Доклад на тему Өлшемдік бағалау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» модулін информатика курсында тиімді пайдалану жолдары


Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Шанарбаева Куланда Абдрамановна

Мекен жайы: Төлеби ауданы

Бірінші мамыр а/о Қонаев көшесі №97




2014-2015 оқу жылы

Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ - еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан - жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.



Бүгінгі күн ерекшелеіктерінің бірі жаңа технолгиялардың өте шапшаң дамыу мен ақпараттың шамадан тыс көп болуы. Оны игеру мен өз қажетіне жаратуда адамның биологиялық мүмкіншіліктерінің барлық уақытта жеткіліксіз болуы. Сондықтан да, қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер жүріп жатыр. Кеңестік замандағы «дәстүрлі оқыту» кезінде өзінің функциясын орындағанмен қазіргі таңда жарамсыз болып отыр. Егер менің оқу теориям о бастан дәл қазіргідей еді деп бастасам, бұл дұрыс болмас еді және менің оқу теория дәл қазіргі жағдайда нақты қалыптасқан деп айтсам да ол дұрыс болмаған болар еді. Менің оқу теориямның фундаменті құйылып, қабырғасы енді қаланып келе жатыр. Ендеше менің оқу теориямның өзгеруіне не ықпал етті? Менің бұрынғы пайдаланған «дәстүрлі оқыту» мен қазіргі білім беруде пайдаланып жатқан конструктивті тәсілдің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде? Ұқсастықтары: екеуі де оқушылардың білім деңгейін көтеруге бағытталған, сабақ сыныпта өтеді, баға қойылады т.б. Ал осы екі тәсілдің айырмашылықтарын білу үшін, оқушылардың білім деңгейі қалай көтереміз? Сабақ сыныпта қалай (топтық, жұптық т.б.) өтеді? Оқушыларға баға (формативті не суммативті) қалай қойылады? деген сұрақтарға жауап бере отырып та білуге болады. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры. Марғаулықты көтермейтін ғасыр. Тек білімді ел ғана өзінің тәелсіздігі мен болашағын қамтамассыз ете аламақ. Сондықтан білім беру мен білім алу тәлідерінің өзгеруі ол заңды процесс. Менің оқу теориям да инновациялық тәсілдерге негізделіп қалыптаспақ. Қазіргі оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғары деңгейде игерте алатын және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім саласында оқудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады. Бұл ұстаным білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуші мен үйретуші) бұрынғы авторитарлық қарым-қатынасын гуманитарлық қарым-қатынасқа өзгертіп отыр. Егер кешегі күні таным процесін біз «білім беру», «оқыту», «үйрету» деп түсінсек, бүгін бұл түсініктерді «білім алу, игеру», «оқу», «үйрену» деп өзгеріп отыр. Сонымен бірге инновациялық көзқарас оқудың негізін тек пәндер емес, ойлау мен рефлекцияға негізделген әдістер құрауы керек деп түсінеді. Менің оқу теориямдағы конструктивті әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, оқушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді, іскерлік ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатады, жағымды оқудың нысандары мен әдістерін өздігінен таңдау мүмкіншілігін береді. Сөйтіп үйренуші саналы және ерікті түрде білімді игерудегі ойлау тәсілдері мен үйрену әрекеттерін таңдайды, сол арқылы өз біліміне деген жауапкершілікті нығайтады.

Басқаша айтқанда, оқушылардың қоян-қолтық қарым қатынаста болуы, өзара бірлесе әрекет жасау, диолог арқылы «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші өзімен-өзі» («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер», «талқылау») форматтарында қарым-қатынас жасауы.

Менің оқыту теориямның басты мақсаты:

  • Оқып үйренуде білім алушы өз әрекеттерінің жемісті екендігін және өзінің білімді игеру дәрежесінің жоғары екендігін сезінетін және сенетін тиімді әрі жайлы жағдайлар жасау;

  • Оқушылардың ойлауын дамыту, өзіндегі бар білімді жаңа біліммен үздіксіз дамыту;

  • Үйрету мен үйренуді практикалық әрекеттерге негіздеу яғни білімді сыныптан тыс қолдану;

  • Өзара бірлесе жұмыс жасай отырып, бір - бірінің пікірін, ойын, ұсынысын тыңдай және бағалай білуге үйрету.

Сонымен менің оқу теориям бірлесе үйрену идеяларын ұсынады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымының ортақ мағынасына және соңғы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенінмен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге (білімге) қандай бірлескен оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. Бірлескен әрекеттер таным процесін өзара ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынасты (диологты) танымның басты құндылығына айналдырады.

Диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді.

Конструктивті тәсілге негізделген менің оқыту теориям білім алушыларды келесідей білім, білік, дағды, машықтарға, түсініктерге үйретеді:

  • терең ойлану:

  • ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу, талдау;

  • өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу, басқа да балама пікірлерді ескерту;

  • шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешу;

  • басқалармен тиімді қарым-қатынас құру.

Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып қана қоймай, өзінің білім деңгейінің қай дәрежеде екендігін анықтауға және олардың дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс- әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.

