Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану/мақала/

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлытау ауданына қарасты №11Қоскөл орта мектебінде қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану» тақырыбында екі күнге жоспарланған әдістемелік күндер өткізілді.

ББҰ шешімі бойынша «ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп атаған болатын.Себебі, ХХІ ғасыр -сандық ақпараттық техникалардың шарықтау шегіне жеткен дәуір.2010-2011жылдарға арналған бағдарламаның басты жаңалығы білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізудің тұжырымдамалық негіздері- ұстаздардың ақпараттық-коммуникативтік және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру екені баршаға аян.Осы мақсатты жүзеге асыруда ұйымдастырылған семинар «АКТ-ны оқыту үрдісінде қолдану» тақырыбындағы баяндамасымен ашылып, «электронды портфолио құру талаптары» сарамандық жұмысымен (баяндамашы -әдіс бірлестік жетекшісі Р.Т.Ибраева), «Тұрақтылық стратегиясы» (қазақтілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы К.Т.Кожахметова) тақырыбындағы түсіндірме жұмысы бойынша жалғасын тапты.Баяндама барысында білім берудегі жаңашыл идеяларды оқытуда жүзеге асыратын ұстаз пәндік, педагогикалық, технологиялық білім салаларына құзіретті болу керектігіне баса назар аударылды. Үш білім салаларының қиылысу нүктесінде Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқандығын түсіндіре отырып, осы үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабылетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады деген ой тұжырымдадық.Алғашқы күн «АКТ құзыреттілігінің үлгілік базасындағы құзіреттіліктердің» ұстаз бойында қаншалықты қалыптасқандығын анықтау бағытында он сұрақтан тұратын сауалнамаға жауап іздеумен қорытындыланды. Технология пәні ұстазы - Б.Мәделхановтың «Сандық сауаттылық таныстырылымы» тақырыбындағы жұмыстары, ағылшын тілі пәні ұстазы Т.Жандильдинованың «ЕхсеІ, мой файл, электронды почта, Актіvstudio» программаларымен дайындаған сарамандық жұмыстарымен басталды. Үш топқа (CoogIe, You Tube, Kiwi) бөлінген ұстаздарымыз сандық технологияларды сабақ кезеңдеріне енгізе отырып үлгілік сабақ жоспарларын жасады. Заманауи сандық технологияларды пайдаланып өткізген сабақтардың тиімділігі, бағалау және пайдалану жүйесіде уақытылы өзгертіп отыруды талап ететініне көз жеткізді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, ұстаздарға сабақ өткізуде көмектесетін маңызды құрал болып табылатындығын -тарих пәнінің ұстазы Е.Түсіпбеков «электронды тест құрудың тәсілдері» тақырыбындағы жұмысында көрсете, түсіндіре білді. Мақсатымыз орындалды семинардың әр күні ізденіске, өзара тәжірибе алмасуға, әріптестерімізді жаңа қырынан тануға үлкен мүмкіндік берді, әрине бұл игі іс білім сапасының өсуіне, дарындыны танып білуімізге өз ықпалын тигізері сөзсіз. Елінің болашағына алаңдаған Елбасымыздың «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» ұлағатты сөзі әр ұстаздың жүрегінен орын алса елімнің болашағы жарқын, қадамы нық боларына сенімдімін.

Тлеуова Шайзат Дюсеновна

Оқу ісінің орынбасары, химия пәні мұғалімі

«№11қоскөл орта мектебі»КММ ,Ұлытау ауданы






Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану/мақала/




Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану/мақала/



Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану/мақала/Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану/мақала/





Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану/мақала/









© 2010-2022