Коучинг Рефлексия жайлы, оның түрлері мен классификациясы

Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг №1 «Рефлексия»

Тақырып

Рефлексия

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық ,интернет

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерге сабақтағы рефлексия жайлы, оның классификациясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.
Оқушылардың көңіл - күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер сабақтағы рефлексия жайлы, оның классификациясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Рефлексияның мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл - күйіне, оқу материалдарына қалай рефлексия жасау керектігін біледі.

Түйінді идея

Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.Сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып,меңгерілген біліммен салыстырылып,өзіндік түсінік пайда болады.

Ресурстар:

флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.

Коучинг сессияның өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

Уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

2 мин

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Сергіту сәті.

(жақсы психологиялық ахуал орнату)

6 мин

Әуенді терапия. Мұғалімнің кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйін көтеру

Топқа бөлу

2 мин

Түстер арқылы

Ой шақыру

2 мин

Сабақ тақырыбын ашу үшін видео көрсету

  • «Сайманның презентациясы»

- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?

Мағынаны ашу

5 мин

Рефлексия дегеніміз не?
Рефлексияның мақсаты не?
- Рефлексияның қандай түрлерін білесіздер?
- Қандай әдіс - тәсілдері бар?
Рефлексия туралы білетіндеріңіз туралы ойланыңыздар.Жұптарыңызбен талқылаңыз. Топта талқылаңыз, тұжырымдамалық карта жасаңыз

Топтық жұмыс

3 мин

  • Топтар бірін- бірі тыңдап, түйінді идеяны табады

Теориялық материал

10 мин

Презентация (Рефлексия түрлері)

Слайд арқылы мұғалімдерге сабақтағы рефлексия жайлы, оның классификасиясы, формасы жайлы мәліметтер беру.
• Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс - тәсілдер: Көңіл - күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с
Мысалы: «Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті "алма" беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл - күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл - күйім жоқ.
Немесе «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс. (Мысалы: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
• Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы (кері байланысы)
- Аяқталмаған сөйлем әдісі; тезистер беру; афоризм таңдау
- "Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін" деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.
- "Синквейн" әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетін
анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мысалы: "Аяқталмаған сөйлемдер" * Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.
*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.
* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім
*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.
*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым
* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді

«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - "қолымнан келмей жатыр" немесе " түсініксіз болып тұр " деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.

Топтық жұмыс

10 мин

Әр топқа танысу үшін «Рефлексия түрлері» беріледі.

Тапсырма: Сабақтарға рефлексияны қалай ұйымдастырар едіңіздер? Топтар ақылдасып сабаққа рефлексияны қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды.

Рефлексия

5 мин

Кері байланыс

Сабақта

  • Мен білдім ...

  • Мен үйрендім ...

  • Маған ұнады ...

  • Қиындық туғызды

Коучинг Рефлексия жайлы, оның түрлері мен классификациясыКоучинг Рефлексия жайлы, оның түрлері мен классификациясы

Коучинг Рефлексия жайлы, оның түрлері мен классификациясыКоучинг Рефлексия жайлы, оның түрлері мен классификациясы











© 2010-2022