Менің оқу немесе оқыту теориямның жүзеге асу шарттары:

1.Ортада психологиялық климат орнату. Жағымды психологиялық климат топ құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігі. Бұл еркіндік өзара сыйластық, достық, бір-біріне бейімделу және бөтен нәрсені (басқаның пікірі, көзқарасын) жағымды тұрғыдан қабылдау мен оны түсінуге ұмтылудан, оған төзе білуден тұрады. Жағымды психологиялық климат құру әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты болуы керек. Ортада дұрыс атмосфере орныққан жағдайда ғана обьективті дұрыс бағалау орын алмақ. Тек осы жағдайда ғана бағаланушы төмен не теріс баға алғанның өзінде сол бағаның әділ екендігіне мойындай алады. Жағымды психологиялық климат орнату үшін әрбір топ мүшесі жұмыс жасау барысы мен нәтижелерін қуаттау, қолдау, қолпаштау, әрбір үйренуші мен бүкіл топқа көмек пен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық, бір-бірін тыңдай білу мен санасу, басқалардың нәтижелеріне шын көңілден қуану, өзгенің пікірін сөкпеу, сәтсіздік болған жағдайда кімнің кінәлі екендігін іздемей, оның себептерін талдап, болашақта оны болдырмаудың жолдарын қарастыру; жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдырды қолдану арқылы жаңалық енгізу, жұмыс барысы мен нәтижесінде туындайтын сәтсіздіктердің алдын алу, оларды болдырмауға ұмтылу. Жағымды психологиялық климат құруда сабақ барысында (қажет болған жағдайда сабақ ортасында немесе аяғында) үйренушілердің көңілін көтеру үшін, олардың назарын сабаққа аудару мен жұмысқа ынталандыру мақсатында ойсергектер (немесе ойашар деп те аталады) қоданған тиімді. Ойсергек үйренушіні еркін сезіндіріп, оны секемдік пен сенімсіздіктен арылтады.

2.Бірлескен топтық жұмыс. Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы тақырыптық тапсырмаларды бірлесе орындаған тиімді. Топтық жұмыстар үйренушілерде корпоративтік сезім қалыптастырып, сол арқылы ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ал «көптің түкіргені - көл» екендігі баршаға аян, ұжым болып қандайда болмасын тасырманы орындау жеңіл.

Бірлескен жұмыс барысында топ мүшелерінің барлығы да әрекетте болады, біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да әрекетте, барлығы да жұмыс нәтижесіне өз үлесін қосады.

Әдетте дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасаса (тапсырма орындау, жауап беру, талқылау, т.с.с.), топтық жұмысқа барлық дерлік оқушылар қатысады. Дәстүрлі сабақта үйренушілерді жұмысқа жұмылдырудың амалдары қатаң талап нысанында болса (бұйрық, нұсқау, жарлық, үкім), топтық жұмыста үйренушілердің санасына кеңес, сұраныс, ұсыныс арқылы ықпал жасайды. Дәстүрлі сабақта ұстаз үйренушілердің жұмысын бақылауға және бағалауға алса, топтық жұмыста бақылауды да бағалауды да топ мүшелерінің өздері жүргізуге болады. Яғыни топтық жұмыста оқушылар өзін -өзі, бір -бірін және оқытушы да бағалай алады және бағаны формативті түрде бере алады. Бұл процесс бағаның объективті болуын қамтамасыз етеді. Баға оқу үшін қойылады. Топтық жұмыс үйренушілерде ұжымдық сезімді қалыптастырып қана қоймай, бірлескен жұмыстың қызық әрі тартымды әрекет екендігін көрсетіп, жалпы еңбекке деген ынтасын арттыруы шарт. Топтық жұмыста оқушылардың бір - біріне деген сенімі мен ықыласы жұмыстың нәтижелі шығыуының кепілі.

3. Сәттіліке бағыттау. Біз әдетте сәтсіздікке көп көңіл бөлетін сияқтымыз. Тіпті қандай да бір іс жасасақ та, алдымен қандай қате жібергенімізді назарға аламыз да, ал қол жеткізген сәтіліктерімізге онша мән бермейміз. Бұл ұстанымның позитивтік көзқарасты дамытпайтындығы анық. Үйренуде өз жұмысы мен әрекеттерінің сәтті шығуына ниеттелмеген шәкірт өмірдің басқа да мінездерінде (жұмыс орнында, жанұяда, қарым-қатынаста) өз ісінің сәтті аяқталуына сенімі болмай, өзін әрқашанда «сәтсіз» санап жүретіндігі мүмкін.

Мына мысалды келтірейік: «Бостандығынан айырылып, зынданға түскен екі адам бір мезгілде бастарын көтеріп жоғары қарады. Біреуі зынданның аузын жапқан тордың білеудей темірлерін көрсе, екіншісі торлы темірдің арасынан аспандағы жұлдыздарды көреді». Үйренуде сәттілікке ниеттелу керек және аяққы нәтиженің сәтті болатындығы туралы ойды қалыптастыру қажет. Егер үйренушінің бойында өз ісінің сәтті болатындығы туралы сенім қалыптаспаса, оның үйренуге деген ықыласы мен ынтасының төменгі дәрежеде болуы ықтимал. Сол себепті де үйрену процесіндесәттілік жағдайын қалыптастыруға ұдайы көңіл боліп тұрған жөн.

Сәттілік жағдайын келесі тәсілдер арқылы қалыптастыруға болады:

- басты назарды жұмыстың сәтті шыққан жерлеріне аудару (мәселен, кері байланыста өз жұмыстарыңызда қандай мезеттер сәтті болды деп ойлайсыздар?», «Қандай жетістіктерге кол жеткіздініздер?» деген секілді сұрақтарға ауызша не жазбаша жауап беруді өтіну);

- жіберген қателерді кемшілік ретінде қабылдамай, оларды үйренудің занды көршісі деп түсіну;

- жазалау шараларын түзету әрекеттерімен алмастыру;

- әр үйренушіні тұлға ретінде сыйлау және одан ілтипат көрсету, олардың әрбір ниеті мен әрекетін қолпаштау, олармен жылы сөйлесу секілді «Жұмсак», «сабырлы» коммуникативтік тәсілдерді таңдау.

