Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Изтилеуова Асыл Жайлхановна

Хлебодаровка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: а) М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің мазмұнына, тақырыбына талдау жасай отыра идеясын ұғындыру.

ә) Шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз еркіндігіне баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту.

б) Оқушылардың бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, талдау, ой толғау.

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов, Қамбар Уалиев, Толомош Өкеев портреттері, «Көксерек» кинофильмінен үзінді (бейне таспа), интерактивті тақта.

Панаралық байланыс: табиғаттану, экология.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Дала тағысы - қасқырларға сипаттама, қасқырлар туралы мәлімет.

2. «Көксерек» фильміне байланысты деректер

3. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Әңгіме мазмұнына талдау жасай отыра тақырыбын ашу, идеясын ұғындыру.

Ой шақыру.

Әңгіме кейіпкерлері туралы мәліметтер беру.(слайдтар, бейне таспа)

Дәптермен жұмыс.

Көксерек әңгімесі 1929 жылы жазылған. Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген. Фильм режиссері - Төлемуш Өкеев. Фильм сценарийін жазғандар - Андрей Мочаловский. Эдуард Тропинин. Аударған - Ә.Кекілбвев. Құрмаш рөлін сомдаған - Қамбар Уалиев.

Әңгіменің жазылу тарихына тоқталу.

Композициялық құрылысына талдау жасау.

Композициялық элементтер Мазмұнының жоспары

1. Басталуы Қарадырдағы қасқырлар мекені

2. Дамуы Адамдардың қасқырлар апанын бұзуы

3. Шиеленісуі Ауыл адамдары көксеректен

көрген қорлығы

4. Шарықтау шегі Құрмаштың өлімі

5. Шешімі Көксеректі өлтіру

Мәтінмен жұмыс Мәтіннен Көксерек пен Аққасқа портреттерін тауып оқу, салыстыру.

1.Мәтінде кездесетін жер - су атауларын тауып оқу.

2.Мәтінде кездесетін өсімдік атауларын тауып оқу.

Дәптермен жұмыс

Тақырып - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы, шығармадағы автор көтерген басты мәселе.

Көксерек әңгімесінің тақырыбы - адам мен табиғат арасындағы байланыс пен қайшылық.

Идея - жазушының сол өзі суреттеп өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы «Көксерек» әңгімесінің идеясы - табиғаттағы байланыс үйлесімде болуы керек екендігін, адамның табиғаттың заңдылығын бұзуы апатқа әкелетіндігін білдіру.

Ой толғау.

1.Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі.

2.Адам және тылсым табиғат

Пікірталас.

Құрмаш өліміне кім кінәлі?

Қорыту.

Көксерек фильмінен үзінді көру

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Адам және табиғат. (Эссе жазу)



© 2010-2022