Ашық сабақ Жамбыл Жабаев

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Жамбыл Жабаев






Ашық сабақ.

Пән: Қазақ әдебиеті.

Күні: ………………..

Тақырыбы: Жамбыл Жабаев.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:

Ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзге жазушылардан өзгешелігіне көңіл бөлу.

ә) дамытушылық:

ауызша және жазбаша еркін, шешен сөйлеуге үйрету.

б) тәрбиелік:

Ойын еркін айтуға, отаншылдыққа тәрбиелеу, ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың өтілу әдісі:

Модульдық оқыту

Сабақтың көрнекілігі:

Ілияс Жансүгіров, Ж. Жабаевтың, С. Аронұлының, К. Әзірбаевтың, суреттері, тірек-сызбалар, плакат, сөзжұмбақ, компьютер, интерактив тақта.

Пәнаралық байланыс: өзбек тілі, саз өнері, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастырушы кезең: Сәлемдесу.

Оқушыларды сабаққа қатысуы, күнделік және конспект дәптерлерін тексеру. Нәтижелерін топ журналына жазу. (1-2 мин)

ІІ. Өткен сабақты қайталау: Сұрақ - жауап. Үш оқушы компьютерде тест сұрақтарын орындайды, қалған оқушыларға ауызекі сұрақтар қойылады. (10-15 мин)

Сұрақтар.

а) І. Жансүгіров кім?

ә) Ол қашан және қай жерде дүниеге келген?

б) Ақын алғашқы тәлімін қай жерде алды?

в) Оның шығармашылығы жайлы не білесіз?

г) Қандай тақырыптарда өлеңдер жазған?

ғ) Жансүгіров қандай поэмалар жазған?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау: Оқушылар жауаптары тыңдалып болғаннан кейін өткен сабақты пысықтау үшін бейне материал компьютер арқылы көрсетіледі. (2-3 мин)

IV. Жаңа сабақты өткен сабақпен баулау: Міне өткен сабағымызда сіздермен қазақ халқының көрнекті ақындарының бірі І. Жансүгіров жайлы мәлімет алдық. Ал енді біздің негізгі мақсатымыз отан тілін жетік меңгеру, қазақ тілінде өзіміздің ой - пікірлерімізді еркін айта білу. Ол үшін біз қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын жақсы білуіміз қажет. Сондай екен бүгінгі сіздермен өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы қазақ халқының ұлы ақындарынан бірі, айтыс өнерінің алыбы Жамбыл Жабаев туралы сөз қозғаймыз. (1-2 мин)

V. Жаңа сабақ:

Демек, сабағымыз Жамбыл Жабаев жайлы екен. Алдыңғы сабақта ақын жайлы оқушыларға үйде реферат жазып келу тапсырылған. Алдымен оқушылар өздерінің Жамбыл аталары жайлы жазып келген рефераттарын кезекпен қысқа-қысқа айтып қорғайды. (17-20 мин)

1-оқушы: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туылған.

2-оқушы: Жамбылдың әкесі Жапа (Жабай), анасы Ұлдан баласының атын өздерінің көшіп-қонып жүрген Жамбыл тауының атымен атаған.

3-оқушы: Жамбыл он төрт жасынан бастап өлең айтып, он бес жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. Ол Жетісу жеріне әншілігімен, ақындығымен әйгілі болған. Бұрымға, кейінірек Сараға ғашық болады.

4 оқушы: Ол бай мен кедейге, патшаға қарсы, Отан сүйгіштікке, Ұлы отан соғысы жылдарында елін, жерін жаудан қорғауға арнап, т.б. тақырыптарда өлеңдер жазған.

5-оқушы: Жамбыл бірнеше дастандар жазған.

1. Өтеген батыр.

2. Сұраншы батыр.

3. Көрұғлы.

4. Бақ, дәулет, ақыл.

6 - оқушы: Ол Кененнің ұстазы. Екеуі 1902 ж. қырғыз елінің би-манабы Шабденге ас беріп жатқанда танысады.

