Конспект урока по педагогике по теме

Конспект урока по педагогике по теме: "Тәрбие әдістері, жіктелуі. Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістері". Сабакта тәрбие әдістерінің толық классификациясы, әдістердің анықтамасы көрсетіледі. Оқушылардың топтық жұмысы қолданылған. Топтық оқу әркеті арқылы тәрбие әдістері, жіктелуін,адамгершілік (қоғамдық) сананы калыптастыру  әдістерінің мәнін жете түсінуге жағдай жасау. Сабақтың міндеттері 1. Тәрбие әдістері,  адамгершілік (коғамдық) сананы калыптастыру  әдістері деген ұғымдардың мәні мен ма...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Педагогика

Сабақ № 11

Сабақты өткізу күні:


Сабақтың тақырыбы: Тәрбие әдістері, жіктелуі. Адамгершілік (коғамдық) сананы калыптастыру әдістері.

Сабақтың мақсаты:

Топтық оқу әркеті арқылы тәрбие әдістері, жіктелуін,адамгершілік (қоғамдық) сананы калыптастыру әдістерінің мәнін жете түсінуге жағдай жасау.

Сабақтың міндеттері

1. Тәрбие әдістері, адамгершілік (коғамдық) сананы калыптастыру әдістері деген ұғымдардың мәні мен мазмұнын меңгерту.Тәрбие әдістері және жіктелуіне байланысты ой-пікірлерді талдау.

2.Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту. Оқу материалын жүйелей білу, сөз сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

3. Топпен жұмыс істей білуге, ізденімпаздыққа,белсенді жұмыс істеуге баулу.

Негізгі түсініктер: Тәрбие әдістері, тәрбие тәсілдері, тәрбие құралдары

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі «Педагогика» оқулығы Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова; Ж.Ә.Әбиев, А.М.Құдиярова Педагогика; С.Әбенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», С.Г.Губашева, А.Ж. Отарбай Тәрбие жұмысының әдістемесі.

Сабақ типі: жаңа материалды түсіндіру сабағы

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер сұрақ-жауап, түсіндіру,көрнекілік, проблемалық, ізденіс, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі,психология,тарих.

Сабақтың жоспары

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

I.Ұйымдастыру кезеңі

а). оқушылармен амандасу;

ә). топ оқушыларын түгендеу;

б). психологиялық жағдай жасау.

а).оқушылар орнынан тұрып ілтипат көрсетеді

ә). кезекшінің мәлімдемесін тыңдау; б). сабаққа деген көңіл күйлерін білдіреді.

Сабаққа әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру


  1. Анықтамалар «пирамидасын» құрастыру,

  • ......-бұл ғылыми түсінік,ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну.

  • ..........-бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру.

  • ..........-белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі.

2. «Тарихи деректер» стратегиясын қолдана отырып, қоғам дамуының әр сатысындағы және сол кезеңдегі ағартушылардың тәрбие мақсаттары жайлы пікірлерін естеріне түсіру.

(толықтыруға байланысты тапсырмалар)

Тарихи дәуірлер

Тәрбие мақсаты

Алғашқы қауымдық құрылыс

Құлиеленушілік қоғамдық құрылыс

Феодалдық құрылыс

Капиталистік қоғам

Соцалистік қоғам

Қазіргі кезең


3. Берілген авторлардың тәрбие мақсатына берген берген анықтамаларын анықтап, екі автордың

анықтамалары бойынша Венн диаграммасын жасау. жасау.

1топ Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д Ушинский

2 топ А.Дистервег, П.П.Блонский, А.С. Макаренко

3 топ Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин,

4топ А.Құнанбаев, М.Жұмабаев

4. Тәрбие принциптерін анықтау.

Тәрбие принциптеріне толығырақ тоқталу үшін әр топқа бірнеше түйін сөздер беріледі.

