Көркемдік ойлау шығармашылық үрдістің маңызы ретінде

Көркемдік ойлау шығармашылық үрдістің маңызы ретінде Кілттік сөздер: бейнелеу өнері, сәндік өнер, шығармашылық үрдіс, оқыту технологиясы, көркемдік ойлау, тәжірибелік іс. Дамудың тарихи үрдісінде объективті әлемді танудағы тәжірибелік ұғым – шығармашылық іс-әрекеттің маңызды алғы шарты екені белгілі. Әлемді түсініп қабылдай алу үшін адам тек қана, табиғаттағы заттың ерекшелігін тауып қана қоймай, сонымен қатар шынайылықты танып, жаңа ақиқатты құру үшін мүмкіндіктерді, амалдард...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көркемдік ойлау шығармашылық үрдістің маңызы ретінде

Жумагазина А.С., студент

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

Мемлекеттік университеті (Қазақстан)

Кілттік сөздер: бейнелеу өнері, сәндік өнер, шығармашылық үрдіс, оқыту технологиясы, көркемдік ойлау, тәжірибелік іс,

Дамудың тарихи үрдісінде объективті әлемді танудағы тәжірибелік ұғым - шығармашылық іс-әрекеттің маңызды алғы шарты екені белгілі. Әлемді түсініп қабылдай алу үшін адам тек қана, табиғаттағы заттың ерекшелігін тауып қана қоймай, сонымен қатар шынайылықты танып, жаңа ақиқатты құру үшін мүмкіндіктерді, амалдарды, оларды өзгерту тәсілдерін қарастыратыны анық.

Тәжірибелік және теориялық біліммен қатар шығармашылық білімге тартылған тәжірибеге сүйеніп, солар арқылы адамның шығармашылық ойы дамып, үнемі жаңарып, отыратыны сөзсіз. Сондықтан, шығармашылық маңызды мәселелерінің бірі білімді көкейкестендіру болып табылады. Мұңдағы негізгі маңыздылық адамның шығармашылық ойы мен қабілеттілігі мен икемділігі және дағдымен қатар белсенді өмірлік бағыты айқындалады.

Жалпы білім беру мектебінде бастауыш сыныптан бастау алатын оқушылардың бейнелеу өнері сабағында игеретін білімдерін, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты зерттеу қажет. Себебі бейнелеу өнері сабағында оқушылардың тек шығармашылық қабілеттері ғана емес, сонымен қатар ойлау, елестету, есте сақтау, сезіну, қиялдау, көре білу деңгейлері қоса дамиды. Сондықтан да оқушыларды жоғары дәрежеде дамыту үшін - ұстаз, уақытты үнемді пайдалана білу керек. Ол үшін алдын - ала әр сабаққа жоспар дұрыс құрылуы қажет.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін зерттегенде, оған тікелей қоршаған орта және әлеуметтік жағдай әсер етеді. Кез-келген пән мұғалімі сабақ түсіндіргенде; тақырып бойынша барлық оқушыға бірдей ақпарат береді, бірақ әр оқушы өзінше қабылдайды. Сыныпта отырған әр баланың психикалық көңіл-күйі бір қалыпта болуы мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімге түсетін салмақ, сабақта қанша оқушы бола тұра, олардың қызығушылығын, бар ынталарын бір арнаға шоғырландырып, мидағы басқа ойларды ыдыратып жіберуде. Әрине бұл айтуға ғана оңай, дегенмен өз маман иесі жұмысына мығым болса, оқушылар соғұрлым білімге, өнерге жақын болады.

Бейнелеу өнері сабағында қатып қалған қағида жоқ, оқушы өзін еркін сезіне алады деп айтамыз. Бірақ осы жерде қате түсінік қалыптасқан, бейнелеу өнері сабағында еркін тақырыпта ойына келгенін салуға болады деген. Бұл пікірді жою үшін ұстаз - теорияға сүйеніп, бейнелеу өнері тарихынан қысқаша құнды мағлұматтарды жеткізу қажет. Бұл орайда теория мен практиканы сабақтастырған дұрыс.

Басқа пәндерге қарағанда бейнелеу өнері пәні оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндігі мол. Мысалы, әр пән өзіндік бағытын - математикада ойлау қабілетін, қазақ тілінде оқу және жазу мәнерін, денешынықтыруда жылдамдығын қадағаласа, оқушылардың тек салған сурет дәптерлеріне қарап, оқушылардың ойлау дәрежесін, байқампаздығын, шыдамдылығын, ұқыптылығын, шапшаңдылығын, сезімталдығын шығармашылық қабілеттеріне қарай зерттеу жолдары арқылы анықтауға болады.

