Еңлік-Кебек дастаны тақырыбынан сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Еңлік – Кебек» дастаны. Мақсаты: а)ақын шығармаларының мазмұнын, көркемдік қуатын таныта отырып, сол замандағы әлеуметтік қайшылықтарды білуге, салт-дәстүр ерекшеліктерін таныту; ә) оқушыларды ақын шығармалары арқылы әділдікке, елін сүюге тәрбиелеу; б) оқушылардың ой-өрісін, тіл мәдениетін танымдық қызығушылығын дамыту; Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау Көрнекілігі: слайд, кітап, Шәкәрім шығармалары Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Оқ... Білемін Білдім Білгім келед         Үйге тапсырма: Дастанды оқып, Кебек пен Еңлікке мінездеме жазып келіңдер.   Бағалау:
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Еңлік - Кебек» дастаны.

Мақсаты: а)ақын шығармаларының мазмұнын, көркемдік қуатын таныта отырып, сол замандағы әлеуметтік қайшылықтарды білуге, салт-дәстүр ерекшеліктерін таныту;

ә) оқушыларды ақын шығармалары арқылы әділдікке, елін сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың ой-өрісін, тіл мәдениетін танымдық қызығушылығын дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау

Көрнекілігі: слайд, кітап, Шәкәрім шығармалары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, шолу сұрақтары арқылы сабаққа назарын аудару.

  • Шәкәрім қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

  • Шәкәрім қандай тілдерді білген?

  • Алғашқы өлеңдерін неше жасында жаза бастады?

  • «Жастық» өлеңін қандай үлгіде жазды?

  • Шәкәрім өлеңдерінің тақырыбы қандай?

  • «Еңлік-Кебек» дастаны туралы естігендерің бар ма?

Үй тапсырмасын тексеру:

(бір-екі оқушыдан ауызша, кейбір оқушылардан жазбаша сұралады)

Жаңа сабақ.

Сабақ слайд арқылы түсіндіріледі:

1-слайд. Шәкәрім суреті, сабақтың тақырыбы

2-слайд. Теориялық ұғымдарға (дастан, эпос) анықтама беру.

«Еңлік-Кебек» дастанының алғашқы басылымының мұқабасы.

3-слайд. «Еңлік-Кебек» дастаны туралы қысқаша мәлімет.

4-5 слайд. Басты кейіпкерлер Еңлік-Кебек, Нысан Абыз, Кеңгірбай бейнелері сызба-кесте түрінде түсіндіріледі.

6-слайд. Жаңа сөздер.

7-8-9 слайд. Еңлік-Кебек жасырынған Үйтас, екеуінің өлімі, Еңлік-Кебек мазары.

10-слайд. Шәкәрім мазары, бейнежазба.

Жаңа сөздермен таныстыру.

  1. Сөздерді оқу

  2. Сөздермен сөз тіркестерін құрау.

  3. Сөз тіркестерімен сөйлем құрау.

Тақтамен жұмыс: 1-тапсырма. Берілген сөздерге синоним, антоним жазу. Ауызша тіркесін құру:мықты, артық, жолдас, кең, мұңлы, заман, өңі.

Қорытынды:

  1. «Еңлік-Кебек» поэмасы қай жылы жазылған?

  2. Басты кейіпкерлері кімдер?

  3. «Абыз» деп кімді айтамыз?

  4. Олар қандай үңгірде жасырынған?

Білемін

Білдім

Білгім келед


Үйге тапсырма: Дастанды оқып, Кебек пен Еңлікке мінездеме жазып келіңдер.

Бағалау:

© 2010-2022