• Преподавателю
  • Другое
  • Урок казахского языка на тему: Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары 10 класс (ОГН)

Урок казахского языка на тему: Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары 10 класс (ОГН)

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі, 10-сынып

Сабақ тақырыбы: Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары туралы әңгімелеу. Әдеби тіл мен жазбаша мәтіннің байланысы туралы мәлімет.

Күтілетін нәтиже:

Қазақ тілінің орфографиялық нормалары, орфоэпиялық нормалары туралы біледі. Буын және дыбыс үндестігін қайталайды. Күрделі сөздердің түрын қайталайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтық, жұптық талқылаулар. Белсенді оқу әдісі. Жеке тапсырмалар.

АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру бойынша кезекшінің мәліметін тыңдау.

ІІ Үй жұмысын тексеру:

-Кітаби тіл дегеніміз не?(К.тіл -жазу дәстүрә арқылы белгілі жүйеге түскен)

-Кітаби тілдің стилдік тармақатары туралы әңгімелеңдер.(Оның орныққан нормалары, жанрлық тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл)

-Стильдерге түсінік беріңдер.

ІІІ Жаңа сабақ:

Кітаби тілдің жазбаша нормалары:

Орфографиялық норма.


Сөздің бірізді тәртіпке сай жазылуы. Буын, тіркес, дыбыс үндестігінің сақталып жазылуы. Дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздердің оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптерді қолдану тәртібін белгілейді.

Фонетикалық қағидат бойынша:

Естілуі бойынша жазу дәстүрге айналған сөздер.

Мысалы: Амангелді, Ботагөз, т.б.

Жалқы есімдердің сыңарлары фонетикалық қағидат бойынша жазылады.

Тарихи-дәстүрлік қағидат бойынша:


Сөз үйреншікті болып кеткен дағды бойынша жазылады.

Көп жағдайда кірме сөздердің жазылу нормалары - мұнда буын үндестігіне бағынбай жасалған сөздер.Мысалы: тарих, хикая, кино. Сонымен қатар ежелден келе жатқан тарихи сөздердің өзіндік жазылу ерекшеліктері.

Айырым қағидат:

Сөздердің айтылу ерекшелігіне сүйене отырып дұрыс жазу ережесі:

Қауіп - қауып деп айтылады, хан- қан, өкімет- үкімет, шай-шәй деп айтылады.

Кітаби тілдің ауызша нормалары:

Орфоэпиялық норма:


Сөздердің дұрыс айтылу ережесі.

ІҮ. Тапсырмалар (ЦОР)

Қолдану.

Тапсырма. Сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес жазу.


  1. Орфографиялық нормамен жазылған сөздерді қоржынға салу:

Дұрыс

Бұрыс

Жал-жая, жалбыр-жалбыр, көз аларту, жалғыздан-жалғыз, екеу ара, екеуден-екеу, ежірею, көз тігу, көзәйнек, сірке қышқылы, екіжүзділік, ылғида, сыр сымбат

Жал жая, жалбыр жалбыр, көзаларту, жалғыздан жалғыз, екара, екеуден екеу, ежірейу, көзтігу, көз әйнек, сынсағат, сыр-сымбат, ылғи да, сіркеқышқылы, екі жүзділік

2.Тақтамен жұмыс.

Оқушы тақтада орындайды.

Орфоэпиялық норма бойынша жазу:

Түнгі, қосшы, жұмысшы, боз құнан, ақ жүрек, келе қалды, қалааралық, қара үйрек, ақ лақ.

Жазылған соң, сөздер мен түбір мен қосымша аралығындағы үндестік түрлерін анықтау тапсырылады.

  1. Тапсырма.

Берілген сөздерге -ға, ге,қа, ке, -лы, лі, ды, ді, ты, ті, -сы, сі, ы,і қосымшаларын жалғап жазыңдар. Қосымшалардың жалғану ерекшелігіне назар аударыңдар.

Абстрактіге, актіге, модельді, металл-металды, фактілер, дауысты.

3.Тапсырма.

Күрделі сөздердің түрін ажырат. Дұрыс жаз.

Онсегіз, мұра -жай, көрекөре, мысық құйрық, ауа-райы, төбетөбе, ағайынжұрт, өнер-жай, қара қоңыр.

V. Тест тапсырамалары бойынша сабақты бекіту:

1.Сөздердің дыбыстық, лексика-грамматикалық қасиетіне байланысты ерекшеліктерін байқатып тұратын ерекшелік:

А. Сөйлемді сөйлемнен ажырату;

В.Тасымалдау

С.Тыныс белгілерінің қойылуы

Д.Сөздердің дыбысталуы

Е.Сөздердің дефис арқылы тұлғалануы *

2.Қаһарлану сөзі қай қағидат бойынша жазылған, белгілеңіз:

A.Қоғамдық B.Ассимиляциялық

C.Тарихи-дәстүрлік+ D.Фонетикалық

E.Орфоэпиялық

3.Фонеманың дыбыстық қоршауға тәуелді түрленімдері таңбаланады. Қай қатарға тән, белгілеңіз:

A.Қоғамдық қағидат B.Тарихи-дәстүрлі қағидат

C.Орфоэпиялық қағидат D.Ассимиляциялық қағидат

E.Фонетикалық қағидат+

4.Астықжасартқыш. Неше жағдайда тасымалданады.

A.7 B.4+ C.5 D.6 E.3

5.Тарихи-дәстүрлік қағидат бойынша дұрыс жазылған қатар:

A.темір, киім B.Гауһар, қаһарман+

C.Қасық, шеге D.Елубай, Амантай

E.Қайың, терек

6. Қаріп-ғаріп қай қағидат бойынша ажыратылады?

A.Орфографиялық B.Фонетикалық C.Диссимиляциялық

D.айырым қағидасы E.Қоғамдық

Үйге тапсырма: 72-тапсырма. Емле ережелерін пайдалана отырып, сөздердің неге бөлек жазылғандығын түсіндіріңдер.

73-тапсырма: .Емле ережелерін пайдалана отырып, сөздердің неге бірге жазылғандығын түсіндіріңдер.

© 2010-2022