Қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ Батыр Баян

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

күні

8 сынып Қазақ әдебиеті

Жексенова А.

тақырыбы

М.Жұмабаев. «Батыр Баян» (2-сағаты)

мақсаты

Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже

А - поэманы оқып, мазмұнын түсіну;

В - кейіпкерлерімен танысып, құрылымдық талдау жасау;

С -Туған еліне жеріне, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.


Аралас кіріктірілген сабақ.

Негізгі идеялар

Көркем сөзді тану, көркем әдебиеттің бағасын тану, ана құдіретін сезіну

Сабақтың әдісі

«Қарлы кесек»,сатылай кешенді талдау, пікірталастық әңгіме, шығармашылығын дамыту,

Педтехнология:

СТО, ЖЕ, ТжДОЖ, ОмОЖТ, ОмОБ

Сабақ көрнекілігі

Оқулық, портрет, бейнеролик, кеспелер, ресурс қағаздар, слаид

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушы әрекеті

мадақтау

Ұйымдастыру

сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;

Сабақ критерилерін таныстыру

Жинақталады.

сабаққа назар аударады


Ойтүрткі


«Одан кейін Мағжанды сүйемін...» ары қарай кім жалғастыра алады?

-Бұл сөзді,қазақтың аяулы ақынына бұндай бағаны кім берді, балалар?

«...Оның Европалығын....

Осы күннен ертеңге жетер сөз - Мағжанның сөзі» Мұхтар Әуезов.


«үш шапалақ»

Топқа бөлу Слайдпен жұмыс


Түсті қиындыларды ұсынамын.

ою, күн, қыран, сәйгүлік бейнесі нені еске түсіреді?

Қандай символдық белгілер ?

ҚР мемлекеттік рәміздерін атайықшы.

Берілген кеспелердің артындағы Мағжанның өлеңдерін табады

Түсті қағаздарды таңдап, топта қиындыларды құрастырады,

(ұлттық ою, пырақ, күн, қыран) топ атын қояды.

Рәміздерді ретімен атайды.

оқып, жалғастырады, қай өлең екенін табады

«Бас бармақ»

Дұрыс жауап 1 ұпай

Қызығушылығын ояту

Слайдпен

Бейнеүзікпен жұмыс


  • Бұл өлеңдердегі басты тақырып не?

  • Биыл еліміз тәуелсіздігін алғанымызға неше жыл

"Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік - кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі." «Тәуелсіздік толғауы )

Фильмнен үзінді көру

  • Ана, туған жер, ұлт тағдыры мен тарихы ақынның басты сыры да, мұңы да, басты жыры да болғанын көреміз.

" Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегінен.

Бірге оқиды


Мұғалім аймағы

Балалар, біз XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын өткен сабақта оқып танысқан болатынбыз. XVIII ғасыр - қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих - шындық.

  • Ұлт үшін өзін құрбан еткен Мағжан ақынның поэмасын талдап, талқылайтын боламыз.Топтарға осы бағытта тапсымалар мен талдаулар беремін. Топтарға барлық балаға тапсырма беріледі, оқушылар деңгейіне қарай тапсырманы таңдап алады.


Мағынаны тану. Білу

А сұрағы


№1. Мағжан Жұмабаев туралы не білесің?

№2. Абылай хан туралы не білесің?

№3 Батыр Баян туралы не білесің?

№4 Ақтабан шұбырынды туралы не білесің?

Баян -тарихта болған уақ руының шоға деген тайпасынан. Ұрпақтарының айтуы бойынша 1700-1757 жылдар арасында өмір сүрген батыр. Баянды Абылай ханнның аса қадір тұтып, «Ақылы ерлігіне сай, бар батырым бір төбеде, бұл-бір төбе» деп отырған Бұл оқиға өмірде болған. Қалмақтар алдап,Қытай асып кеткені Шоқан мақаласында да жазылған. Тек Баянның қайтар жолда ауыз судан ұшынып қайтыс болғаны поэма сюжетіне кіргізілмеген. Баянның ұрпағы Зейнелло Олжабаев Қарағанды жерінде өмір сүріп отыр.

