Олимпиадные материалы по казахскому языку

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі бойынша олимпиадалық тапсырмалар

Сынып:8

1.Мәтінді оқы,сұрақтар қой,мазмұнын айтып бер.

Қымыз

Қымыз-қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қазақтың ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста сақталады. Қымызды ағаш күбіге немесе торсыққа ыстайды. Ысталған қымыз тәтті болу үшін қымызға жылқының қазысын немесе жалын салып қойып, көп піседі. Алғашқы қымызды ауылдың қарияларын шақырып таттыру рәсімін орындаған. Ол ырымдар бие сүтінің мол болуын тілеуге, бата беруге арналған.

2.Грамматикалық тапсырманы орында.

Келесі сөздерге морфологиялық талдау жаса.

«Қымызды, дәмді,орындаған»

3.Тест сұрақтарына жауап бер.

1. Дұрыс әріпті табыңыз: «Қазақ тілін ме...геру қажет»

А)н.

В)м.

С)и.

D)й.

Е)ң.

2. Тек қатаң дауыссыздарды көрсетіңіз.

А)Ғ,Г,Д,Т

В)Қ,К,П,Т

С)Р,Л,М,Н

DБ,В,Г,Д

Е)С,3,-Б,П

3. Ұяң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөздер қатарын анықтаңыз.

А) Аула, мектеп,алаң.

В) Бөлме, сынып, қабырға.

С) Терезе, әйнек, есік.

D) Біз, жаз, жүз.

Е) Үзіліс, сабақ, қоңырау.

4. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

А) Қанша.

В) Ұлт.

С) Оқу.

D) Елім.

Е) Дауа.

5. Бітеу буынды сөзді табыңыз.

А)Ер.

В) Сөз.

С) Екі.

D) Алды.

Е) Замана.

6. Болымсыз етістікті көрсетіңіз.

А) Барма.

В) Барды.

С) Отыр.

D) Барар.

Е) Бармақ.

7. Мақалды толықтырыңыз: «Отансыз ... - ормансыз бұлбұл»

А) ел.

В) адам.

С) жер.

D) аспан.

Е)ер.

8. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көрші - қолаң.

В) Арман - мұрат.

С) Салт - дәстүр.

D) Жұт - жұрт.

Е) Соғыс - бейбітшілік.

9. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.

А) Екімен.

В) Екіден.

С) Екіде.

D) Екінің.

Е) Екіні.

10. Туынды түбірді табыңыз.

А) Бөлім.

В) Арыстан.

С) Мектеп.

D) Жапырақ.

Е) Мәдениет.

11. Ілік септігіндегі зат есімді табыңыз.

А) Күн.

В) Қолында.

С) Оқудан.

D) Қалаға.

Е) Ауылдың.

12. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз.

А) Тапқыр.

В) Ұзын.

С) Білгіш.

D) Ашық.

Е) Ақылсыз.

13. Тек қана жуан дауысты дыбысы бар сөздерді белгілеңіз.

А) Сабақ.

В) Бүгін.

С) Жаздыгүні.

D) Күндіз.

Е)Ел.

14.Ұяң дыбыстарды көрсетіңіз.

А)б,в

В)й, л

С)ч,ш

D)қ,к

Е)р,У

15. Туынды зат есімді табыңыз.

А) Үстаз.

В) Қойшы.

С) Жол.

D) Тас.

Е) Әже.

4. «Менің досым» деген тақырып бойынша эссе жаз.

5. Отан деген тақырыбына мақал -мәтелдерді жаз.



Қазақ тілі бойынша олимпиадалық тапсырмалар

Сынып:9

1.Мәтінді оқы,сұрақтар қой,мазмұнын айтып бер.

Туған жердің тарихы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқсан айында жарияланды. Қазақстан Республикасының шекарасы 15 мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 3 мың шақырымы сумен өтеді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстігіміздегі көршіміз - Ресей Федерациясы, онтүстік шығыс және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстығы шекараларымыз -Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары. Ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Республика аумағында 4750 түрлі өсімдік өседі.