7-оқушы: Жамбылдың баласы Алғадай Ұлы Отан соғысында қаза табады. Жамбыл қатты күйніп жатып қалады. Сонда Сәбит Мұқанов: - Жакең, бір тыңдаса Кененді тыңдайды.- деп Қордайдан Кененді алдырған.

8-оқушы: Кенен сонда:

Ау, Жәке, көпті көрген батырымсың.

Қайғырып Алғадайға жатырмысың.

Пендеге бұл жалғанда өлім рас,

Тағдырдың сөгесін бе қылған ісін, - дегенде,

- Кененім келген екен ғой, - деп басын көтерген.

9-оқушы:

Алғадай майданға аттанғаннан кейін бір жетіден соң әйелі Жәмеш ұл туады. Атын атасы Қуаныш деп қояды. Ол немересін өзіне жұбаныш еткен.

Өте жақсы құрметті оқушылар. Ал, енді Жамбыл атамыз жайлы бір көрініс тамашаласақ.

Компьютер арқылы

Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Ұжымға ат қою мақсатында сұрақ қоямын.

1. Жамбылдың ұстазы кім? - Сүйінбай Аронұлы.

2. Шәкірті кім? - Кенен Әзірбаев.

"Сиқырлы сандықшамызда" сол үш есім жасырылған. Оны әр ұжым басшылары келіп алады.

І-топ - «Жамбыл» тобы.

ІІ-топ - «Кенен» тобы.

ІІІ-топ - «Сүйінбай».

Әр топтың басшылары тапсырмаларын алып, оны өз топтарымен бірге, белгілі уақыт аралығында орындайды. Осы уақытта әр топтан бір оқушыдан шығып компьютерде тест жұмыстарын орындайды. «Жамбыл» тобы «Зымыран» сұрақтарға жауап беру. «Кенен» тобы сөзжұмбақ шешу. «Сүйінбай» тобы тест тапсырмаларын орындау. «Зымыран» сұрақтары түскен топ бірінші жауап береді.

8 сұрақ, әр сұраққа 1 ұпай беріледі.

Зымыран сұрақтары:

1. Жамбылдың әкесінің есімі кім?

2. Жамбыл айтыстарының ерекшелігі неде?

3. Жамбылдың бір өлеңін жатқа айт.

4. "Маса" кімнің жинағы?

5. Жамбылдың соңғы жазған өлеңі.

6. 1936 жылы Жамбыл қай жерге барған?

7. "Құлагер" кімнің өлеңі?

8. Жамбылдың айтыстары ішінде ең көрнектісі қайсы?

ТЕСТ тапсырмалары.

1. Жамбыл қай жылы қайтыс болды?

А)1945 ж. С)1947ж.

В)1948ж. D)1944ж. Е)1946ж.

2. Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз.

А) «Өмір мектебі» С) «Өсиет»

В) «Менің қысқаша өмірбаяным» D) «Өмір, қымбатсың маған»

Е) «Менің мектебім»

3. Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» өлеңі қай жылы жазылды?

А)1945ж. С) 1941ж.

В)1942ж. D)1943 ж Е)1947ж.

4. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткен?

А)1884ж. С) 1885ж.

В)1881ж. D)1887ж. Е)1890ж.

5. «Кедей күйі» өлеңінің тақырыбын табыңыз.

А) Табиғат, жер С) Кедейлердің аянышты халі

В) Адамгершілік қасиет D) Достық Е) Білім, өнер

6. Ж.Жабаев «Өтеген батыр» мен «Сүраншы батыр» дастандарының негізгі желісін кімнен алған?

А) Шашубай С) М.Өтемісұлы

В) Қалқа ақын D) С.Аронұлы Е) Құлмамбет

7. 1941 жылы Жамбылға қай шығармалар» үшін мемлекеттік сыйлық берілді?

A) «Алынбас қамал» C) «Айтыстары үшін»

B) «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» D) «Ворошилов туралы поэма»

E) «Өлеңдері үшін»

8. Ж.Жабаевтың дастанын табыңыз.