Көркемдік білімнің басты міндетінің бірі - абстракт түрінде дараланбайтын көркемдік бейненің нақты жемісі болатын көркемдік ойды жандандыру болып табылатыны белгілі.

Өнерде объективті ақиқаттың арнайы қайтарылым формасы ретінде көркемдік бейне адамның ойлық, рухани-танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттің нәтижесі екені анық.

Көркемдік ойлау тек қана оқып үйрену үрдісінде, оған жалғас кәсіптік іс-әрекет нәтижесінде дамыған шығармашылық іс-әрекеттің арқасында кәсіптік бола алатыны белгілі. Көркемдік бейненің күрделілігі мен қозғалысының барлығын ұғынумен қатар, біз оқу үрдісінде өзгеше бағдар бола алатын оның қалыптасу аспектісін айқындауымыз қажет.

Көркемдік бейненің барлығының маңызды факторы - жалпылау, яғни өмірлік құбылыстың, ұқсас адамдар немесе заттардың өзгешелік қасиеттерінің қосылыстарын ұсынатындай жалпылықты, қалыпты келбетті таба білу.

Көркемдік жалпылықтың шындығы көркемдік бүтіндіктің табиғи бөлігі ретінде қабылданатын бейненің шарттылығы арқылы көрсетіледі. Көркемдік бейненің іштей өз ерекшелігі - нақты психологиялық мінездеме арқылы қарастыруға мүмкіндік беретін ерекше сезімдік - эмоциялық тәрізді бейнелі ойлаумен тығыз байланысты.

Сонымен, көркемдік бейненің қалыптасуының маңызды бөлігі елестету боып табылады. Көрнекті психолог С.П.Рубинштейн: "Елестету арқылы жеке бағыттылықтың барлық түрі мен деңгейі көрінеді, олар елестетудің әр-түрлі деңгейін тудыруы мүмкін" - деп тұжырымдайды. [1,с. 15-17]

Эмоциялық елестету әр адамға туғаннан тән, ал, суретшінің елестетуі-тіпті жоғары деңгейде болуы шарт. Суретшінің шығармашылық іс-әрекетіне мүмкіндік туғызу үшін осы эмоциялық күйге кіруге үнемі көмектесіп отырған ләзім, бұл тек мейірімділік, ашықтық, түсіністікпен әрдайым қолдау ғана мүмкін екені белгілі көркемдік туындыны сезіну, қабылдау, бір нәрсе туралы елестету барысында туындайтын ассоциативтік қатардың нәтижесі болып табылады [2;3]. Ассоциацияның байлығы өмірлік тәжірибемен, елестету мен қиялдаудың түрлі дәрежесінде анықталады. Түстік ассоцияция арқылы суретшілер көңіл-күй мен адам мінезін көрсете алады десек артық болмайды. Суретшінің эмоциялық жады бай болған сайын ол өзінің айналасында болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдайды, оның тудырған көркем шығармасы әсерлі болып шығады. Әр суретшінің өзіндік реңктік қабылдау «палитрасы», өзіндік қабылдануы бар, сондықтан, сол бір тақырыпты әркім өзінше сомдайтыны рас.

«Сурет» және «сәндік өнерді» оқыту әдістемесі сабақтарына арналған тапсырмалар әр түрлі нұсқада болғаны жөн. Композициялық - ізденіс жұмыстарының рөлі өте маңызды екенін айтқымыз келеді. Көркемдік бейнені құруда мәнерлеп бейнелеу амалдарымен жұмыс барысында, әр оқушының жаңа жекелік, өзіндік өзгешеліктері пайда бола бастайды.

Сурет салу барысында әртүрлі саусақ жаттығуларын қолданып отырса, баланың ұсақ қол моторикасы дамып, есте сақтау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Баланы қазақ халқының керемет қол өнері туралы түсініктерін терең дамыту мақсатында екінші кішкентайлар тобынан бастап ұлттық ою - өрнкетерді қолданып әртүрлі суреттерді салуды ұсыну. Келесі топтарда ою - өрнектермен таныстыру жалғаса береді.
Баланың жан - жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді.

