Баяндама Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе қаласы №18 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Халиева Гүлсезім Тілекқабылқызы

Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру

Оқу барысында оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру керек.Яғни,дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.Тіл өнерін аса жоғары бағалаған халқымыз әр сөздің мағынасына жіті көңіл бөліп ,көркем сөйлеуге ,әңгімелесу барысында тыңдаушысын баурап алуға,оларды тәрбиелеп отыруға ертеден-ақ көңіл бөлген.

Үлкен жиындарда:қыз ұзату,келін түсіру,шілдехана тойларында ,ұлттық сауық сайрандарда,ас беру кезінде көңіл көтерерлік,жастарға тамаша тәрбие берерлік көркем жырлар туындаған «Той бастар», «Жар-жар», «Беташар» жырлары тілінің тазалығымен ,жеңіл әзіл стилімен, ақыл-кеңестерімен,тәрбиелік мәнімен тыңдаушы қауымның жанын жадыратып,бойын сергітеді.

Сондай-ақ елдің әдет-ғұрпына,тұрмыс-салтына байланысты туған ұсақ жырлар: «Қоштасу», «Жоқтау», «Көңіл айту», «Естірту», т.б. халық ойының өте ұшқырлығын, тіл мәдениетінің жоғарылығын,астарлап,тұспалдап,орағытып сөйлеуге өте шеберлігін ,таңдайынан бал тамған шешендігін, лексикалық байлығының молдығын көрсетеді.Мұндай туындылар ұрпақты мейірімділікке, бауырмалдыққа,адамгершілікке тәрбиелейді.Мысалы:

«Қарашаш сұлудың қайтыс болғанын естірту»

Әз-Жәнібек хан: «Жиреншеге біз естірте алмаспыз,өзіне-өзі естіртсін,ешқайсың сездіріп қоймаңдар,»-деп уәзірлерімен сөз байлап қояды.

Хан Жиреншеге:

-Ау,шешенім,әкесі өлген қалай болады?-депті.Жиренше отырып:

- Әкесі өлген,асқар тауының құлағанымен бірдей болады.

-Шешесі өлген қалай болады?

-Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.

-Ағасы өлген қалай болады?

- Оң қанаты қайырылғанмен бірдей болады.

-Інісі өлген қалай болады?

-Сол қанаты қайырылғанмен бірдей болады.

-Апа-қарындасы өлген қалай болады?

-Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.

-Қатыны өлген қалай болады?

- Ах !.. Менің Қарашашым өлген екен ғой?-депті Жиренше.

« Махамбеттің Исатайды жоқтауына» кезек берелік.

...Тайманның ұлы Исатай

Ағайынның басы еді,

Исатайды өлтіріп,

Қырсық та шалған біздің ел!

...Айтып-айтпай немене?

Исатайды өлтіріп,

Серкесінен айырылып,

Сергелдең болған біздің ел.

«Әбдірахман өліміне»:

Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің.

Бір ғылым еді іңкәрің,

Әр қиынға сермедің.

Көзіңді салдың тұғырға,

Бейнетін қиын көрмедің.

Бірге оқыған құрбыңа

Бас бәйгені бермедің.

Бала болдың,жас болдың,-

Жалғандыққа ермедің.

Төре болдың,бас болдың,-

Көкірегіңді кермедің.

Ел ішіне сау келсең,

Тағылым айтпас ер ме едің?!

Жол көрсетіп сонда өлсең,

Арманым бар дер ме едің?!

Іздеп табар жалғаннан

Бала берген пенде едім.

Пенде өлмейді арманнан,

Мінеки,мен де өлмедім.(Абай)

«Орынбай ақынның Шыңғыс пен Зейнепке Шоқан өлгенде көңіл айтқаны»:

Уа,Шыңғыс,Зейнеп ханым,көтер басты,

Қай қазақ ой ойлаған сеннен асты?

Баласы жеті момын келіп тұрмыз,

Күңіреніп босағаңа төгіп жасты.

Тарихтан талай адам көрген едік,

Қызықты нелер дәурен сүрген едік.

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше,

Шоқандай науша жасты көрмеп едік.

Қыршын жас ,қайран Шоқан өткен бүгін.

Күйзелтіп елі,жұртын кеткен бүгін.

Аяулы жарқын жүзін еске тастап,

Дуниеден ем таба алмай өткен бүгін.

Әуелде солай жаза,не істейсің?

Бұйырса тағдыр,қалай бас имейсің?

Қайран жас қызғыш болған халқы үшін,

Қалайша қазасына күйзелмейсің ?!

Тұлпар бар ма тұяғы майрылмаған?!

Сұңқар бар ма қияғы қайырылмаған?!

Қашан да тағдыр -ажал жеткен күні

Кімдерден кімдер жылап айырылмаған!

