Конспект урока на тему: Сөзмерген

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект урока на тему: СөзмергенСабақтың тақырыбы: Сөзмерген

Сабақтың мақсаты: оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ажырата білуге, олардың мәнін дұрыс ұғынуға баулу,ана тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру,ұлттық қадір қасиетті тануға баулу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Армысыздар,алқалы жұрт көз көрген,

Құралсыншы ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.

Тіліміздің тереңдігін,байлығын да көрсетер

Алдыңызда тіл сайысы -«СӨЗМЕРГЕН»!

5 сыныпта өткен лексика саласы бойынша қайталауға арналған сабақ.

Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де,жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де,жылағанды жұбатып,күлгенді жылатанды да-осы тіл. Ең ащы да-тіл,ең тәтті де -тіл.Қазақ тілі-дүние жүзіндегі бай,бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал-мәтел үлкен орын алғандықтан бүгінгі ойын көбіне сол төңірекке арналған.

Ал енді осы оқушылардың қайсысы оза шабатынын,қайсысы ең алғаш боп бәйгеге жететінін бақылайтын және әділ баға беретін әділқазыларымызбен танысайық.

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Бупешова Райхан Аблазимовна

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Құлтаев Нұрғазы Өмірбекұлы

Орыс тілі мұғалімі: Кудренова Разия Мағжановна

«Жүйрік болсаң,шауып көр».

Тұрақты сөз тіркестерін тауып,мағынасын ашамыз.

1)Құлын,ат,тай,жылқы.(таңба басқандай)

2)Жылқы,қой,түйе,сиыр.(аузынан шөп алмас)

3.Сүйек, қаңқа,ит,ет.(терісін басына қаптау)

«Мықты болсаң тауып көр»

Бұл кезеңде берілген сөздерден мақал құрамыз.

1. асқар,ағып,тау,бала,жатқан,әке,бұлақ.

(______________________________________________________)

2.тамған ,тамар,у,бал.тілден.,

(______________________________________________________)

3.үйдің ,жылы туған,түтіні.

(______________________________________________________)

4.шықпас шаңы,үні,жаяудың, жалғыздың.

(______________________________________________________)

5.қорқытады,терең,көп,батырады.

(______________________________________________________)

«Кім жылдам?»

Слайдта берілген сөздердің синонимін табамыз.

Нәр сызбау, сөзге келу, езу тарту, жақ ашпау, бетінен оты шығу, көз тігу.

Берілген тұрақты тіркестің мағынасын ашу:

Бармағынан бал тамған.

Ат құлағында ойнайды.

Бармақ шайшап қалу.

Жүрегі тас төбесінде шықты .

Төбесі көкке жету

Қырық пышақ болу

Ит өлген жер

Тіс жармады

Қыздың жиған жүгіндей

Жерден жеті қоян тапқандай

Табу сөздерін тап

Қасқыр

Жылан

Төре жігіт

Сұлуым

Антоним сөздер

Көңілді-

Құпия-

Ұсақ-

Сараң-

Диалект сөздердің мағынасын анықтау.

Тұқым

Жар

Сым

Маңлай

Зілдей

Нән

Құдағай

Кірме сөздердің қай тілден енгенін көрсет.

Адам

Шәйнек

Ғибрат

Жасақ

Алтай

Емтихан

Тұрба

Мектеп

Жәшік

«Ойлы болсаң,озып көр» (эвфемизм-дисфемизм)

Сөзуар

Ақ саусақ

Мүгедек

Ұры

Соқыр

«Мақалмен жауап»

Яғни мен қойған сұраққа мақалмен жауап бересіздер.

1.Жылан інінен қалай шығады?

Жылы-жылы сөйлесең жыланда інінен шығады.

2.Қар жана ма?

Қалауын тапса қар жанады

3.Инемен құдық қазуға бола ма?

Оқу инемен құдық қазғандай.

4Ең тәтті не?

Ананың сүті тәтті,баланың тілі тәтті

5.Не қорқақ,не батыр?

Көз қорқақ,қол батыр.

6.Оттан да ыстық не?

Отан оттан да ыстық.

7.Шошқа үре ме?

Ит жоқта шошқа үреді.

8.Ер қаруы нешеу?

Ер қаруы бес қару.

9.Отқа түсіп күймеуге бола ма?

Отан үшін отқа түс күймейсің.

10.Жігітті шал деген жөн бе?

Күз туралы бір шумақ өлең шығару.

Ал енді қатысушылардың ұпай санын анықтап,жеңімпаз оқушыны анықтайтын кез келді.Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Міне,осымен тіл мерекесіне арналған «Сөзмерген»сайысы да өз мәресіне жетті.

Ата-бабаларымыздың аманаттап кеткен асыл қазынасын мына жаһандау заманында жоғалтпай, құндылығын арттыра берейік!

Степногорск қаласының ББ

Қарабұлақ селолық ОМ



6 «А»сынып

(Лексика саласынан өткенді қайталау)

Өткізген: қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Қарағұлова Әсия Қойшанқызы



2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022