A) «Гималай» C) «Сыр сандық»

B) «Жетісу суреттері» D) «Көрұғлы» E) «Мырқымбай»

Ашық сабақ Жамбыл Жабаев

САшық сабақ Жамбыл ЖабаевӨЗЖҰМБАҚ. Сөзжұмбақ сұрақтары:

Тігінен:

1. Жамбылдың әкесі.

2. Жамбыл айтысқан ақынның бірі.

3. Жамбылдың шәкірті.

4. Жамбылдың баласы.

5. Жамбылдың өлеңі.

6. Жамбылдың алғаш жазған өлеңі.

7. Жамбылдың сүйген қызы.

8. Жамбылдың туған жері.


Айтыс өнері жайлы әңгімелейміз. Жамбыл - айтыскер, суырып-салма ақын. Ол кімдермен айтысқан? әр топтағы оқушылар қол көтеріп жауап береді.

Құлмамбетпен, Бөлек қызымен, Айкүміспен, Бақтыбаймен, Шыбыл шалмен, Сарыбаспен, Досмағанбетпен, Шашубаймен.т.б.

Ұпай саны есептеліп отырады.

Балалар, біз Жамбыл атамызды айтыскер ақын ретінде танимыз. Ақындар айтысынан үзінді тамашалайық. Компьютер арқылы бейнетасма көрсетіледі.

"Өлең құрастыр" ойыны.

Үш топтағы оқушыларға Жамбылдың үш өлеңінің әрбір сөзін қиып беріп, қайта құрастырғызамын.

Тез және дұрыс құрастырған топқа бір ұпай беріледі.

Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай.

Қайтіп жаның ашымас,

Неткен заман қатыбас.

Еткен еңбек, төккен тер

Қалай түкке татымас,-

Батаңды маған бер, әке,

Тіліме менің ер, әке.

"Жапаның ұлы ақын боп,

Жақсы істепті"дер, әке.

Балалардың білімдерін жинақтау мақсатында «Топтастыру стратегиясы» бойынша жұмыс жүргізу.

«Үш топ өз топтарының атына тірек - сызбалар құрайды».

Ашық сабақ Жамбыл Жабаев

Жамбыл тобы:


Ашық сабақ Жамбыл ЖабаевКенен тобы:



Ашық сабақ Жамбыл Жабаев Сүйінбай тобы:



Баламалaқ тест өткізу.

Үш топтың жалпы жинаған ұпайларын есептейміз. Қайсы топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңген болып есептеледі.

Қорытынды. (4-5 мин)

Жамбыл жасы жұзге келіп отырғанда 1945 жылы 9 мамыр күні өзінің ең соңғы өлеңі "Жеңіс жырын" жырлаған. Бұдан азамат қартайса да, ақындық өнер, жыршылық рух қартаймайтынын көреміз.

Алатаудың өркешті ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып Жамбыл тұрады.

Тау мүжіледі, темір тозады, бірақ, халық мұңын мұңдаған, халық қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес. Жамбыл жыры - осындай жыр. Оны халқымыздың поэтикалық энциклопедиясы десе де болады. Ол төкпе жырдың дүлділі, халық бағының бұлбұлы.

Үйге тапсырма: Жамбыл өлеңдерін жаттап келу. (1-2 мин)

Мұғалім: .......................... Сарманов Акбархон.









Баламалaқ тест


  1. Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген.

Дұрыс

  1. Жамбылдың әкесі осы кездегі байлардың бірі болған.

Дұрыс емес

  1. Жамбылдың шешесінің есімі Ұлдан.

Дұрыс

  1. Жамбыл «Көрұғлы», «Өтеген» сияқты дастандар жырлаған.

Дұрыс

  1. Сүйінбай Аронұлы Жамбылдың шәкірті.

Дұрыс емес

  1. Кенен Әзірбаев Жамбылдың ұстазы.

Дұрыс емес

  1. Жамбыл 14 жасынан бастап өлең айтып, 15 жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алған.

Дұрыс

  1. Жамбыл «Жаз», «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңдерін жазған.

Дұрыс емес

  1. Жамбылдың баласы Алдағай соғыста қаза табады.

Дұрыс

  1. Жамбылдың соңғы өлеңі «Алатау».

Дұрыс емес




© 2010-2022