Ашық сабақ Толқын Мағжан Жұмабаев

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мағжан Жұмабаев "Толқын"

Күні: 15.12.2013 Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ашық сабақ. Мағжан Жұмабаев «Толқын»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу.

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау, идеялық - көркемдік мазмұны ашу,әдеби

теориялық ұғымдарын кеңейту.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін

байыту,ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізуге

бағыттау,шығармашылыққа баулу.

3.Тәрбиелік: Топта,ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауда өз пікірін

білдіруге,дәлелдеуге үйрету,шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сергіту сәті,сұрақ-жауап, талдау, іздену,сурет салу, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті, үлестірмелі қағаздар,

маркер,плакат, толқынның шуылы музыка, т.б

Пәнаралық байланыс: сурет, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Барлығын ортаға шақырып, сергіту сәтін өткізу.

1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

А) «Біз жинаған Мағжан Жұмабаев жайлы деректер...»

Жасап әкелген папкаларын қорғайды

ә) Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;

б) Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;

в) Оқулықта берілген Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянын қаншалықты

оқығандарын тексеру мақсатында мәтінді бөліктерге бөліп, қиып ,таратып

құрастырту. Топпен жұмыс.

Мағжан Солтүстік Қазақстанда өз ортасында белді, беделді бақ пен дәулет қонған Жұмабай қажы әулетінде дүниеге келеді.4 жасынан-ақ оның құйма құлақтығы, ерекше қабілеті танылады.

Мағжан үш жасында атасы Жұмабайдан: «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгі ететін болады!» деп бата алған Мағжан төрт жасында мектеп есігін ашып,хат таниды.Оның ақындық таланты да ерте оянды.

Абайдың 1909 жылы Петербургте шыққан өлеңдер жинағын бала Мағжан сол жылы-ақ оқыған.Ол алғаш жазған өлеңдерінің бірін де ұлы ақынға арнайды

Орыс тілін, әдебиетін өте терең меңгергені сондай, білікті, білімді деген зиялылыр, орыстардың өзі оны бас ие мойындайды.Туған әдебиетімен қоса шығыс әдебиетін, әлем әдебиетін терең меңгерген ақын оның озық үлгілерін өз шығармаларымен ұштастырып, қазақ поэзиясының өрнек-айшықтарын жетілдірді.Ұлы Мұхтар Әуезов: «... Мен Мағжанды сүйемін.Оның Европалығын, әшекейін сүйемін» деуі осының айғағы.

1920 жылдарда ақын өлең-жырмен шектеліп қалмай, өмірдің әр саласын қамтитын мақалалар жазады.Әсіресе оқу-ағарту ісіне ден қояды.Москвада тұрған кезінде аударма жұмыстарымен көп шұғылданады.


© 2010-2022