4. Мотивация, стимулдау немесе қызығушылықты ояту. Үйренушінің оқуға деген ықылас-ынтасы, болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңіріледі» деген екен.

Әрбір үйренушінің оқу мен үйренуге деген қызығушылығын бірінші мезетте оның жеке тұлғасына, жеке өміріне, жеке басының мұң-мұқтаждарына, қажеттіліктеріне және мүдделеріне жүгіну арқылы ғана оятуға болады.

Қызығушылықты ояту дегеніміз окуға деген «тәбетті» шақыру іспеттес, онсыз білімнің «сіңірілетіні» екіталай немесе «сіңірілу» саналы және ерікті түрде болмайды. Үйренуші игерілетін білімге тек өзінің тікелей қатысы бар екендігін сезінгенде ғана оған именуге, зер салуға, оны қарастыруға дайын болады. Басқаша сөзбен айтқанда, қызығушылықты ояту дегеніміз қажеттілікті айқындау.

Мотивацияның мынандай ережелері бар [2]:

а. Үйренушілерде білімге деген қажеттілік тудыру, оның беретін пайдасы туралы пікірлесу («Бұл маған не береді?Пайдасы қандай?»).

ә. Әр үйренушінің білім игеру ісіне деген жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге ұмтылу.

б. Үйренушілердің қызығушылығын тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек.

в. Сабақта алған білімдердің практикалык маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Әр сабақ прагматикалык (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек.

г. Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек.

д.Үйренушілерде бір-бірімен ғана емес, өзімен-өзі жарысу сезімін қалыптастыруға ұмтылу керек.

ж. Жүргізуші (мұғалім, оқытушы) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі керек.

з. Әр үйренушінің жеке мотивтерін (үйренушінің «Бұл тақырып мен үшін неліктен қызықты әрі пайдалы?», «Мен неліктен осы сабаққа белсене қатысудамын?», «Бұл сабақтан мен не аламын?» сияқты сұрақтарға жауаптары).

и. Сабақ барысында тұлға аралык қатынастардың дамуына ықпал жасау.

д. Таңдауды әрқашан да үйренушілердің өздері жасаған жөн.

Қызығушылық - тек оқуда емес кез келген еңбекте жеңіске әкелетін тура жол. Мен беретін информатика пәнінде оқушыда қызығушылық болу үшін ол өтіліп жатқан тақырыптың мағанасын түсінуі керек, бұл алғы шарт. Қызықты бір оқиғаны сипаттап беру, сұрақ қою, үйренушілерді күлдіру, даулы пікір айту, оқулықтан тыс мәліметтер келтіру, көрнекіліктер материалдарды қолдану қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері.

5.Оқушы алдындағы кедергілерді анықтау. Жалпы оқушылар алдындағы кедергілерді сыртқы және ішкі деп екіге бөлуге болады. Сыртқы кедергіні әлеуметтік (тұрмыстық жағдайы нашар) және физологиялық (денсаулығы нашар) деп бөлуге болады. Ал ішкі кедергі танымдық кедергі оған өзіне сенімсіздігін, өштік, агрессия, ол жалғыз т.б. жатқызуға болады. Осы кедергілер мен оның шешімінің ортасында мұғалім тұр десе де болады.

Бұл кедергі арта түседі егер:

а. Өзіңізді үйренушілерден тысқары ұстасаңыз.

ә. Үйренушілерді белсенді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырсаңыз.

б. Сіздің ұсыныстарыңыз үйренушілер үшін міндетті тұрде қажет болады деген ойыңыз бен пікіріңіз болса.

в. Үйренушілерге сын айту, олардың кемшіліктерін бетіне бассаңыз.

г. Үйренушілер сіз қойған сұраққа жауап бере алмай, өздерін дым білмес ақымақ ретінде сезінсе.

Бұл кедергі кеми түседі егер:

а.Егер мұғалім оқушыны құрметтейтінін байқатса.

ә.Қабілетіне сай тапсырма берсе.

б.Топтық ойындар кезінде оны көшбасшы етсе.

в.Орынды мақтаса.

г.жоғарыда айтылған әлеуметтік кедергінің уақытша екендігін түсіндіріп, оны өзгерту үшін өзінің әрекет жасау керектігін түсіндірсе.

д. Оқушы қате жасағанда оған налымай, оны жібергені үшін жазаламай, қатенің үйренуде алатын маңызды роліне назар аударып «ешнәрсе жасамаған адам ғана қателеспейді, қатесіз біз үйрене алмаймыз- жасасын қате!» деп, жіберген қателерді талдап, дұрыс қорытында шығару арқылы, оларды болашақта қайталамауды жолдарын көрсетсе.

Өлшемдік бағалау

Білім беру сапасын арттыру оқушылардың жетістіктерін бағалаудың нақты өлшемдерін жасауды талап етеді.

Бағалау оқу үдерісінде маңызды орын алады және мыналарды бейнелейді:

-мақсаттарды немесе күтілетін нәтижелерді (білетін немесе ұдайы дамушы тұлға);

-мұғалімнің сыныптағы позициясын (білім беруші немесе ұйымдастырушы-үйлестіруші);

-сыныптағы қарым-қатынас (субъекті-объекті немесе субъекті-субъектілік);

-оқушы позициясы (үйретілуші немесе үйренуші);

-ата-аналардың бағаға көзқарасы (тұлғалық сипаттамасы немесе оқу жетістіктерінің осы езеңдегі формалды бағасы);

-мектептің бағаға көзқарасы (үлгерімнің формалды көрсеткіштері немесе әлеуметтік институт ретіндегі мектептің бүкіл қызметінің терең талдауы).

Бағалаудың негізгі қағидалары

1.Бағалау оқу үдерісіне кіріктірілген тұрақты жүретін үдеріс.

