Сабақ жоспары А. Құнанбаев 31 қара сөз

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні

Сабақтың тақырыбы

Отыз бірінші қара сөз

Сілтеме

Әдебиет 6-сынып, мұғалімдердің оқу-жаттығу семинарының материалдары 2010ж,

Жалпы мақсаттар


  • Ақынның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру;

  • Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін тусіндіру.

Міндеті


  • 31 қара сөзінің мазмұнын меңгерту;

  • Оқушы дүниетанымын қалыптастыру;

  • Оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру.

  • Шығармашылыққа баулу.

Оқыту нәтижесі

Оқушылар Абайдың 31 қара сөзінің мазмұнын толықтай меңгереді, қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсінеді.

Тапсырмалар

  1. Үй тапсырмасын сұрау (Ратация, миға шабуыл)

  2. Жаңа сабақ (Топтастыру)

  3. Өлең құрылысына талдау (СКТ)

  4. Топтық жұмыс (сұрақ-жауап)

  5. Рефлексия (соңғы сөзді мен айтайын)

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма

Сабақ барысы


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

2 мин




7 мин


2мин



10мин






7мин



3мин




3мин





3мин


2 мин




1мин

3мин

2мин

І.Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Сыныпты Абай өлеңдерін құрастыру арқылы 3 топқа бөлеміз. «Жыланша» әдісін пайдалана отырып сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар бір-біріне саусақтарын түйістіру арқылы жақсы тілек тілейді. Оқушылардың зейіндерін жаңа сабаққа аудару.

Бағалау өлшемдерін оқушыларға таратып береді


Үй тапсырмасын сұрау

Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа сұрау.

«ортадағы қаламсап» әдісі арқылы өлеңнің идеялық мазмұнын топтастыру.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қою.

  • Абайдың қандай өлеңдерімен таныстық?

  • Абайдың әндері?

  • Сұлу сәйгүлік туралы қандай шығармамен таныстық?

Бүгінгі сабағымызда Абай шығармаларымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз, соның ішінде Абайдың философиялық ойлары берілген қара сөздерімен танысамыз.

Жаңа сабақ

Мұғалім түсіндірмесі

Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин болса, оны әрі қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Ол кезде Абай 45 жаста болған. Өзінің қара сөзді жазудағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ».

Абайдың қара сөздерін тақырып жағынан топқа бөлу

  • Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40

  • Дүниенің тылсым сырларын тану: 7, 19 ,31, 38, 43

  • Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18

  • Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33

  • Қазақтардың мінез-құлқы: 4, 10, 12, 15, 22, 24, 35, 38

  • Қазақ мақалдары: 5, 6, 37, 39

  • Еңбек: 2, 4, 25, 42

Бұған дейін біз, 5-сыныпта «Жетінші» қара сөзімен танысқан болатынбыз. Қане, кім есімізге салып жібереді?

Бүгінгі сабақта «Отыз бірінші» қара сөзімен танысамыз. Барлығымыз назарымызды салып, тыңдайық.(электронды оқулық)

«Конверттегі сұрақтар» әдісі арқылы топтарға сұрақтар беру.

1-топ:

Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін топтастыр

2-топ:

Қара сөзді оқып, кері айтып бер

3-топ:

Ғибратләну, уайымсыздық, салғырттық, күлкішілдік, құмарлық, күллі сөздерінің мағынасын түсіндір.

«Пирамида» әдісі

Мәтіндік тапсырма (жеке жұмыс)

1-топқа:

Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:---------------------------------------------болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде -----------------------------------------керек, көңілденіп, тұщынып,-----------------------------------------керек;

2-топқа:

Үшінші - сол нәрсені ішінен -----------------------------------------көңілге бекіту керек; төртінші - ---------------------------------------------керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: ----------------------------------------------------------секілді. Бұл төрт нәрсе - --------------------------------------мен--------------------------------тоздыратұғын нәрселер.

3-топқа:

СКТ

Авторы: А.Құнанбаев

Жанры:

Тақырыбы:

Идеясы:

Ой кеселдері:

Тәрбиелік түйіні:

Қорытынды:

«Топтастыру» стратегиясы арқылы Абай қара сөзін топтастыру.

Абай - ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы. Абай насихаты - ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

Сонымен, ұлы кемеңгер ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Үйге тапсырма

«Отыз бірінші» қара сөзін жаттау

Рефлексия

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы.

Бүгінгі сабақтан не түйгенін стикерге жазу.

Бағалау

Оқушылар Абай әндерін құрастыра отырып өз топтарын тауып орналасады.

Оқушылар бағалау критерийлерімен танысады

Оқушылар өлеңді жатқа айтады, әр топ өз ойларын постерге жазады.

Оқушылар сұраққа жауап береді.








Оқушылар «Жетінші» қара сөзді айтып береді.


Әр топ тапсырмаларын постерге түсіріп, қорғайды.



Әр топтан әр оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды






Оқушылар Абай қара сөзін топтастырады.



© 2010-2022