2.Грамматикалық тапсырманы орында.

Сөйлем мүшелеріне талдау жаса,сөз таптарын анықта.

Қазақстан Республикасының шекарасы он бес мың шақырымнан асады.

«Өсу» деген етістікті нақ осы шаққа қойып жаз.

3.Тест сұрақтарына жауап бер.

1.Бірыңғай жуан бітеу буынды сөзді

табыңыз.

A) Тапсырма.B) Таңда.

C) Жиналды.D) Қалдыр.E) Тапшы.

2. Біріккен сөзді көрсетіңіз.

A) Ер Тарғын.B) Бала-шаға.

C) Оқу-ағарту.

D) Қасқабұлақ.

E) Жолаушы.

3. Көйлек-көншек, ыдыс-аяқ,

көрпе-жастық қандай сөздер екенін

табыңыз.

A) Біріккен сөздер.

B) Қысқарған сөздер.

C) Дара сөздер.

D) Тіркесті сөздер.

E) Қос сөздер.

4. "А, О, Ұ, Ы" қандай дыбыстар

екенін көрсетіңіз.

А) Езулік.В) Қысаң.С) Еріндік.

D) Жуан.Е) Ашық.

5. Тек қатаң дауыссыз дыбыстарды

табыңыз.

А) Ы, с, х, м, ң.В) Қ, ш, ғ, д, г.

С) Б, в, ғ, г, з.

D) А, м, р, т, н.

Е) С, т, п, к, к

6. Бірыңғай ұяң дауыссыз дыбысты

сөзді белгілеңіз.

А) Керім.В) Гауһар.С) Арман.

D)Жаңбыр.Е) Ғазиз.

7. Тек ашық буыннан тұратын

сөзді табыңыз.

А) Арқар.В)Тамыр.

С) Тамаша.D) Шам.Е) Дастархан.

8. «Мемлекет» сөзінде қанша буын

барын табыңыз.

А)4.В)3.С)6.Б)5.Е)2.

9. Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.

А) Заттың қимылын.

В) Заттың сапасын.

С) Заттың ретін.

Б) Заттың бөлшектік санын.

Е) Заттың белгісін.

10. Мұсылман мәдениетінің орталығы

саналатын қаланы белгілеңіз.

А) Түркістан.В) Алматы.

С) Астана.D) Шымкент.Е) Қызылорда.

11. Тәуелсіздік монументі қай қалада

екенін анықтаңыз.

А) Шымкент.В) Астана.С) Алматы.

D) Тараз.Е) Қарағанды.

9. Бір аптада неше күн бар екенін

анықтаңыз.

А) Он екі күн.

В) Жеті күн.

С) Төрт күн.

D) Отыз бір күн.

Е) Отыз күн.

10. «Күн» сөзімен тіркесетін

ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

А) Салқын.В) Алтын.С) Сары.

D) Жылы.Е) Ыстық.

11. «Ақылшы», «кеңесші»

синонимдерінің орысша аудармасын

анықтаңыз.

А) Серезный.В)Умный.С) Советник.

D) Здоровый.Е) Красивый.

12. Біріккен сөзді анықтаныз.

Талдықорған қаласы - Алматы

облысының орталығы.

А) Талдықорған.В) Орталығы.

С)облысының D)қаласы

12. Зат есім тудырушы жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.

А) Келді.

В) Дайында.

С) Достық.

D) Мемлекет.

Е) Баста.

13. Туынды зат есімді табыңыз.

А) Бала.

В) Кітапқа.

С) Сушы.

D) Көлдің.

Е) Үйді.

14. Жай шырайды табыңыз.

А) Қып-қызыл.

В) Қызғылт.

С) Өте қызыл.

D) Қызыл.

Е) Тым көрікті.

15. Септеулік шылауды табыңыз.

А) Және.

В) Үшін.

С) Өйткені.

D) Егер.

Е) Мен.

4. «Менің Отаным -Қазақстан» деген тақырып бойынша эссе жаз.

5. Отбасы деген тақырыбына 5 мақал -мәтел жаз.



© 2010-2022