2.Бағалау тек өлшемдік қана бола алады.

Бағалау бірнеше ұстанымдарды қамтиды:

-оқушы тұлғасы емес, тек оның жұмысы бағаланады;

-оқушы жұмысы өзгелермен емес, тек үлгімен салыстырылады;

-бағалау үлгісі оқушыларға алдын ала белгілі;

-оқушы өз жетістігін анықтап, өзіне өзі баға қоя алытындай етіп баға қоюдың нақты алгоритмі жасалған;

-оқыту мақсаттарына сай келетін, оқытылып жатқан нәрсе ғана бағаланады;

-пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері болып табылады.

3.Бағалау өлшемі - оқу мақсаттарын сәйкес күтілетін оқу нәтижелері.

4.Мұғалім нақты тапсырмалардың әр түрлі формаларын пайдалана отырып, ол тапсырмаларды орындаудың нақты және айқын жазылған сипаттамаларын жасау керек.

5.Мұғалім оқушыларды бағалау үдерісіне тарта отырып, өзін-өзі бағалауға көшуге ұмтылуы керек.

Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарына рефлексиясын да қамтиды. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының міндетті шарты болып табылады.

Критериалды бағалау міндеттері:

-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалаудың артықшылықтары:

-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

-Білім берудің сапасы артады;

Өлшемдік бағалау төмендегі міндеттерді жүзеге асыру үшін пайдаланылады:

-оқушылардың өз оқу нәтижелері үшін жауапкершіліктерін ынталандыру;

-өз қатесінен оқып-үйренуіне көмектесу;

-ненің, неліктен және қандай деңгейде болмай жатқандығын түсінуге көмектесу;

-нені үйрену қажет және маңызды екенін сезінуге көмектесу;

-тиісті және сәйкесті икемділіктердің бар-жоқтығын анықтау;

-сәтсіздіктерді есепке алы отырып, ол үшін жазаламау;

-оқушының алға жылжуын өзіне қатысты бағалау;

-оқушыларды табысқа жетуге ынталандыыру.

Өлшемдік бағалау барысында оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылады.

Оқушылар жұмысын бағалау бірлесе отырып жасалған бағалау өлшеидері арқылы жүргізіледі.

Әр өлшем бойынша нәтижелер белгілі бір шәкілдер арқылы шығарылады:

-өте жоғары;

-жоғары;

-орташа;

-төмен.

Сонымен бірге оқушылардың жұмыстары төмендегі бағалау пікірлері арқылы бағаланады:

-жақсы біледі және тәжірибеде пайдалана алады;

-біледі, аздап пайдаланады;

-күмәнданады;

-білмейді;

-анықталмаған.

Қазіргі кезде бағалау өлшемдері өте көп және олар мұғалімнің тұлғасына, пәннің ерекшелігіне, мектептің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Бүгінгі күні бағалаудағы қиындықтар:

-оқушыны қызығушылыққа ынталандыратын, оның өзіндік жұмысын ұйымдатырудың нақты алгоритмі жоқ;

-оқулықтар танымдық қызметті басқару функциясын орындамайды;

-тиісті мәтіндер сипаттау сипатында жазылған, проблемалық тапсырмалар өте аз;

-оқушылардың жалпы оқу және ақыл-ой икемділіктерін жіктеудің белгілі бір әдістемесі жоқ;

Бағалауды қайта қарауға ықпал ететін мәселелер:

-оқушылардың оқу мотивациясының жоқтығы;

-жүйелі ой еңбегінің, табыс қуанышының жоқтығы;

-ақпаратты өзінің жеке біліміне айналдыру процесінің жоқтығы;

-оқу процесінің қызық еместігі, балалардың сұрақ қоя алмауы.

-дүниені қабылдаудың біртұтастығының, білімнің ортақ жүйесінің жоқтығы;

-ынтымақыт қарым-қатынастың, топта жұмыс жасай алудың жоқтығы;

Қазіргі таңда оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің маңызды жақтарының біріне айналып отыр. Осы оқу үдерісін басқаруда шешуші рөл нақ сол бағалауға тиесілі. Бағалау жүйесіне жататындар: баға қою шәкілі; баға қою жиілігі; білім беру субъектілері арасындағы байланыс механизмі; оқушының өз оқу табыстылығын анықтау механизмі. Бағалау функциясы - білім беру үдерісін ішкі өзіндік реттеудің табиғи механизмі.

Қазіргі жаңаша білім беру технологиялары ескі бағалау жүйесімен үйлесе алмайтыны белгілі. Оқытуда зерттеушілік іс-әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылуы керек. Бала өз жұмысына сәйкесті баға қоя алуы үшін ол жұмыс эталондарын білуі тиіс. Ол эталон түсінікті тілмен, нақты тәтпіштеп жазылған болуы шарт. Мұндай мүмкіндікті өлшемдік бағалау жүйесі ғана береді.

Дәстүрлі және өлшемдік бағалаудың айырмасы

Дәстүрлі (нормативтік) бағалау мен өлшемдік бағалаудың арасындағы айырма салыстыруда болып табылады. Дәстүрлі бағалауда оқу жетістіктері оқушылардың басым көпшілігі жете алатын, орташа статистикалық нормамен, өлшемдік бағалауда бағалау өлшемдері түрінде берілген, белгілі бір эталонмен (оқу мақсатымен) салыстырылады.

Әр критерий бойынша ең жоғары ұпай (дескриптор) оқушы тақырыпты оқып-үйреніп болу соңында шынайы қол жеткізе алатын деңгейді бейнелейді. Сондықтан мұғалім оқушының білім-білік-дағдыларындағы, ол қол жеткізе алатын өсімшелерді жобалай алады, осы жолдағы жасалатын әрбір қадамды жоспарлай алады.

