Қазақ әдебиеті Туған жер 6-сынып (сабақ жоспар)

Ә.Сәрсенбаевтің өмірі туралы хронологиялық кестемен таныстырамын. Ә.Сәрсенбаевтің өлеңдерінің тақырыптарымен таныстырамын. Оқулықпен жұмыс: 1. Мұғалімнің оқушыға мәнерлеп оқып беруі. (Оқушыларға іштей өздері оқуға тапсырма беріледі.) 2.Сонымен, «Сен, құрметте оны, қарағым», «Туған жер» өлеңдері не туралы екен, қандай тақырыпта? 4. «Сен, құрметте оны, қарағым», өлеңіндегі қаратпа сөздерді тауып, олардың қандай маңызы бар екенін ашайық.     Сөздікпен жұмыс: Дін аман – Перде – Кесел – Шәйі- Күпі –   Оқушылар жаңа материалды меңгереді.   Хронологиялық кестелерд... Оқулықпен жұмыс: 1.Оқушылар мұғалімнің оқығанын тыңдайды. «Сен, құрметте оны, қарағым», «Туған жер» өлеңдерін өздері іштей оқып шығады. 2. Өлеңдердің тақырыбын ашады. 3. сен, қарағым ...       Сөздікпен жұмыс: Дін аман – аман-есен, аман-сау деген мағынада Перде –жабын, шымылдық; Кесел – жамандық; Шәйі- мата түрі. Күпі –сыртқы киім түрі. 1.        Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларын топтастырыңыз.                                   2.        Топтық тапсырмаларды орындаңыздар. 1-қатар: Екінші дүниежүзіл...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Пәні:

Әдебиет

Сыныбы:

6-сынып

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Әбу Сәрсенбаев «Туған жер», «Сен, құрметте оны, қарағым»

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық

Ақпарат көздері арқылы оқушыларға Әбу Сәрсенбаевтің өмірі, шығармашылығын, «Туған жер», «Сен, құрметте оны, қарағым» өлеңдерінің мазмұнын меңгерту.

ә) коммуникативтік

«Туған жер», «Сен, құрметте оны, қарағым» өлеңдерінің идеясы бойынша алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қолдана білуін қалыптастыру.

б) проблеманы шешу:

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар беру арқылы өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көркемдеп оқу, көрнекілік, практикалық

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, дамыта оқыту, сатылай-кешенді талдау

Сабақтың көрнекілігі:

Портрет, интерактивтік тақта, ақынның жыр жинақтары, мақал-мәтелдер жинақтары

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, қазақ тілі


Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Күтілетін нәтиже:

I.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабаққа дайындалу.

-Кезекшінің есебі...

Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнатылады.

II. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

«Ой қозғау» стратегиясы

-Балалар, ІІ тоқсан бойынша өткен тақырыптар бойынша мына сұрақтарға дұрыс жауап берсеңіздер, белгілі ақынның портреті шығады.

  1. «Түйебай» әңгімесінің авторы

  2. Ғ.Мүсіреповтің Жапониядағы оқиға туралы шығармасы

  3. «Мен ескіше жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын.» кімнің сөзі?

  4. «Біржан сал Абай ауылында» қай романнан үзінді?

  5. «Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй.» кімнің өлеңі?

  1. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдерінің авторы

-Балалар, бұл кімнің портреті? Қане, кім біледі?

-Дұрыс-ақ. Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз Ә.Сәрсенбаевтің «Сен, құрметте оны, қарағым», «Туған жер» өлеңдері. Дәптерлерімізді ашып, күннің жады мен тақырыпты жазайық.

Қазақ әдебиеті Туған жер 6-сынып (сабақ жоспар)

  1. Б.Майлин

  2. «Жапон балладасы»

  3. Ғ.Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»

  4. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді

  5. А.Құнанбаев

  6. І.Жансүгіров

-Әбу Сәрсенбаевтің портреті.



Оқушылар күннің жады мен тақырыпты дәптерлеріне жазады.

«Ой қозғау» стратегиясы арқылы оқушылар өткен тақырыпты қорытындылап, жаңа материалды меңгеруге дайындалады.









Ақын туралы білімдерін естеріне түсіреді.

IV.Жаңа материалды түсіндіруді ұйымдастыру

Ә.Сәрсенбаевтің өмірі туралы хронологиялық кестемен таныстырамын.

