ҚР ҚК-нің қатарында қызмет етудің маңызы

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


  1. Сабақтың тақырыбы: Кіріспе.


  1. Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ҚР ҚК-нің қатарында қызмет етудің маңызын түсіндіру арқылы білімдерін

жетілдіру;

2. 11 сыныпта өтілетін алғашқы әскери дайындық сабағының мазмұны, бағдарламасы,

міндеттерін ұғындыру;

3. Қазақстандық патриотизмге окушыларды баулу;

3. Уақыты: 45 минут.

4.Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ҚР Конституциясы, заңдары мен қаулылары.

6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 10 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі -

б) Негізгі бөлім - 35 мин.

Оқушылардың әскери дайындығының мақсаты, мазмұны, және міндеттері. Алғашқы әскери дайындық сабағындағы оқушылардың міндеттері мен құқықтары. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мазмұны, бағдарламасы, міндеттері.

КІРІСПЕ.

ҚР ҚК-нің қатарында қызмет ету - оның әр азаматының абыройлы міндеті, оны қоғам жоғары бағалайды, бұл халықтың әскери қызметкерлерге бейбіт еңбектің қорғаушылары ретінде сенімі.

ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 24 мамырындағы «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлау және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» №449 қаулысына сәйкес, әскери білім беру, меншік түріне қарамастан, еліміздің барлық орта білім беретін оқу орындарында жүргізіледі.

ҚР-ның 2005 жылғы 7 қаңтардағы «ҚР-ның қорғанысы мен ҚК туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы» заңдарына сәйкес, жастарды әскери қызметке даярлау ісі ҚР Үкіметінің басшылығымен орталық және жергілікті өкімет органдары арқылы жүзеге асырылады.

Алғашқы әскери дайындық барысында оқушылар ҚР ҚК-ндегі әскери қызметке шақырылған кезде әскери қызметті өткерудің жағдайларына қысқа мерзімде бейімделіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы меңгеруі үшін жас сарбазды дайындау көлемінде қажетті білім, практикалық машықтанушылық, мінез-құлық орнықтылығын қалыптастыруға тиіс.

Оқулық әскери іс негіздерінің мынадай тарауларын қамтиды: ҚК ҚР егемендігінің күзетінде; тактикалық дайындық; атыс дайындығы; мергендік винтовка (ДМВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері;саптық дайындық; әскери топлграфия; азаматтық қорғаныс және медицина білімдерінің негіздері.

  1. «ҚК ҚР егемендігінің күзетінде» тарауында - ҚР-ның заңдары және ҚР ҚК-нің жалпы әскери жарғыларының талаптарына ерекше назар аударылады. Бұл тарауда ҚР ҚК-нің қалыптасуы, оның жауынгерлік дәстүрлері, сондай-ақ әскери қызметке жауапкершілікпен қарайтын кадрларды дайындау ісі кеңінен қарастырылады.

  2. Оқулықтың «Тактикалық дайындық» тарауында взвод, рота құрамында жалпы әскери ұрыс негіздері, қарсыластың әскерлері мен ұрыс машиналарын жою үшін қарулар мен миналарды қолдану ережелері (тәсілдері), барлау жүргізу, шеру жасау мен орналасу әдістері баяндалады.

  3. «Атыс дайындығы» тарауында мергендік винтовка (ДМВ) мен қол гранататқышынан ату тәсілдері мен ережелері, атыс қаруы, мерген винтовкасы және гранататқыш құрылысы, оларды атысқа дайындау мен атыс ережелері сөз болады.

  4. «Саптық дайындық» тарауы сарбаздың машина жанында және машинадағы әрекет тәртібіне арналады.

  5. Оқулықтың «Әскери топография» тарауында - оқушылардың таныс емес жерде бағдарлануға және карта бойынша нысанаға қарай жылжу маршрутын таңдай біліуге үйрететін Әскери топография бойынша алғашқы мәліметтер беріледі.

  6. «Азаматтық қорғаныс» тарауында қарсылас қазіргі уақыттағы жою құралдарын қолданған жағдайында ҚР-ның халқы мен экономикасын қорғауға; сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған аудандар мен зақымдану ошақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуге; жарақаттану мен жаралану кезінде көмек көрсетуге, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын қолдана білуге; ұрыс даласында зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мен төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлінеді.

в) Қорытынды бөлім - 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Оқушылардың әскери дайындығының мақсаты не?

  2. Оқушыларға алғашқы әскери дайындық сабағы қандай заңдар мен қаулыларға сүйеніп жүргізіледі?

  3. 11 сыныпта өтілетін алғашқы әскери дайындық пәні қандай тараулардан тұрады?

г) Үйге тапсырма беру: Қайталау


© 2010-2022