Өлшемдік бағалау оқушының белгілі бір бағыттардағы әр түрлі кезеңдердегі жетістіктерін салыстыра отырып, оның сәйкесті дағдыларының даму үдерісін бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін сол оқушының бір бағалау өлшемі бойынша ал,аг әр түрлі ұпайларын салыстыру жеткілікті болады.

Өзіндік бағалау туралы

Оқушының өз оқу іс-әрекетінің жеке ерекшеліктері туралы рефлексия мен өзіндік бағалау арқылы сезінуі оның ойлауы мен шығармашылығының дамуының маңызды құралы болып табылады. Өлшемдік бағалауды қолдану бағалау үдерісіне өзіндік бағалау жасау арқылы оқушының өзін тартуға жағдай жасайды. Жалпы алғанда, тек рефлексия ғана оқушыға өз оқу іс-әрекетінен тәжірибе жинақтауға, қойылған мәселені шешу үшін ішкі мүмкіндіктерін жұмылдыруға, өзін-өзі жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдай отырып, оқушылар оларды жою жолдарын табады, өз жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарын көре отырып, өзін-өзі бағалауға үйренеді, осы нәтижелерді пайымдау арқылы өзінің ары қарай алдағы уақытта жасайтын жұмыстарының бағдарламасын жасай алады.

Тек өзін-өзі бағалау ғана мұғалімге оқушылардың оқудағы қиындықтары туралы көп ақпарат бере отырып, оқыту үдерісіне дер кезінде түзету жасауға көмектеседі.

Дұрыс ұйымдастырылған рефлексия тапсырманы табысты орындауға ықпал ететін оң ахуал тудырады.

Дәстүрлі оқытуда көп кикілжің тудыратын баға ештеңені де өлшемейді, ол оқушылардың оқудағы тәртібін түзеу үшін ғана жиірек пайдаланылады, сондықтан көп оқушылар тек баға үшін оқиды. Бағалаудағы зерттеушілік амал өлшемдік бағалауды ұсына отырып, бағаның мадақтау мен жазалу құралы ретіндегі рөлін жояды.

Нақты қойылған бағалау өлшемдері өзара келісілген «ойын ережесі» сияқты белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жұмыс нәтижелерін бағалауға қажетті белгілерді дұрыс анықтауға ықпал етеді. Жақсы жасалған бағалау өлшемдері ғана оқушыларды айқын қойылған мақсаттарға жетуге, өз іс-әрекетіне баға беруге және оны түзетіп отыруға ынталандырады, сол арқылы оқытуда стресті болдырмауға жағдай жасайды.

Нақты жасалған бағалау өлшемдерінің жоқтығы жұмыс мақсатының мұғалімге де, оқушыларға да түсінікті еместігін, дұрыс бағаламауға ғана емес, бүкіл оқу іс-әрекетінің маңызын төмендетуге алып баратынын көптеген тәжірибе көрсетіп беріп отыр.


Бағалаудың екі жүйесіндегі тұжырымдамалық ерекшеліктер:

Өлшемдік бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау біртұтас үдеріс;

-бағалаудың теңгермелі стратегияларының жүйелі тізбегі пайдаланылады;

-өзін-өзі және өзара бағалауға оқушылар тартылады;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің теңгермелі тәсілдері қолданылады;

-оқушылардың жауаптары бойынша оның сол сәттегі түсіну деңгейі бағаланады;

-тақырыппен жұмыстың өн бойында оқушылармен тұрақты және дер кезінде кері байланыс жасалады;

-оқушыларға бағалауды оқу нәтижелерін сипаттау мен жақсарту тәсілі ретінде қабылдауға ықпал етеді;

-тақырыпты оқып-үйренер алдында оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;

-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;

-бағалау тек мұғалімнің билігінде;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;

-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);

-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;

-бағалаудың жалғыз мақсаты - қойылатын бағаны анықтау;

-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.

Мектептегі кездерді еске түсіргенде адамдардың көбісі ең алдымен алған бағасын, оның ішінде «екілігін» еске алады. Ең қызығы, бұл бағаны өзіне әділеьсіз қойылғандығын айта келіп, оның мұғалімнің көңіл-күйінің нашар болғандығымен немесе өзіне өзімен дұрыс емес қарым-қатынаста болғандығымен байланыстырады. Басқалардың алған «бестігін де» әділ қойылмағандығын да тілге тиек ететіні тағы бар.

Шынында да, осы «5» пен «2» деген баға қалай қойылады? Оны қоятын кім? Оның дұрыс-бұрыстығын кім ажыратып айта алады? Бұл жерде барлығы бір адамға келіп тірелетіні белгілі. Ол - мұғалім. Ол оқушы пікірін немесе жасаған жұмысын өз басындағы идеал жұмыс эталонымен салыстырады. Сосын оқушы жұмысынан кемшілік іздей бастайды. Егер таппаса немесе тапқысы келмесе, балаға «5» қояды да, ал таба қалса, кемшіліктің көптігіне қарай, баға кемітіле бастайды.

Біздің көбіміз мұғалімдердің «қазір тақтаға ..» деген сөзіне кейінгі үзіліс кезіндегі өлі тыныштықты жақсы білеміз. Сол кездегі стрестік жағдай балалардың үштен екісінің басында болатыны көбімізге өте таныс сезімдер.

Мектептегі оқытудың оқушыларды стрестік жағдайға жиі апатып соқтыратыны бұрыннан да белгілі және соңғы кездері көбірек айтылып та, жазылып та жүрген тақырып. Мұның себептерінің ішінде оқушыларға берілетін тапсырмалардағы шектен тыс жүктеме де, мұғалімнің авторитарлық қызметі де, оқыту әдістерінің жас ерекшеліктеріне сай келмеуі де, тағы басқалар да бар. Осылардың ішінде алғашқы орындардың бірінде мұғалімнің оқушылар жұмысын субъективтік бағалауы тұр.

