Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат тақырыбындағы тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сыныбы: 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат

Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.

Күтілетін нәтиже: өз бетімен іздену арқылы тақырыпты ашады, шығармашылық жұмыс топпен, жұппен орындалады.

Қолданылатын сілтемелер:

Сабақ түйіні: Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды.

Сабақ жоспары:

  1. Тарихқа тағзым.

  2. Соғыстан қайтқан солдаттар

  3. Біз Жеңістің ұрпағымыз...

  4. Біздің болашағымыз жарқын!

Жүрісі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1.Кіріспе

«Ақ көгершін» әнін орындау. (сергіту сәті)

«Ойқозғау сұрақтары»

  1. Жеңіс деген немене?

  2. Жеңістің дәмін не арқылы білдік?

  3. Соғыс деген немене?

«Қыран», «Айбын», «Бірлік» тобына біріктіру арқылы, сын тұрғысынан ойлатады.

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.

3 топқа бірігеді.

Ынтымақтастық атмосферасы құрылады.

Сұрақтарға жауап береді.

Шығарма оқиды.

М. Мақатаев «Меннен сұра» өлеңі

Тарихқа тағзым.

Майданға қатысқан қазақ батырлары жайында мағлұмат.

Видеоролик арқылы соғыс көрінісі.

Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні орындалады.

Карточкалар арқылы әр топқа сұрақтар береді.

АКТ арқылы видеоролик көрсетеді.

Сұрақтарға тарихпен байланыстырып жауап береді.



Хор орындайды

Соғыстан қайтқан солдаттар

1.Оқушылардың әртістік шеберлігін анықтау.

2.Өлеңдер оқылады.

Топтарға рөлді сомдауға тапсырма береді. (көрініс)

Әртістік қабілеттерін көрсетеді.

Өлеңді мәнерлеп, жатқа айтады

Біз Жеңістің ұрпағымыз...

1.Соғыс кезіндегі әдебиет өкілдерін шығармаларымен сәйкестендіру. Бауыржан Момышұлы нақыл сөздері.

2.«Катюша» биі

АКТ арқылы тапсырманы ұсынады.

Б.Момышұлы шығармашылығына тоқталады.

Оқушылар әдебиетке шолу жасайды.

Нақыл сөздерді жатқа айтады.

6 оқушы би билейді.

Біздің болашағымыз жарқын!

Суретті сөйлету.

Ашық хат дайындау.

«Аталарға ант» әні

Суреттер ұсынып, әр топтан суреттен түйгенін сұрайды.











© 2010-2022