Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

ҚАЗАҚ ТІЛІН ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫБ.И. Есембаева Бүгінгі таңда білім берудің ең бір маңызды мәселесі- орыс мектептерінде қазақ тілін тиімді оқытудың жаңа әдістерін тауып, оны оқу үрдісіне енгізу. «Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілі пәніноқытудың мақсаты- оқушының қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыра отырып дамыту, тілдік және танымдық білікпен қамтамасыз ету»- деп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартында көрсетілген. Бұл...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Павлодар қаласының инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар № 39 жалпы орта білім беру мектебі













ҚАЗАҚ ТІЛІН ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Ертіс өңірінің педагогикалық ғылыми- тәжірибелік Қапенов оқулары






Б.И. Есембаева

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


















ҚАЗАҚ ТІЛІН ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Б.И. Есембаева


Бүгінгі таңда білім берудің ең бір маңызды мәселесі- орыс мектептерінде қазақ тілін тиімді оқытудың жаңа әдістерін тауып, оны оқу үрдісіне енгізу. «Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілі пәнін

оқытудың мақсаты- оқушының қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыра отырып дамыту, тілдік және танымдық білікпен қамтамасыз ету»- деп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартында көрсетілген.

Бұл мақсатқа жетудің бірінші жолы- оқушылардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді. Л.Н Толстой: «Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғызу керек, үйренген сөзін ауызекі сөйлесу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің жеке меншігіне айналады» деп жазған екен.

Биыл оқу бағдарламасы түбегейлі өзгертілді. Сынып бойынша тақырыптар аяларға бөлініп, сағат саны көрсетілді. Мен жұмыс істейтін 6,7,8 сыныптарда тақырыптар 3 аяға біріктірілген. Ая тақырыптарының тармақшалары бір-бірімен тығыз байланыста, жылдан-жылға жас шамаларына қарай күрделеніп отырады. Оқушылардың алған білімдерін жылдан-жылға жаңғыртып, толықтырып, бекітіп отыруға жағдай жасалған. Ая тақырыптары жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуын талап етеді. Бұл бағдарламаның негізінде білімді өздігімен игеру идеясы жатыр. Оқушының пікірін бағалау, тыңдай білу қажет. Танымдық іс- әрекет дегеніміз, адамның өз түйсігі арқылы дүниені тануы. Өзін-өзі тану принципі- оқушылардың оқу материалының мазмұнын ғана емес, оның не үшін үйренуі керек екенін білуін қажет етеді. Танымдық әрекетті өз білімін іс жүзінде қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қажеттілігімен байланыстыру қажет. Өз білімін іс жүзінде қолдану- білім алу қажеттілігін тудырады. Адамның бұл бағыттағы басты қажеттілігі- ойлау және іс жүзінде қолдану. Еңбектену қажеттілігі жеке тұлғаның жан-жақты дамуымен тығыз байланысты.

Қазақ тілін үйретудің екі жолы бар: жазбаша және ауызекі. Шығарма жұмыстарында оқушылар өз ойларын, пікірлерін, әсерлерін мәтін түрінде жазбаша жеткізеді. Айтатынын дайындап, сұрыптап алады. Ал өз ойын ауызекі монолог немесе диалог түрінде жеткізу үшін тек қана тіл емес, мимика, ым, көзқарас қолданылады.

Сабақта ауызша мен жазбаша сөйлеудің құрылымы бірдей. Екеуі де төрт бөлімнен тұрады: бағдарлау, жоспарлау, қолдану, бақылау. 1.Бағдарлау дегеніміз - өз орнын, сөйлеудегі ролін, әрекет қажеттілігін, мақсатын, сөйлеу формасын, қатысатын адам санын, сөйлеу стилін анықтау.

2. Жоспарлау дегеніміз- мазмұнын іріктеп, сөйлеу бағдарын құру. Айтатын ойын дұрыс жоспарлай білу оқушының өзінің талпынысынан туындайды.

3. Қолдану дегеніміз- айтатын ойын белгілеп, жеткізу үшін керекті сөздерді іріктеп, синтаксистік нұсқаларды салыстырып таңдау.

4. Бақылау дегеніміз- сөйлеушінің тілдік әрекеттің қорытындысын салыстырып, бақылап, бағалауы. Бақылау кезінде тілге қажеттілік туады. Оқушылар:

  • Менің ойымша -----------

  • Маған ұнағаны -------------

  • Менің таңдағаным ----------

  • Мен былай дер едім ----------

т.б. сөздерді жие қолдануларына мәжбүр болады.