Объективті емес баға бүкіл білім беру процесіне ықпал етеді. Егер оқушы «жақсы» деген бағаны оңай алса, оның оқуға қызығушылығы төмендейді, ал егер өз деңгейіне сай келмейтін нашар баға алса, ол мүлде оқуды қояды.

Бұдан оқыту нәтижелерін бағалау білім беру үдерісінің маңызды жақтарының бірі екенін байқауға болады. Осы үдерісті басқаруда сол бағалауға маңызды роль беріледі. Бағалау жүйесіне жататындар: баға қою шәкілі; баға қою жиілігі; білім беру субъектілері арасындағы байланыс механизмі; оқушының өз оқу табыстылығын анықтау механизмі. Бағалау функциясы - білім беру үдерісін ішкі өзіндік реттеудің табиғи механизмі.

Сондықтан қазіргі денсаулық сақтаушы тенологиялардың арасында бағалау жүйесін өзгертуге бағытталғандары жұрт ішінде көбірек қызығушылық тудырады. Бұл жерде әңгіме бес балдық жүйені алты, сегіз, он, он екі балдық жүйеге ауыстыра салу ғана емес, сандық бағалауды сапалық бағалауға ауыстыру да бар. Осылардың ішінде мұғалім мен оқушылар арасында қоғамдық келісім жасай отырып, белгілі бір өлшемдер негізінде бағалауға, яғни критериалды бағалауға үлкен мән берілуде.

Қазіргі нәтижеге бағытталған білім беру жүйесі білім беру сапасына ерекше мән береді. Өз кезегінде, білім беру сапасын жоғарылату оқушылар жетістіктерін бағалаудың нақты өлшемдерін жасауды талап етеді.

Бағалау оқу үдерісінде маңызды орын алады және мыналарды бейнелейді:

-мақсаттарды немесе күтілетін нәтижелерді (білетін немесе ұдайы дамушы тұлға);

-мұғалімнің сыныптағы позициясын (білім беруші немесе ұйымдастырушы-үйлестіруші);

-сыныптағы қарым-қатынас (субъекті-объектілік немесе субъекті-субъектілік);

-оқушы позициясы (үйретілуші немесе үйренуші);

-ата-аналардың бағаға көзқарасы (тұлғалық сипаттамасы немесе оқу жетістіктерінің осы кезеңдегі формалды бағасы);

-мектептің бағаға көзқарасы (үлгерімнің формалды көрсеткіштері немесе әлеуметтік институт ретіндегі мектептің бүкіл қызметінің терең талдауы).

Бағалаудағы ерекше амал өлшемдің (критериалдық) бағалау болып табылады. Оны дұрыс түсіну үшін мектептегі білім беру нәтижелерін немесе оқушылардың оқу жетістіктерін үш топқа бөліп қарастырайық. Бір топқа алған білімдерді (мәліметтер мен деректерді), екінші топқа игерген икемділіктерді, үшінші топқа қалыптасқан дағдыларды жатқыза отырып, үшеуін үш түрлі өлшемдер арқылы бағалайық. Сонда өлшем (критерий) білім беру мазмұнын қарастыра отырып, мақсатты немесе күтілетін нәтижені береді [5, 3-бет].

Енді осы өлшемдік бағалауға қатысты бірнеше мәселелерді қарастырып өтейік.

Оның біріншісі - қоғамдық келісімшарт. Ол өлшемдік бағалауға қажет болатын міндетті талаптар. Ол бірнеше деңгейде жасалуы мүмкін:

-оқу жылы басында жалпы пәндік курс бойынша;

-тоқсан басында тарау не тақырыптар бойынша;

-сабақта әр жасалатын жұмыс бойынша.

Рубрика - өтілген тақырып бойынша оқушылар білімін бағалау критерийлері жиынтығы. Ол қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.

Критерий оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрееттерінің тізімін құрайды.

Дескрипторлар оқушының әр критерий бойынша (сатылы түрде) нәтижеге жету деңгейін сипаттайды және оны белгілі бір ұпайлармен бағалайды: жетістік жоғары болған сайын сол критерий бойынша ұпай да жоғары болады.

Қорыта айтқанда, рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетсе, критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады, ал дескрипторлар оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді [6, 1-бет].

Төменде «жобаны бағалау» рубрикасы бойынша құрастырылған критерийлер жинағы берілген:

1. Жоба мақсатын дұрыс қою;

2.Жоба мақсатына жету жолдарын жоспарлау;

3.Жоба тақырыбын ашу тереңдігі;

4.Ақпарат көздерінің әртүрлілігі мен пайдалану мақсатттылығы;

5.Жұмыс барысы мен нәтижелерін талдау, қорытындылар;

6.Алынған тәсілдердің жоба мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі;

7.Жұмысқа шығармашылық амал және жеке қызығушылық;

8.Жазбаша бөлімін рәсімдеудің талаптарға сәйкестігі;

9.Тұсаукесер жасау сапасы;

10.Жоба өнімінің сапасы.