1топ мәдениетті, парасатты, еңбекқор, алтын желі

2топ денсаулығы, сыртқы әсерлерге жауабы

3топ іскерлік, өнімді еңбек, үлкен мен кіші, ұжым

4топ жүйелілік, отбасы ,қоғамдық ұйымдар.

5. Келесі анықтаманы ашу үшін ,педагогикалық жағдаяттар шешкізіледі.

1топ Сынып оқушылары еңбек сабағында оқу тәжірибе алаңында еңбек құралының бірі күректің сабын дайындап жатты. Оқушылардың барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен болды.Мұғалімнің ескертуіне ол: «Мен болашақта дәрігер боламын, маған күректің қажеті болмайды», - деп тәкаппарлықпен жауап берді.

2топ Жұмысқа жаңа орналасқан оқытушы оқушыларға өзін қатал етіп көрсету үшін, тәртіп бұзған оқушыларды тұрғызып қойды.

3топ «Әліппе» сабағында 1-сынып оқушысы өзінің жерге түсіп кеткен өшіргішін іздеп, орнынан тұрып кетті. Таба алмаған соң қасында отырған оқушылардан «Өшіргішімді көрген жоқсың ба?» - деп сұрады. Мұғалім екі оқушыны да бұрышқа тұрғызып қойды.

4топ Жексенбі күні Айдар әкесімен бірге орманға саңырауқұлақ теруге барды. Күні бойы орман кезіп шаршаған, асыққан олар трамвайдың ішінде бір-біріне қарама-қарсы отырған еді. Кезекті аялдамадан трамвай қозғалған кезде Айдар отырған орындықтың тұсына бір әйел келіп отырды. Үстіне әдемі мерекелік көйлек киіпті.

Айдар орын беру керектігін түсінді, тіпті орнынан тұрғысы келгендігін қимылмен байқатты да, бірақ әйелдің өзіне көңіл бөлмегенін көріп, терезеге бұрылып отыра берді.Әкесі орнынан тұрды.

-Отырыңыз, деген әкесінің даусын естіді Айдар.Айдар құлағының ұшына дейін қызарып, орнынан ұшып тұрып.

-Отыр!Мен түрегеп тұрам,- деді.

ӘкесіАйдардың ісін солай болу керектігін ұғып, орнынан отыра бере сыбырлай сөйлеп:

-Байқампаз болу керек, балам,-деді.

Анықтамалар «пирамидасын» құрастыруда топ оқушылары тапсырмаларды орындап өз білімдерін шапшаңдықпен көрсетеді.


2. «Тарихи деректер» стратегиясы арқылы қоғам дамуының әр сатысындағы және сол кезеңдегі ағартушылардың тәрбие мақсаттары жайлы пікірлерін естеріне түсіреді.

Тарихи дәуірлерге жеке-жеке тоқталады, өз ойларын ортаға салады.

-Ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. -Құлиеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.

-Мырзалар үшін -құдайға сыйыну. Құлдар үшін-құдай мен қожайынға бағыну.

- Даралану негізінде жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру

- Ұжымшылдық негізінде тұлғаның дамуына жағдай жасау.

Қазақстанның егемендігін қамтамасыз ететін, оны бүкіл дүниежүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қолжеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.

3.Авторлардың анықтамалары бойынша екі автордың ойлары бойынша Венн диаграммасын жасайды.

Әр топ жеке-жеке авторлардың анықтамаларына анықтама береді, бір-бірінің ойларын тыңдайды, өз ойларын ортаға салды.


4. Әр топ оқушылары берілген түйін сөздермен жұмыс жасайды.

Өзін-өзі тәрбиелеу бойынша оқушылар өздері үйде дайындап әкелген тапсырмаларын көрсетеді. «Менің атым Қожа» фильмінен көрініс, слайд көрсетті.


5. 1-топ. Берілген жағдаяттарды топтарымен оқып талдайды. Мұндай жағдайда мұғалім не істеуі керек деген сұрақтарға жауап береді.



2-топ оқушылары берілген жағдаят бойынша мұғалім іс- әрекетіне талдау жасайды.