Қазақ әдебиеті Туған жер 6-сынып (сабақ жоспар)

Ә.Сәрсенбаевтің өлеңдерінің тақырыптарымен таныстырамын.

Оқулықпен жұмыс:

1. Мұғалімнің оқушыға мәнерлеп оқып беруі.

(Оқушыларға іштей өздері оқуға тапсырма беріледі.)

2.Сонымен, «Сен, құрметте оны, қарағым», «Туған жер» өлеңдері не туралы екен, қандай тақырыпта?

4. «Сен, құрметте оны, қарағым», өлеңіндегі қаратпа сөздерді тауып, олардың қандай маңызы бар екенін ашайық.

Сөздікпен жұмыс:

Дін аман -

Перде -

Кесел -

Шәйі-

Күпі -

Оқушылар жаңа материалды меңгереді.

Хронологиялық кестелерді дәптерлеріне жазып отырады.

Қазақ әдебиеті Туған жер 6-сынып (сабақ жоспар)

Оқулықпен жұмыс:

1.Оқушылар мұғалімнің оқығанын тыңдайды.

«Сен, құрметте оны, қарағым», «Туған жер» өлеңдерін өздері іштей оқып шығады.

2. Өлеңдердің тақырыбын ашады.

3. сен, қарағым ...

Сөздікпен жұмыс:

Дін аман - аман-есен, аман-сау деген мағынада

Перде -жабын, шымылдық;

Кесел - жамандық;

Шәйі- мата түрі.

Күпі -сыртқы киім түрі.

Оқушылар Ә.Сәрсенбаевтің өмір жолдары, шығармашылығы туралы хронологиялық кесте бойынша түсінік ала отырып, «Сен, құрметте оны, қарағым», «Туған жер» өлеңдерін мәнерлеп оқып, талдау жасап, сөздікпен жұмыс жасай отырып, теориялық білімді меңгереді.

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өлеңдердің тақырыбын, идеясын анықтайды.

Өлеңдегі мағынасы түсініксіз сөздермен жұмыстану арқылы сөздік қорларын байытады.

V.Жаңа білімді бекітуді ұйымдастыру

  1. Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларын топтастырыңыз.

Әбу Сәрсенбаев шығармалары









  1. Топтық тапсырмаларды орындаңыздар.

1-қатар: Екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білесіңдер,ақын сөзін кімге арнаған?

2-қатар: Ақынның: Сенің келешегің үшін берді ол азаттық жолда аяғын! - деуінде қандай мән бар,нендей жауапкершілік жатыр?

3-қатар:Сый, құрмет, имандылық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

3. Ел тыныштығы, бейбітшілік, бірлік туралы мақал-мәтелдер жазып, олардың мағынасын ашыңыз:

1.Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларын топтастырыңыз.

«Капитан ұлы»

Әбу Сәрсенбаев шығармалары«Тулаған толқында» «Дүлей теңіз»



«Ақ Жайық» «Балықшы әні»

«Матрос жыры» «Сен құрметті оны» «Туған жер»



  1. 1-қатар:

ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде 1941-45 жылдары ҰОС орын алды.

2-қатар:

Келешек үшін күресте жанын қиған батырларға деген құрмет жатыр.

3-қатар:

«Құрмет» дегеніміз - сыйлау, қадірлеу.



  1. Бірлік болмай, тірлік болмас.

Ырыс алды - ынтымақ.

Оқушылар Ә.Сәрсенбаевтің өлеңдерін топтастыру арқылы ақын шығармашылығымен танысады.





Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланады.



Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жазу арқылы танымдарын кеңейтеді, олардың мағынасын түсіндіру арқылы мәнерлі сөйлеуге дағдыланады.

VI.Үйге тапсырма

  1. Ә.Сәрсен баевтың шығарма шылығы туралы ақпарат жинақтау;

  2. Өлеңдердің қалағанын жаттау

Үй тапсырмасын тыңдап, түсініп алады.

Сұрақтары болса қояды.

Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге үйренеді.

Қорытындылау

Оқушыларды білімдеріне сай бағалау.

Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды.

Оқушылар кемшіліктері,

жетістіктері туралы біле

отырып бағаланады.



© 2010-2022