Данышпан халқымыз тілді қару ретінде жұмсап,тауып сөйлер шешендігімен кейде өлім қаупінен де құтылып отырған. «Жылы ,жылы сөйлесең,жылан інінен шығады»деп,жағымды ,әсерлі сөздер тауып айтуға шақырады.

Тіл мәдениеті деп сөйлегенде ,жазғанда тіл құралдарын (сөз,сөз тіркесі мен сөйлем түрлерін)дұрыс қолдануды айтамыз.

Бірақ күнделікті өмірде көпшіліктің сөйлеуінде тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін кемшіліктер,кісі тосырқап қарайтындай ерсіліктер кездесіп отырады. Ана тілін шұбарлап,бөгде тілдің сөздерін араластырып сөйлейтіндерді жиі байқаймыз.Көптеген жастар тұрпайы сөйлейді.Тіліміздің фонетикалық,лексикалық,грамматикалық нормалары мен заңдылықтарын ескермейді,қазақ тілінен алған теориялық білімдерін пайдалана алмайды, сөйлегенде тыңдаушы өзінің ойын ұғып, сезіп тұр ма,жоқ па, онымен санаспайды. Басқа тілдің сөзін араластырып сөйлеу мәдениетсіздік екенін аңғармайды.

Белгілі жазушы Т.Ахтанов өз шығармаларында кейбіреулерінің әңгімелесу кезінде бөгде сөздерді нормадан тыс араластырып сөйлейтін ерсіліктерді сынаған. «Сәуле» атты драмалық повестегі кейіпкерлерінің әңгімесінде мынадай сөздер кездеседі:

«Алдаберген: -Жазушы деген жақсы ойнайды деуші еді...Қап,сен қарғадан жүргенде,Бөпежан без двух отыр еді. Сен бардың ба?..

Бөпежан (Сәулеге):Пәлі,с приездом!

Гүлжан: Ылғи жұпыны киінуші еді.Теперь настоящий шик. Мама,осы жарасады...»

Сөздерге тиісті қосымшалардың нормаға айналған түрлерін орынсыз жалғап қателесу жиі кездеседі. Мысалы:бетін сүйді -бетінен сүйді ,бір қора қойлар-бір қора қой,төсектегі жатқан-төсекте жатқан,т.б.

Сонымен қатар сөздерді дұрыс байланыстырмай, орынсыз тіркес құрау,сөйтіп сөйлем құрылысы мен мағынасын бұзатын кемшіліктерге көркем әдебиеттегі, газет-журналдардағы әңгімеден,повестердің кейіпкер тілдерінде көптеп кездеседі.

Кейбіреулер тіпті айтайын деген ойын жарыққа шығармай,сөйлемнің соңын жұтып та сөйлейді.

Кейіпкерлер тілінде кездесетін мұндай кедір-бұдырлықтар күнделікті өмірде жиі кездеседі.Сондықтан жазушы өмірден алып жазады.Кейіпкерлердің тілі,іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы олардың бейнесін жасайды.Дәл осындай кемшіліктер жіберіп сөйлейтін адамдар арамызда жүргенін еске салады,тіл тазалығын сақтап сөйлеуге жеттелейді.

Оқушыларды осындай қателік жібермеуге,таза да,көркем сөйлеуге үнемі тәрбиелеп отыру керек.









Ақтөбе қаласындағы №18орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Г.Т.Халиеваның «Оқушылардың тіл мәдениетін

қалыптастыру»атты баяндамасына

Пікір

Баяндаманың тақырыбы: «Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру»

Тіл мәдениетін қалыптастыру баяндамасының мақсаты: XXIғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпақтың өз ана тілінде сауатты, шебер, шешен, көркем сөйлеуі- педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.Себебі , қазіргі таңда «мәдениетті болу», «білімді болу»сөзінің мағынасын «басқа тілдерді меңгеру,жетік білу» деп ойлап жүрген жастарымыз бар. Бірақ оның олай еместігін,алдымен өз ана тілімізді мәдениетімізге сай жетік білу керектігімізді оқушыларымызға сабақ сайын, сағат сайын айту керектігі, оның жолында түрлі жұмыстар атқару керектігі сөз болып отыр.Өзіміздің ата -бабаларымыздың естірту, көңіл айту, тілек айту, т.б. жағдайлардың өзінде тіл мәдениетің сақтағандығы, одан кейін жастарымыздың тілімізді шұбарлауы сөз болады.

Баяндама тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі деп санаймын.



Жаңа технологиялар және жаратылыстану

ғылыми(гуманитарлық)пәндерді

оқыту әдістемесі кафедрасының

аға оқытушысы Уралбаева Л.Ш.





© 2010-2022