Сабақтың тақырыбы Қазақстанның «Қызыл кітабы»

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның «Қызыл кітабы».

Сабақтың мақсаттары:

- «Қызыл кітап» туралы түсінік беру; тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту;
- Оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.

- Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ / білім, білік, дағдыны қолдану сабағы /

Көрнекілік: суреттер, слайд, кітаптар, кестелер, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың тақырыбымен таныстыру, жұмысқа белсендіру.

2.Өткен тақырыпты қайталау. Сұрақ - жауап.

- экология деген ұғымды кім енгізген?

- табиғатты қорғау деген не?

- бүгінде табиғатты қорғау қандай мәселеге айналды?

- егер ауа бүлінсе, су ластанса адаммен не болады?

- табиғатсыз не жоқ?

- елімізде табиғат байлығын сақтайтын не көп?

- Республикамызда қанша қорық бар?

- табиғат ненің көзі?

- қорықтар не үшін құрылған?

3. Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек!

Наурызым мемлекеттік қорығы , ол 1931 жылы ұйымдастырылған. Қазіргі кездегі алаңы 1914 мың гектарды құрайды. Қорық Қостанай облысының Науырзым мен Әулиекөл аудандарында орналасқан. 2002 жылы Наурызым қорығы «Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзендері» номенация құрамында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО тізіміне ұсынды. Көктем келген мезгілде дала көк кілемге айналады, екі түсті қызғалдақтар көктеп шығады. Қордың аумағында 342 омыртқалы жануарлар түрі белгіленген: 44 аңтар түрі, 282 құстардың түрі, рептилия мен амфибияның 3 түрінен және 10 балық түрлері. Науырзым борында тиіндар, тышқандар, қояндар бар. Негізгі фаунаны сүтқоректі кеміргіштер: сұр тышқандар, аламандар, саршұнақтар және дала суырлары құрайды. Көп омыртқалы жыртқыш аңдар: аққалақ, ақкіс, дала күзені, борсық, қарсақ, түлкі, қасқыр.

4. Жаңа сөздер:

Қорғау қоғамы - жойылып кету (құрып бара жатқан) -

Сиреп бара жатқан - омыртқалы жануарлар -

Тіркеу - санат -

Қалпына келтіру -

5. Жаңа тақырып: Балалар, табиғат біздің қоршаған ортамыз, байлықтың көзі. Бізідің еліміздің табиғаты бай екенін, сол табиғатты қорғау екенін білеміз. Бүгінгі сабағымыз осы табиғатта құрып бара жатқанаңдар, құстар, өсімдіктер жайында болмақ. Жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін,олардың жойылып кетпеуін қадағалау үшін арналған «Қызыл кітабы»туралы тақырыбымен танысамыз.

Мәтінмен жұмыс (оқушылар мәтінді оқып, түсініп, сұрақ құрастырып, бір-біріне сұрақ қойып жауап береді). Топпен жұмыс.

Табиғат - халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғауымыз қажет. Соған байланысты біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты«Қызыл кітап» деп атайды. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.Оның қызыл және сары беттері болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады. Ал Қазақстанда кітап 1978 жылы шықты.

Бірінші басылым

"Қазақстанның Қызыл кітабының" бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы - жойылып кету қаупі түрлері; Б категориясы - сирек кездесетін түрлер деп берілді. "Қазақстанның Қызыл кітабының" жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі,өсімдіктердің 307 түрі тіркелген.

Екінші басылым

"Қазақстанның Қызыл кітабының" толықтырылған екінші басылымы 1981 жылы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді.

Үшінші басылым

"Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымы шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы "Жануарлар" деп аталды. "Қазақстанның Қызыл кітабының" үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 санат бойынша:

  • 1-санат - жойылып бара жатқан.Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр, т.б.

  • 2-санат - саны жылдан-жылға азайып бара жатқан.Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

  • 3-санат - сирек кездесетін. Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.

  • 4-санат - ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген.Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан,т.б.

  • 5-санат - қалпына келтірілген түрлер.Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

  1. Оқу, түсіну

  2. Сұрақ құрастыру

  3. Әр топ бір-біріне сұрақ қояды

  4. 1 топ - 1 басылым туралы мазмұндайды

  5. 2 топ - 2 басылым туралы мазмұндайды

  6. 3 топ - 3 басылым туралы мазмұндайды

6. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орын- орнына қойып, сөйлем құрастырыңдар.

1.табиғаттың қорғай пайдалана отырып білуіміз керек байлығын

2. қорғау үшін табиғатты қоғамдық құрылды комитет

3. енгізілген сирек кездесетін ,,Қызыл кітапқа,, өсімдіктер мен жануарлар

7. Мақалды жалғастыр:

«Бір тал кессен, он тал ек»
«Дәрі шөптен шығады, дана - көптен шығады»,
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»
«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»
«Бұлақ көрсең, көзін аш»
«Жылап жүріп арық қазсаң,
Күліп жүріп су ішерсің»

8. Пысықтау кезеңі:

9. Сабақты қорытындылау:

- Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

- Табиғатты қалай қорғау керек ?

- Ол үшін не істеу керек ? / сұрақтарға жауап алу/

10. Оқушыларды бағалау.

11. Үйге тапсырма: ,,Табиғатты қорғау үшін менің қолымнан не келеді ?,,

/ шағын әңгіме /

Табиғатты сақтаңдар,
Құстарды атпаңдар.
Гүл жайнаған жерімді
Аялаңдар, сақтаңдар.

«Табиғат - тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!
Келешек сендердің қолдарыңда!»


© 2010-2022