Бейнелеу өнері сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым - қатынаста болуы керек. Мысалы сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде матеметика сабақтарында шеңбермен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында доп туралы тақпақ жаттатқызу, мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет.

Көркемдік ойлау шығармашылық үрдістің маңызы ретінде

Геометриялық ою-өрнектер

Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы көлбеу рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 - 50 орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.

Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-өрнек те кең таралған. Ол кебеже мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады. 20 ғ-дың 60 - 80-жылдары Маңғыстау шеберлерінің қолынан шыққан кейбір үй жиһаздарында жұлдыз, балға мен орақ көп кездеседі. Ағаш бұйымдарда космогониялық ою-өрнектердің "жұлдыз", "шұғыла", "төртқұлақ", "бітпес", "шимай" деп аталатын түрлері кеңінен қолданған. Аталған ою-өрнектер, негізінен, ағаш бұйымдарында бірнеше рет қайталанып, ырғақ заңдылығымен орындалады. Космогониялық ою-өрнектер үй жиһаздарының орта тұсында және жиектерінде бедерленген. Мәселен, күн бейнесі, оның шұғыласы ағаш бұйымдарының ортасында шеңбер түрінде бедерленсе, ай бейнесі көбінесе қыз жасауларында жаңа ай күйінде өрнектеледі. Ал, толқын тәріздес шумақталған бұлт бейнесінің сыртқы пішіні бұйымдардың жиектерінде беріледі. Ағаш бұйымдарында көрініс тапқан ою-өрнек түрлері мен олардың мазмұны қазақтар арасында ағаш оймыштаудың біршама жақсы дамығандығын аңғартады.

Бейнелеу өнері сабақтарының негізгі мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан сабақта баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сабақтарда үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс - тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Сабақ соңында тәрбиеші балалардың жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылайды.
Көркемдік ойлау шығармашылық үрдістің маңызы ретінде

Өсімдік сипатты ою-өрнектер

Қазақтың ою-өрнегі - үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.

Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық, көбелек, ботамойын, түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.

Үй жиһаздарында кең пайдаланылатын Қазақ оюының келесі бір түрі - өсімдік сипатты ою-өрнектер. Олар тұрмыстағы ағаш бұйымдарда жиі кездеседі. Жалпы өсімдік өрнегінің жапырақ, гүл, сабақша, өткізбе, шиыршық, тамыр түрінде және жаңадан ашылып келе жатқан жауқазын бейнесінде ұшырасады. Өсімдік сипатты ою-өрнек, көбінесе, кебеже мен жүкаяқтардың, әбдірелердің беттерінде тігінен де, көлденеңінен де бедерленеді. Ал асадалдарда бұл ою-өрнектер бір-бірімен сабақтасып, тұтасқан түрінде беріліп отырады. Өсімдіктер ағаш бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы көрініс табады. Шебер оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған. Сондай-ақ, ағаш бұйымдарда өсімдік белгілері сабақтастырылған, шиыршықталған күйінде немесе шеңбер түрінде бедерленген. Бұл ою-өрнектің арасындағы бүгінде кең таралғаны ағаш сұлбасының абстракциялық түрдегі бейнесі. Аталған ою-өрнектің арасындағы келесі кең таралғаны - жапырақ тектес түрі. Жапырақтың, әсіресе, дара және топтасқан бейнелері көп қолданыс тапқан.

«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқыту үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігі артып, нәтижесі көрмелік ұйымдастыруларда көрініс тапты [4]. Көрсетілген жұмыстар жоғарғы көркемдік ойлауға, сонымен қатар тиімді елестетуге куә бола алады. Онсыз болашақ еліміздің тұлғасының қалыптасуы мүмкін емес екені анық.



Әдебиеттер:

  1. Рубинштейн Н.С. Основы общей психологии СПб: Питер Ком. 1992-362с.

  2. Юсов Б.П. Взаимосвязь культурогенных факторов в формировании современного художественного мышления учителя образовательной области. «Искусство» Избранные труды по истории, психологии художественного образования и политхудожественного восприятия детей.-М: Компания Спутник - 2004-253 с.

  3. Стор И.Н. Декоративная живопись Основные проблемы курса М: МТИ им. Косыгина 1988-396 с.

  4. Сагимбаев А.А., Алгартова Г. Руководство изобразительной деятельностью детей (на каз. яз). Методическое пособие, Алматы: 2004 - 50 с.



© 2010-2022