Қарым-қатынаста еркіндік бар. Оқушыларды өз-өздерін тыңдауға, өз күштері мен қабілеттерін дамыта білуге, өз білімдері мен біліктіліктерін қолдану үшін дұрыс бағыт беріп үйрету қажет. Жеткіншектің бір ерекшеліктері- өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, өз пікірлерін білдіре білетіндіктері. Төменгі сынып оқушыларын жетелейтін мұғалімнің бағалауы болса, жоғары сынып оқушыларын алға бастыратыны- өз-өзін бағалау. Оқушы тарапынан танымдық әрекеттерді қалыптастырып, дамытатын құралдар: есте сақтау қабілеті, өз-өзін ұстау қабілеті, ынта, еңбексүйгіштік, өздігінен жұмыс істей білу, логикалық ойлай білуі, танымдық қызығушылығы.

Сабақ процесінде сөздік қорды байытудың көптеген жолдарын пайдалануға болады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту, әңгіме, өлең оқытып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттату. Мәтін бойынша өз ойын айтқызу, өздеріне әңгіме құрастырту, сөз тіркестері мен оралымдарды күнделікті тілдесім жағдаяттарында қолданып, тұрмыста қолданылатын сұхбаттарда қатыса алатындай ету. Әңгіменің мазмұны күнделікті өмірдегі қоршаған құбылыстардан бастала отырып, оқушылардың қиялын, арманын суреттейтін тақырыптарға дейін қамти алады. Мысалы, әлеуметтік- тұрмыстық ая бойынша 6 сынып оқушыларына: «Дос қандай болу керек?», «Отбасымда ақша қалай үнемделеді?», «Қандай сыйлықты ұнатасың?», 7 сынып оқушыларына: «Отбасы мерекелері қалай тойланады?», «Демалысты қай жерде өткізген дұрыс?», «Досыма не тілеймін?», 8 сынып оқушыларына: «Мен жанұядағы дәстүрлерді жалғастыра аламын ба?», «Мен шын доспын ба?», «Менің арманым...», «Азамат болу-парыз дегенді қалай түсінесің?» т.б.; Әлеуметтік- мәдени ая бойынша 6 сынып оқушыларына: «Жол ережелерін білесің бе?», «Қала тазалығына қосар үлесім», 7 сынып оқушыларына: «Біз қонақты дұрыс күтеміз бе?», «Ұлттық киімдерді күнделікті киер ме едің?» (киім үлгілерін ұсынады), 8 сынып оқушыларына «Мен қалам үшін не істей аламын?», «Мен қала әкімі болсам ...», «Бүгінгі Қазақстан туралы өз ойым», «Сенбілікте» т.б; Оқу- еңбек аясы бойынша 6 сыныпта: «Мен қандай оқушымын?», «Менің денсаулығым», 7 сынып оқушыларына: «Компьютерге деген отбасымның көзқарасы», 8 сынып үшін «Салақтық деген не?», «Табиғат туралы ойым» сияқты түрлі ой қозғайтын, ішкі жан дүниесімен қабылдайтын тақырыптарға түрлі тапсырмалар беруге болады. Мұғалімнің негізгі мақсаты- оқушы қиялын дамытуға мүмкіндік жасау. Ертегі құрастыруда ең алдымен оқушылардың білетін, оқыған ертегілерінің мазмұнын жаңарта отырып, ертегінің соңын өздерінше аяқтауларын талап етеді

Менің оқу әдісімнің мазмұны -оқушыларымның үйреніп отырған оқу материалымен әрекеті. Сабақта жетістіктерге бағыттайтын жұмыс түрлері көптеп қолданылады: жаттығу жұмыстары, грамматикалық, лексикалық тестер, өздік, жұптық, топтық бақылау, сөздік жұмыстары, диалог түріндегі түрлі ситуациялық жұмыстар, мәтінмен жұмыстың көптеген түрлері.

Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.

Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты- білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы. Сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқыту, оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады.

Дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады. Дамыту оқушының логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Оқушыларға беретін тапсырмаларда дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.

Сабақта мұғалім синонимдік, антонимдік, түсіндірме сөздіктер немесе аударма сөздіктер бойынша «Мына сөздердің мәнін, мағынасын анықта» деген сияқты тапсырмалар беріп отыруы керек.

Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында

Е.И. Пассовтың коммуникативтік оқыту әдістерін пайдаланамын. Бұл жерде айта кететін жағдай біздің қаламыздың № 39 орта мектебінде гимназия сыныптарына қоса норма сыныптары бар. Онда оқитын оқушылардың білім деңгейлері бірдей емес. Сондықтан мен әдістің негізін құрайтын мынадай қағидаларды ұстанамын.
1. Оқушының сөйлеу бағытын анықтау.
2. Оқушының жеке басының ерекшелігін ескеру.
3. Орта жағдайын ескеру.
4. Сөйлеу дағдысын жаңарту.
Оқушы оқу кабинетіне кіргеннен қазақ тілінде сөйлейді, жүздеседі. Сабақ үстінде ребустар, анограммалар, жұмбақтар шешіп, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштар айтады, тағы да басқа қосымша материалдар беріледі. Суретпен жұмыс істеймін, диалог, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, артынан қысқаша осы тақырыпта шығарма жаздырамын, өз ойларын айтқызамын яғни деңгейлеп саралап оқыту технологиясы іске қосылады.
Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор. Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
- Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін біліп қана қоймай, оны дамытады;

- Өз бетімен іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;
Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:
1.Білімі жоғары оқушылар қабілеті мен икемділігін одан әрі бекітеді, білімі төмен оқушылар оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Қазақ тілін оқытуда қолданатын, оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірі - интерактивті әдістер . «Интерактив» сөзі бірлесіп әрекет ету деген мағынаны білдіреді. Мұндай сабақты ұйымдастыру мұғалім мен оқушыдан үлкен белсенділік пен шығармашылықты қажет етеді. Интерактивті әдістеріне мыналар жатады: пікірсайыс әдісі, ми шабуылы, эвристикалық әдіс, «Дөңгелек үстел» әдісі,іскерлік рөлдік ойындар;
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ - жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, Эвристикалық немесе «Сократ», «Дөңгелек үстел», «Ми шабуылы» т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс-тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын.
Әрбір педагог баланың қабілеттерін анықтап, кеңінен дамытуға мүмкіндік жасау керек. Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз байлықтарын дамытып шығармашылыққа баулитын жұмыстардың бір түрі-өлең құрастыру. Бұнда өлеңдегі ұйқастарды табу, ұйқас варианттарды ойлау, өз бетімен өлең құрастыру сияқты жұмыс түрлері орын алады. Бұл орайда оқушылар өлең жолдарына сүйене отырып, оның жаңа вариантын өз ойынан құрастырады, немесе берілген екі жолды өзі жалғастырады. Шығармашылықты дамытуда ерекше орын алатын жұмыстың бірі айтылып кеткендей- ертегі, әңгіме құрастыру. Бұл жұмыс түрі алдымен ауызша жүргізіледі, кейін оқушылар өз ойын, қиялын қағаз бетіне түсіруге жаттығады. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, қызықты және болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

Сабақты жоспарлауға қойылатын негізгі талаптар:

1. Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударту;

2. Сабақтың мақсатын нақтылау;

3. Пәнге қызықтыру;

4. Көрнекі құралдарды нақтылау;

5. Мысалдарды өмірмен байланыстыру;

6. Топпен, жеке оқушымен жұмысты әр түрлі ету;

7. Оқушылардың алдына проблема қойып, оны ізденіске баулу;

8. Сабақты басқа пәндермен ұқсастығына қарай түрлендіру;

9. Оқушылардың шығармашылыққа баулу;

10. Бағалау;

11. Үй тапсырмасы уақытында түсіндіру;

Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.

1. Білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Оны қандай мөлшерде, қалай қабылдату керек?

2. Үйрету. Осы білгенін оқушы қолдана ала ма?

3. Тәрбиелеу. Оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу;

4. Дамыту. Оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шындай отырып, өмірге көзқарасын қалыптастыру, бағыт-бағдар беру.

Баланың жеке басын құрметтей отырып, білім беру - қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Халперн Дайана. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. - Санкт-Петербург, 2002.

2. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. - Алма-Ата, 1985.

3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы студентті дамыту құралы ретінде. - Алматы, 2002.

4. Жұмабаев М. Педагогика. - Алма-Ата, 1992.











7

© 2010-2022