Ұпай беру арқылы бағалау парағын толтыру

Түсіну

Б сұрағы

Шығарманың композициялық құрылысын талдау


№1. Оқиғаның басталуы мен дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі

№2 - эпитеттерді табу

- теңеулерді табу

№3 - метафораларды табу

  • портрет пен пейжаз табу

№4. «Батыр Баян» поэмасының басты тақырыбы Идеясы:

Эпитеттер: Сұм өмір, қу өмір, қыран көз, тас жүрек, Бұйра сыпсың қарағай, найза қия, толқыны тұңғиық жыр, сұм садақ т. б
Теңеулер:Ертегідей, Меккедей, ашуы жауған қардай, жолбарыстай, көшкен бұлттай, қара тастай, жібектей, оқ жалындай, аш бөрідей, судай тасты, ақ сұңқардай.
Метафоралар:Өмір- абақты, сөз -сиқыр, Сарыарқа - сары дария, Бурабай - Арқа аралы, тілің -шаян, шаңы - бұлт, көкжал қарт қыран

- Туған елді, жерді қорғау.

- Батыр Баян бейнесі арқылы батырларды дәріптеу

бағалау парағына толтыру

Қолдану

Г сұрағы


№1. Ноян мен Қалмақ қызының образын сахналау

№2.Баянның ашулы әрекетін мәнермен көрсету

№3. Баянның өкінішін мәнермен көрсету

№4. Баянның соңғы айқасқан сәттерін оқу

Сахналау,

Мәнермен оқу

бағалау парағына толтыру

Талдау

Д сұрағы

№1 Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.

Бұл шумақтарда ақын не айтқысы келді? Ақын неге зарлы?

№2 Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар,
Әдемі ертегідей баяғыда.
Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма?

Ақынның неге «сұм өмір» дейді? Ақын неге ертегіні айтуға мәжбүр?

№3 «Қанды ор боп ақын жолы қалады да» деп ақын неге айтып отыр?

№4. «Артында-ор, алдында көр, жан-ағы жау,Дағдарған алаш енді қайда бармақ?» Оқиға қай кезеңде болған? Алаш деген кімдер?

- «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп қызыл империяға ашықтан-ашық айып тағады.

-«Қызыл тілім кісендеулі» - тіл бостандығының жоқ екені;

«Сұм өмір күшті уын аяды ма?» - деп өзінің ауыр тағдырын қоса жырлайды.

-Ақынның жолы «қанды ор боп қалады» деп ақын күңіренеді, толғайды көзіне жас алады. Азаматтан дос таба алмай, қаламымен сырласады.

1917 ж. ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы Ә. Бөкейханов. Қазақ тілінлегі басылымдар шығарды, оқу-ағарту, тілді, дінді, ұлттық салтты сақтау идеясын қолдады.

Бағалау парағына толтыру

ІІІ. Рефлексия

Жинақтау

С сұрағы

Пікірталас

«Баянның інісі Ноянды өлтіруі дұрыс па?»

(ия/жоқ).

Айғақтар

: Қалмақ қызы: -Ер Баян бір жорықта еліме ойран салып, ата-анамның бауырынан шырқыратып алып кетті.

Ноян: Ұнаттым.

Жоқ : Дәлелдемелер

--1. Қызғаныш сезімі жайлағаннан кейін , Халық кегін, намысын алға тартып, сұлу үшін өш алды.

2. Туғанын, бауырын, жалпы кісі өлтіру қылмысқа жатады.

3. Ашу, жұрттың сөзіне арланды, жалған намыс.

Иа: Намыс, ер намысы, ел намысы

Жоғары дәлелдемелер мадақталды.

Бағалау

Шығармашылық жұмыс

Үйге тапсырма

Эссені аяқтау

Баянның бейнесі арқылы тәуелсіздік жолындағы күрес біртіндеп айқындалды. Баян ел үшін, ел намысы үшін барлығын құрбан етті. Тәуелсіздік - Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елімдеп еңіреген перзентіМағжанның кеудесін жарып шыққан ыстық арман.



аты

Білу

түсіну

Қолд.

талдау

Шығарм.

Барл.ұпай

баға

«Баянның ерлігі елге мұра» тақырыбында шағын эссе жазу

Бағалау парағына толтыру



© 2010-2022