3- топта берілген жағдаяттағы берілген жағдайды болдырмау жолын айтады.


Жағдаятты талдауға арналған сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ :Айдар нені сезінді, ол оның мінез-құлқына қалай әсер етті?

- өзі іс-әрекетін тапсырылған тәртіппен орындайды;

- сұрақтарға толық еркін жауап береді;


-тарихи деректерді еске түсіру кезінде ұжымдық қарым-қатынас сыйластық, бір-бірінің ойын толықтыру көрінеді;

- пәнге деген қызығушылығын арттырады;

-өмірге деген көзқарасын қалыптастырады;

-оқушылар ортақ тапсырманы бірлескен еңбекпен орындағанда, өзара қарым-қатынасқа түседі;




- еркін пікір алмасып, жолдастарының пікіріне сын көзбен қарауға үйренеді;

- анықтамалармен жұмыс істей білуге үйренеді.


- аса бағалы тәжірибе алмасады;

- әлеуметтік -белсенді тұлғаны қалыптастыруға, оқушылардың қоғамдық өмірге саналы, белсенді қатысуға, өз көзқарасын қалыптастыруға, дәлелдеуге жаттықтырады;

ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру.

1. Тәрбие әдістері, жіктелуі.






















2. Адамгершілік (коғамдық) сананы калыптастыру әдістері.

Студенттерге мәлімет беріледі, сол бойынша кестені толтырады.

«Тәрбие әдісі» ұғымының анықтамасы

Назар

аударылған

мәселе

«...Баланың жеке басына жанасудың, ықпал етудің құралы» (А.С.Макаренко)

Баланың жеке басына жанасу, ықпал ету

«...Тәрбиешілер мен тәрбнеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері»

(Ю.К. Бабанский)

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер дің өзара байланысына

«...Оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал етіп, көзқарасын және мінез-құлық әдістері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында тәрбиешінің ықпал ету тәсілдерініңжиынтығы».

(Т.А. Ильина)

«...Педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету» (Татьяна Ефимовна Конникова)

4. «...Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері»

(Ж.Б. Қоянбаев)

5. Біздің пікірімізше.............

Пирамидадағы келесі анықтама беріледі.

Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі.

Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншықтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.

Тәрбие әдістерінің жіктелуіне тоқталсақ,қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар
1. Сипатына қарай:

-сендіру;

-жаттықтыру;

-мадақтау және жазалау;

-іс-әрекетті ұйымдастыру;

-оқушының тәртібіне ықпал ету.

2.Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
- адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
- әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.

3.Альберт Петрович Пинкевич 2-ге бөлген

- педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін,

- тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген.

4.Иван Сергеевич Марьенко төмендегідей топтастырған:

-түсіндірмелі-репродуктивті;

-проблемалық;

-үйрету және жаттықтыру әдістері;

- ынталандыру;

-тежеу;

-басшылық ету;

-өзін-өзі тәрбиелеу.

5. Т.Е.Конникова мен Галина Ивановна Щукина және Виталий Александрович Сластенин

4 топқа бөледі

- Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
- Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
- Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
- Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

Оқулықтармен жұмыс

1топ - 2-сынып Ы.А.Алтынсарин «Бақша ағаштары»

2-топ - 2-сынып Т. Қажыбаев «Әдеп»

3-топ - 3- сынып Ы.А.Алтынсарин «Таза бұлақ»

4-топ - 1-сынып «Әке мен бала»

1). Әңгімедегі негізгі идеяны табу.

2). Топпен талқылау арқылы әр тәрбие әдісіне анықтама жазғызу.

Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары.

Әңгіме оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.

Пікірталас. Латын тілінен «талқылаймын, таласамын» ұғымды білдіреді.Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.
Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.

Келесі айтылғансөзге назар аударайық «Уағыз жолы ұзақ,өнеге жолы қысқа» Сенека

Қалай түсінеміз? Ондай болса келесі тәрбие әдісі

Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.
Сендіру-тәрбиеленушінің санасына жан-жақты әсер ету.