Енді осы критерийлердің бірі «жоба мақсатын дұрыс қою» бойынша дескрипторларды (ең жоғарысы үш ұпай болатын) кесте түрінде анықтап көрейік:

Дескриптор

Ұпай

Мақсат мүлде айқындалмаған

0 (жоқ)

Мақсат айқындалған, бірақ негізделмеген

1 (төмен)

Мақсат айқындалған, жалпы негізделген

2 (орташа)

Мақсат айқындалған, нақты негізделген

3 (жоғары)

Өлшемдік бағалауды зерттеу жұмыстары ғана емес, ағымдық бағалау үшін де пайдалануға болады. Мысалы, тақырып бойынша алынған бақылау жұмысы белгілі бір рубрика бойынша бағаланады. Ол рубрикадағы критерийлер оқушыға тақырыпты өтпес бұрын алдын ала белгілі болады. Кеңірек алғанда, бұл рубрика оқушыға осы тақырыпты өту барысында нені игеретінін көрсетеді.

Рубрикалар (бағалау бойынша нұсқаулық) бағалау процесін барынша айқын, ашық етеді. Рубрикада әр критерий бойынша қойылатын ұпайлар толық ашып жазылады. Ең маңыздысы рубрикада оқушының өз сипаттамасы емес, оның жұмысының сипаттамасы жазылғаны. Мысалы, «оқушы білетін болады» емес, «оқушы бұл жұмыста мына икемділіктерді көрсете алмады» деп жазылғаны дұрыс.

Өзіндік жұмыста аралық бағалаулар тек ынталандыру сипатына ие болады және түзету бағытында қандай жұмыстар жасалу керектігін көрсетеді. Аралық бағалаулар журналға қойылмайды. Өлшемдің бағалауда тек қорытынды бағалау ғана есепке алынады.

Өзін өзі бағалау мен модерация (өзара салыстыру). Бағалау негіздерінің түсініктілігі оқушыға өзінің жеке жұмысын өзі бағалауға мүмкіндік береді. Ол бағалау сарапшы немесе мұғалім бағасының алдында жүргізіледі. Сонан соң өзін-өзі бағалау сарапшы бағасымен салыстырылады. Егер сарапшы бағасы өзін-өзі бағалаудан төмен болса, онда сарапшы өз бағасына түсініктеме береді. Сосын оқушыға бағасын жоғарылатыу үшін жұмысын жетілдіруге мүмкіндік беріледі. Өзін-өзі бағалау мен модерация бақылауды өзін-өзі бақылауға айналдыруға жағдай жасайды.

Мұнда бағалау кему емес, өсу бағытында жүретіндіктен, жұмыста әрбір талпыныс, әрбір өсімше есепке алынады. Осылайша әркім өз жұмысы үшін жауапты болады. Бағалау нөлден басталады және оқушы тұлғасы емес, оның қызметі бағаланады.

Өлшемдік бағалауда ешкімді өзгемен салыстыруға жол берілмейді, оқушы тек өзімен өзі салыстырылады. Бір критерий бойынша төмен болған оқушы келесі бір критерий бойынша жоғары болу мүмкіндігі бар.

Өлшемдік бағалау сандық бағалаудан, балдық жүйеден арылуды көздемейді, тек әрбір ұпайдың мәні мен мазмұны болуын қажет етеді [5, 3-бет].

Өзіндік бағалау туралы

Оқушының өз оқу іс-әрекетінің жеке ерекшеліктері туралы рефлексия мен өзіндік бағалау арқылы сезінуі оның ойлауы мен шығармашылығының дамуының маңызды құралы болып табылады. Өлшемдік бағалауды қолдану бағалау үдерісіне өзіндік бағалау жасау арқылы оқушының өзін тартуға жағдай жасайды. Жалпы алғанда, тек рефлексия ғана оқушыға өз оқу іс-әрекетінен тәжірибе жинақтауға, қойылған мәселені шешу үшін ішкі мүмкіндіктерін жұмылдыруға, өзін-өзі жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдай отырып, оқушылар оларды жою жолдарын табады, өз жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарын көре отырып, өзін-өзі бағалауға үйренеді, осы нәтижелерді пайымдау арқылы өзінің ары қарай алдағы уақытта жасайтын жұмыстарының бағдарламасын жасай алады.

Тек өзін-өзі бағалау ғана мұғалімге оқушылардың оқудағы қиындықтары туралы көп ақпарат бере отырып, оқыту үдерісіне дер кезінде түзету жасауға көмектеседі.

Дұрыс ұйымдастырылған рефлексия тапсырманы табысты орындауға ықпал ететін оң ахуал тудырады.

Дәстүрлі оқытуда көп кикілжің тудыратын баға ештеңені де өлшемейді, ол оқушылардың оқудағы тәртібін түзеу үшін ғана жиірек пайдаланылады, сондықтан көп оқушылар тек баға үшін оқиды. Бағалаудағы зерттеушілік амал өлшемдік бағалауды ұсына отырып, бағаның мадақтау мен жазалау құралы ретіндегі рөлін жояды [4, 2/16-бет].

Дәстүрлі және өлшемдік бағалаудың айырмасы

Дәстүрлі (нормативтік) бағалау мен өлшемдік бағалаудың арасындағы айырма салыстыруда болып табылады. Дәстүрлі бағалауда оқу жетістіктері оқушылардың басым көпшілігі жете алатын, орташа статистикалық нормамен, өлшемдік бағалауда бағалау өлшемдері түрінде берілген, белгілі бір эталонмен (оқу мақсатымен) салыстырылады.

Әр критерий бойынша ең жоғары ұпай (дескриптор) оқушы тақырыпты оқып-үйреніп болу соңында шынайы қол жеткізе алатын деңгейді бейнелейді. Сондықтан мұғалім оқушының білім-білік-дағдыларындағы, ол қол жеткізе алатын өсімшелерді жобалай алады, осы жолдағы жасалатын әрбір қадамды жоспарлай алады.

Өлшемдік бағалау оқушының белгілі бір бағыттардағы әр түрлі кезеңдердегі жетістіктерін салыстыра отырып, оның сәйкесті дағдыларының даму үдерісін бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін сол оқушының бір бағалау өлшемі бойынша алған әр түрлі ұпайларын салыстыру жеткілікті болады [6, 4-бет].

