Тәрбие сағатты: Сен де бір-кірпіш дүниеге…

Мақсаты: балаларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сен де бір- кірпіш дүниеге…

Мақсаты: балаларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктер, оны дамыту, жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту; бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету; мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы жарнамалар жасау;
Көрнекілігі: Кештің тақырыбы, слайд
Жүру барысы:
І- жүргізуші:
Құрметті тәрбиешілер,балалар, бүгінгі кеш қонақтары- балалар үйінің түлектері.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір- кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан - дей отырып, бүгінгі балалар мен студенттер кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.
ІІ- жүргізуші:
Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең, құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін- деп кешегі балалар үйінің түлектерін, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.
(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).
І- жүргізуші:
Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең- мектеп- ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз.Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.
ІІ- жүргізуші:
Осыған орай өткелі тұрған студенттермен балалар арасындағы дәстүрлі кездесу кешіне арналған «Сен де бір - кірпіш дүниеге…» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
І- жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,- деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін береміз.
Ән: «Мектебім»
ІІ- жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйінемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады қздеріңнен деп білемін
І- жүргізуші:
Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,- деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарығыз жөнінде айтып берсеңіздер. (Студенттер сөз алады. Кітапқа қолтаңба қалдыру үшін
« » кітабы ұсынылады).
Ендігі кезекті балаларды толғандырып жүрген сұрақтарына береміз.(балалар және залда отырған көрермендер сұрақ қояды).
Сіздердің назарларыңызға «Студенттік кездер- ай» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынамыз. Бұл бейнеклип студенттердің сабақтан тыс кездегі кезеңдері. Бірге тамашалайық!
ІІ- жүргізуші:
Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім,

І-жүргізуші:
Біздің адами қасиеттерімізді қалыптастырып, тәрбиелеп өсірген аға буын өкілі, яғни, бүгінгі ардагер ұстаздар. Олар да кезінде біз бен сіз сияқты сан мың шәкірттерді үкілеп, баптап, ұясынан ұшырған.

Үздіксіз жалғап келеміз,
Жолдарын аға буынның.
Өздерің, сірә, болмасаң,
Кім болар едім мен бүгін.
Қазіргі орындалар ән өздеріңізге арналады, қадірменді тәрбиешілер!
І-жүргізуші:
Бастайық қызық думан, ойын шартын,
Кім тапқыр сол адамды мойындайтын
Ойменен, ақылменен, санаменен,
Білген жөн бәрімізге заман нарқын,- дей отырып, кешіміздің келесі бөлімін студенттер сайысатын қызықты ойын «Тапқыр достар» ойынына береміз.

«Тапқыр достар» ойыны.
І-тур. Таныстыру.
ІІ-тур. «Сөз тапқанға…» ( Топ басшылары шығып, шар үру арқылы бір сөзге мағына келтіру).
ІІІ-тур. Кім жылдам? (Бір ойыншы шығып, берілген сөздерді іс-қимыл арқылы өз тобына жасыру).
ІV - тур. Сен білесің бе? (Сурет бойынша мақал-мәтелдер құрастыру).
V-тур. «Өнерпаз болсаң…»
ІІ-жүргізуші:
Қанатты асау тұлпардай,
Қанаттарың талмасын.
Қалықтаған сұңқардай,
Талаптарың самғасын.
Ендігі кезекті студенттер кешінің символы болған « Естеліктер» кітабын кейінгі толқынға тапсыру үшін сөз кезегін балаларға береміз.

І-жүргізуші:
Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас-қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына.
Бүгінгі салтанатты жиынымызды қортындылаймыз.
ІІ-жүргізуші:
Балалықпен қоштасып, даналыққа беттедің,
Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің.
Арманның шығып шыңына мақсатыңа құлаш ұр,
Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертеңін.
І-жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін,- деп Мағжан ақын жырлағандай, еліміздің ертеңгі болашағын жалғаушы сендер жас ұрпақ, жеткіншектер.

© 2010-2022