Тәрбие әдісінің өзіндік қызметтері бар:

1. Бала сезіміне әсер етеді

2. Баланын мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, санасына, ерік -жігеріне әсер етеді

3. Жағымды мінез-құлық нормалары қалыптастырады.

4. Баланы қолайсыз ықпалдардан оқшаулайды.

5. Баланы дамыту

6. Баланы қалыптастырады.

6. Берілген кестені толтыру.

А.С.Макаренконың анықтамасы бойынша кестені толтыру;

Ю. К. Бабанский бойынша анықтамамен жұмыс жасау;

Т. А. Ильинаның анықтамасын зерделеу.


Т. Е. Конникованың тәрбие әдісі ұғымына берілген анықтамасы бойынша кестені толтыру;

Ж. Б. Қоянбаевтің анықтамасы бойынша ой жинақтау.


Өз пікірлерін ортаға салады.

7. Дәптермен жұмыс.

Берілген тәрбие тәсілдерін, тәрбие құралдарын студенттер дәптерлеріне жазып алады

Іс-әрекет түрлерін (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншықтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.











8. Әр топ студенттері берілген әңгіме бойынша жұмыс жасайды:

1). Әңгімедегі негізгі идеяны табады;

2). Әңгімені қандай әңгімеге жатқызуға болатынын анықтайды.

3). Топпен талқылау арқылы әр тәрбие әдісіне анықтама жазу.

Берілген анықтамаларды дәптерлеріне жазып отырады.

- білімді өз бетінше іздей біледі;

- білімді өз бетімен талдап,

таңдап, өзгерте, сақтай біледі; - үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп, басқадан сұрауға әзірленеді;

- жаңа сабақ пен өткен сабақтың байланысын орнатуға үйренеді.

-әртүрлі берілген анықтамалармен жұмыс жасай біледі;

-әр анықтамаға өз ойларын жазады;

-өз пікірлерін ортаға салады.





-керекті деректерді дәптерлеріне түрте білу;

- тәрбие құралдарына берілген анықтаманы жазу;

-тәрбие құралдарын ретімен жазу;



-сиптанына қарай жазу;

-нәтижесіне қарай топтастырлыған тәрбие әдістерін жазу;









-шығармашылық белсенділігі артады;

-шығармалардың тәрбиелік мәнін ашады;





ІҮ.Жаңа білімді бекіту

Бүгінгі танысқан тәрбие әдістеріне кесте бойынша талдау жасау

(Слайдта көрсетіледі)

Тәрбие әдісі

Тәрбиеші

іс-әрекеті

Тәрбиеленуші

іс-әрекеті

Ұтымды жағы

Кемшіліктері

Этикалық

әңгіме

Тәртіп ережелерін бұзған оқушылардың қылықтары талданады

Өз пікірлерін айтады

Оқушыларға ойтүрткі болып, өз пікірлерін білдіруге үйретеді

Сөз көп

Пікірталас


Түсіндіру


Өнеге


Тәрбие әдістеріне кесте бойынша талдау жасайды.

- қорытынды жасай білуге үйренеді;

- шығармашылық қабілеттері артады;

-өз пікірлерін ортаға салады;

-ой түрткі жасалады.

V.Бағалау. Қорытынды.

Тақырыпты қорытындылап, бекіту. Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.

«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар және рефлексия арқылы ойларын қорытындылайды. Бағаларын біледі.

Өздерінің және өзге оқушылардың іс-әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді. Өз қызметіндегі қызығушылықты анықтайды.

VI.Үйге тапсырма.

  1. Ш.Х.Құрманалина, Педагогика, 130-беттер қосымша оқу.

  2. Этикалық әңгімелер жазу.

Үйге тапсырмасымен танысу, күнделігіне жазу.

Басқа әдебиеттер бойынша қосымша ақпаратпен танысады.


© 2010-2022