Нақты қойылған бағалау өлшемдері өзара келісілген «ойын ережесі» сияқты белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жұмыс нәтижелерін бағалауға қажетті белгілерді дұрыс анықтауға ықпал етеді. Жақсы жасалған бағалау өлшемдері ғана оқушыларды айқын қойылған мақсаттарға жетуге, өз іс-әрекетіне баға беруге және оны түзетіп отыруға ынталандырады, сол арқылы оқытуда стресті болдырмауға жағдай жасайды.

Нақты жасалған бағалау өлшемдерінің жоқтығы сабақта орындалатын жұмыс мақсатының мұғалімге де, оқушыларға да түсінікті еместігін, дұрыс бағаламауға ғана емес, бүкіл оқу іс-әрекетінің маңызын төмендетуге алып баратынын көптеген тәжірибе көрсетіп беріп отыр.

Бағалаудың екі жүйесіндегі тұжырымдамалық ерекшеліктер:

Өлшемдік бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау біртұтас үдеріс;

-бағалаудың теңгермелі стратегияларының жүйелі тізбегі пайдаланылады;

-өзін-өзі және өзара бағалауға оқушылар тартылады;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің теңгермелі тәсілдері қолданылады;

-оқушылардың жауаптары бойынша оның сол сәттегі түсіну деңгейі бағаланады;

-тақырыппен жұмыстың өн бойында оқушылармен тұрақты және дер кезінде кері байланыс жасалады;

-оқушыларға бағалауды оқу нәтижелерін сипаттау мен жақсарту тәсілі ретінде қабылдауға ықпал етеді;

-тақырыпты оқып-үйренер алдында оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;

-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;

-бағалау тек мұғалімнің билігінде;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;

-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);

-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;

-бағалаудың жалғыз мақсаты - қойылатын бағаны анықтау;

-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі [6, 4-бет].

Қорытындысын уақыт көрсетеді

Қорыта айтқанда, өлшемдік бағалау мұғалімнің де, оқушылардың да жүйкесін жұқартпай, керісінше денсаулық сақтау технологиясы ретінде қызмет атқарады. Өлшемдік бағалау оқушылар үшін мектептегі мазасыздануды төмендете отырып, мұғалім үшін орынсыз өкпелер мен айыптаулардан арылуға жағдай жасайды

Өлшемдік бағалау барысында оқу үдерісі оқушылар өзін-өзі, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін, өзінің әрекеттері мен мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасалатындай етіп ұйымдастырылады.

Оқушылар жұмысын бағалау бірлесе отырып жасалған бағалау өлшемдері арқылы жүргізіледі.

Әр өлшем бойынша нәтижелер белгілі бір шәкілдер арқылы шығарылады:

-өте жоғары;

-жоғары;

-орташа;

-төмен.

Сонымен бірге оқушылардың жұмыстары төмендегі бағалау пікірлері арқылы бағаланады:

-жақсы біледі және тәжірибеде пайдалана алады;

-біледі, аздап пайдаланады;

-күмәнданады;

-білмейді;

-анықталмаған.

Қазіргі кезде бағалау өлшемдері өте көп және олар мұғалімнің тұлғасына, пәннің ерекшелігіне, мектептің жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Бүгінгі күні бағалаудағы қиындықтар:

-оқушынын өзіндік жұмысын ұйымдастырудың нақты алгоритмі жоқ;

-оқулықтар танымдық қызметті басқару функциясын орындамайды;

-тиісті мәтіндер сипаттау сипатында жазылған, проблемалық тапсырмалар өте аз;

-оқушылардың жалпы оқу және ақыл-ой икемділіктерін жіктеудің белгілі бір әдістемесі жоқ;

Бағалауды қайта қарауға ықпал ететін мәселелер:

-оқушылардың оқу мотивациясының жоқтығы;

-жүйелі ой еңбегінің, табыс қуанышының жоқтығы;

-ақпаратты өзінің жеке біліміне айналдыру процесінің жоқтығы;

-оқу процесінің қызық еместігі, балалардың сұрақ қоя алмауы.

-дүниені қабылдаудың біртұтастығының, білімнің ортақ жүйесінің жоқтығы;

-ынтымақыт қарым-қатынастың, топта жұмыс жасай алудың жоқтығы;

Қазіргі таңда оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің маңызды жақтарының біріне айналып отыр. Осы оқу үдерісін басқаруда шешуші рөл нақ сол бағалауға тиесілі. Бағалау жүйесіне жататындар: баға қою шәкілі; баға қою жиілігі; білім беру субъектілері арасындағы байланыс механизмі; оқушының өз оқу табыстылығын анықтау механизмі. Бағалау функциясы - білім беру үдерісін ішкі өзіндік реттеудің табиғи механизмі.

Қазіргі жаңаша білім беру технологиялары ескі бағалау жүйесімен үйлесе алмайтыны белгілі. Оқытуда зерттеушілік іс-әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылуы керек. Бала өз жұмысына сәйкесті баға қоя алуы үшін ол жұмыс эталондарын білуі тиіс. Ол эталон түсінікті тілмен, нақты тәтпіштеп жазылған болуы шарт. Мұндай мүмкіндікті өлшемдік бағалау жүйесі ғана береді.







Пайдаланған әдебиеттер

1.А. Әлімов "Оқытудың интербелсенді тәсілдері" Алматы .

2.(Методическое пособие для тренера. Программа «Street Law». Сост. Мухтарова А.К., Булуктаев Ю.О., Калинина А.А., Асанбекова Г.С. - Алматы: Фонд «XX! век», 2001. -34бет).


© 2010-2022