Математикалық регата 5-6 сынып

Тақырыбы: Математикалық регата   Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Регата тапсырмаларының ерекшелігін үйрету. Математикалық регатаны өткізу ережелері: 1. Регатаны өткізуші координатор тағайындалады. 2. Әділқазылар алқалары-6 адам. 3. Командалар-4 адамнан. 4. Регатаның ережесі: 3 турдан тұрады және әрбір турда 3 есептен беріледі. Тапсырмалар логикалық есептерден құралған.   Тур Уақыт Әр есептің ұпай Барлық ұпай 1 тур 10 минут 6 ұпай 18 ұпай 2 тур 15 минут 7 ұпай 21 ұпай 3 тур 20 минут 8 ұпай 24 ұпай Барлық турдың максималды ұпайлары саны 63 ұпай   Тапсырмалары: 5-6-сынып І тур. 1.1. Балмұздақтың 5 бөлігі су, 2 бөлігі майлы сүт, 3 бөлігі қанттан тұрады.1кг балмұздақ дайындау үшін қанша су, майлы сүт және қант керек? 1.2. Жарысқа 117 спортшы қатысты. Ондағы ұлдардың саны қыздардың санынан 39-ға артық. Жарысқа неше ұл бала қатысты? 1.3. Жолда келе жатқан екі машинаның арақашықтығы 200км. Машиналардың жылдамдығы 60км/сағ және 80км/сағ. 1 сағаттан соң олардың арақашықтығы қандай болады?   ІІ тур. 2.1. Спорт клубына 80 кішкентай және үлкен д...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Математикалық регата

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Регата тапсырмаларының ерекшелігін үйрету.

Математикалық регатаны өткізу ережелері:

1. Регатаны өткізуші координатор тағайындалады.

2. Әділқазылар алқалары-6 адам.

3. Командалар-4 адамнан.

4. Регатаның ережесі: 3 турдан тұрады және әрбір турда 3 есептен беріледі. Тапсырмалар логикалық есептерден құралған.


Тур

Уақыт

Әр есептің ұпай

Барлық ұпай

1 тур

10 минут

6 ұпай

18 ұпай

2 тур

15 минут

7 ұпай

21 ұпай

3 тур

20 минут

8 ұпай

24 ұпай

Барлық турдың максималды ұпайлары саны

63 ұпай

Тапсырмалары:

5-6-сынып

І тур.

1.1. Балмұздақтың 5 бөлігі су, 2 бөлігі майлы сүт, 3 бөлігі қанттан тұрады.1кг балмұздақ дайындау үшін қанша су, майлы сүт және қант керек?

1.2. Жарысқа 117 спортшы қатысты. Ондағы ұлдардың саны қыздардың санынан 39-ға артық. Жарысқа неше ұл бала қатысты?

1.3. Жолда келе жатқан екі машинаның арақашықтығы 200км. Машиналардың жылдамдығы 60км/сағ және 80км/сағ. 1 сағаттан соң олардың арақашықтығы қандай болады?

ІІ тур.

2.1. Спорт клубына 80 кішкентай және үлкен доп сатып алынды. Олардың үлкенінің саны кішкентай доптың санынан 4 есе кіші. Неше үлкен доп, неше кішкентай доп сатып алынды?

2.2. Қосындысы 69-ға тең үш тізбектес санды табыңдар.

2.3. 3 таяқтың неше ұшы бар? 4 жарым таяқтың неше ұшы бар?

ІІІ тур.

3.1. Аулада қаздар мен торайлар жайылып жүр. Бала олардың бастарын санағанда 30, аяқтарын санағанда 84 болды. Аулада неше қаз, неше торай жайылып жүр?

3.2. Тіктөртбұрыштың периметрі 54см-ге тең. Оның ұзындығы енінен 5см-ге артық. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.

3.3. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа туады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа туады?

Қорытынды: Әр турдың қорытындысы бойынша әділқазылар мүшелері нәтижесін айтып, регета қорытындысы бойынша марапаттау дипломдары беріледі.

© 2010-2022