Өзін-өзі тану сабақ жоспары Рухани байлық-игілік көзі (10 сынып)

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі

Мектеп Қаракөл орта мектебі

Күні: 13.10.2015ж

Тақырыбы: Рухани байлық-игілік көзі

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, әділеттілік

Мұғалім: Суатова Тогжан Болатовна

Сыныбы: 10а , 10ә

Оқушы саны 10 ,13

Мақсаты:

Оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • рухани байлық көздерін ұғындыру;

  • рухани байлықты бағалай білуге үйрету;

  • рухани байлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар

(құралдар, мәліметтер)

«Өзін-өзі тану» оқулығы, дәптер, күн суреті, жүрекше, ақ қағаз, маркер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.



Үй тапсырмасын тексеру

Н.Айтұлы

Күлтегіннің көк тасы

  • Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым», деп толғанады?

  • Тасқа түскен жазулардың руханилық күші неде деп ойлайсыздар?

  • Рухани байлық дегенді қалай түсінесіздер?

Дәйексөз

«Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі- заттық нәрсе емес, рухани дүние»

Платон

Мұғалім сыйы

Рухани байлық - адамның өмірін қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат - мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен, ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.

Шығармашылық жұмыс

«Туған тілім -рухани асыл қазынам» өлең құрастыру


Топпен ән айту

Өз елім

Әні: Нұрғиса Тілендиев

Сөзі: Қадыр Мырзалиевтікі

Келгенде көктемі,

Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі,

Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің -

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің.

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің!

Ақ күмбез астығы,

Асқар боп өрлеген.

Жалынды жастығы,

Жүлдені бермеген.

Өз елім менің -

Өзегім менің.

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Бұзылмас қамалы,

Батыры уақыттың.

Тербеген самалы,

Бесігін бақыттың.

Өз елім менің -

Өзегім менің.

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Үй тапсырмасы

Т.Әбдірахманова

Даналарым

Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!



© 2010-2022