. Еріндіктен басталып тұрған сөзді тап:

А) әтеш

Ә) айна

Б) өрік

5. Езулік дауыстыны тап:

А) у

Ә) ы

Б) о

6. Қазақ тіліне тән дыбысты тап:

А) г

Ә) ұ

Б) в

7. Жуан дауысты дыбыстан аяқталатын сөзді тап:

А) анықтама

Ә) көлдер

Б) суық

8. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала қалай аталады?
A) Фонетика

Ә) Синтаксис
Б) Морфология

9. Қай дыбыстар жуан дауыстыға жатады?
A) а, о, ұ, ы.
Ә) қ, п, т, с;
Б) ы, ұ, ө, е;














Еріннің қызметіне қарай

Жақтың қызметіне қарай

Тілдің қызметіне қарай

еріндік

езулік

Ашық

қысаң

жуан

жіңішке

о, ө, у,

ұ, ү

а, ә, ө, э,

ы, і, и

а, ө, е,

э, о, ө

ы, і, ұ,

ү, у, и

а, о, ы, ұ, (у), (и), э

ә, ө, і, ү, (и), (у), е

Еріндік, езулік дауысты дыбыстар

Еріндік, езулік дауысты дыбыстар

© 2010-2022