Баяндама Жылыжайларды ұйымдастыру ережелері

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы

№ 10 КОЛЛЕДЖ мкқк

Баяндама

Тақырыбы: Жылыжайларды ұйымдастыру ережелері

Баяндама Жылыжайларды ұйымдастыру ережелері















Ө/о шебері: Джумабаев Б

Жылыжайларды ұйымдастыру ережелері

Әрбір бағбанның ең асыл арманы - жылыжайды салу. Үй жылыжайында тек қана жылдың жылы мезгілімен шектелмей, бағбандықпен жыл он екі ай айналысуға болады. Жылыжай әртүрлі көзқарас тарапынан пайдалы болып табылады. Бұл демалыс және тамақтану үшін қосымша кең ғимарат. Оның үстіне, жылыжайдың болуы сіздің үйіңіздің құндылық бағасын арттырады.

Жақсы жылыжайда қыстыгүні күй таңдағыш өсімдіктердің өзі жеңіл өседі. Бірақ, ғимаратты үздіксіз жылумен қамтамасыз ету маңызды болады: жылу болмаған бір түннің өзінде барлық өсімдіктер өліп қалуы мүмкін.

Жылыжайда жылу жүйесі, судың берілуі, жарықпен қамтамасыз ету мәселелері ойластырылу және ұйымдастырылу керек, сөрелер салынуы қажет. Және мұнымен іс бітпейді. Бұдан әрі қарай біз жылыжайды салар алдында ойлануға қажетті негізгі кезеңдерді қарастырамыз.

Қандай жылыжайды қалайсыз: кіші ме, әлде үлкен бе?

Егер сіздің болашақтағы жылыжайыңыздың көлемі қандай болатынын білмесеңіз, өзіңіздің мүмкіндігіңізге орай келетін ең үлкенін салыңыз немесе сатып алыңыз. Себебі, соңынан кеңейтуге талпынып жүгіргеннен гөрі, үлкен көлемді жылыжайды сатып алған арзан және қарапайым болады. Кез келген жағдайда сіздің кең жылыжайыңыз өсімдікпен тез арада толып кетеді.

Жылыжайды жылыту

Үй жылыжайын үшін жылу жүйесінің мағынасын бағалау қиын. Өкінішке орай, жылу жүйесіне кететін шығынды алдын-ала есептеу қиынға түседі. Жылу жүйесі үшін электрлік, жанармайлық және газ қазандары пайдаланылады. Жылу жүйесінің әрбір түрінде өзінің артықшылықтары да, кемшіліктері де болады.

Таңдау кезінде пайдалану ерекшеліктерін басшылыққа алу керек, және, күрделі жөндеу кезінде кейбір бөлшектерін шұғыл ауыстыра алуыңыз үшін аймағыңыздағы осы қазан түрлерінің сатылуын есепке алу керек. Электрлік жылытқыштар өте ыңғайлы, себебі олар қосымша желдеткіштікті талап етпейді, бірақ үздіксіз электр қуатының беріліп тұруын ешкім кепілдей алмайды, мысалы ауа райының қолайсыздығына байланысты.

Жылу жүйесіне қатысты шығындар жылыжайды сырттай қаптау үшін материалдарды таңдауға да байланысты болады. Сондықтан, материалды таңдауға жауапкершілікпен қараңыз. Сіздің таңдауыңыздан жылу жүйесіне кететін шығын ғана емес, жылыжайдың тиімділігі мен ұзақ мерзімділігі де байланысты болады. Заманауи материалдар жақсы жылу оқшаулығы мен тиімділігі жағынан құнды болып табылады.

Тағы бір маңызды кезең - жарықты шашырату. Мұнда алтын ортасын табу қажет болады: жарықтың мөлшері жеткілікті болу керек, мұнда өсімдіктер қатты күн сәулесінің астында да болмау керектігін есепке алу керек.

Бүгінгі күні ең танымал материал ретінде жылыжайдың қабырғалары ғана емес, төбесін де жабуға қолданылатын шыны саналады. Сонымен бірге, сырттай қаптау үшін пластиктің бір түрі де пайдаланылады (фиберглас, поликарбонат, полиэтилендік пленка).

Жылыжай қаңқасының материалдары

Сыртқы қаптауы қатты дауылдарға қарсы тұра алатын және температураның құбылуынан бұзылмайтындай, ұзақ мерзімде пайдалану үшін мықты қаңқаға орналасу керек. Көбінесе сыртын қаптайтын материалдан қаңқаның материалын таңдау байланысты болады. Көбінесе ағащ бөренелер пайдаланылады, бірақ алюминий, мырышпен қапталған болат барынша ұтымды болады.

Жылыжайдағы іргетас

Жылыжайды тұрғызу үшін тұрғын үйлердегідей мықты бетондық іргетас қажет болмайды, бірақ сөрелердің астынағы топырақты жерге бекіткен артық болмайды. Еден ретінде бетонды салуға болады немесе бетін аяқжолдық плиткамен тегістеп тастауға болады. Егер сіздің таңдауыңыз бетондық плитаға түссе, дренажды ұйымдастыру қажет болады. Суланған кезде бетон тайғақ болады, сондықтан плиталарды таңдауда, тайғанауға тежеу болатын бедерлі тегісттері барларын алу керек.

Аяқжолдық плитка дренаждауды қажет етпейді, бірақ оның да кемшіліктері бар. Плитканың қиылысу жерлерінде арамшөптер өсіп кетуі мүмкін. Жылыжайдың еденін де қиыршық таспен тегістеп тастауға болады, ол дренажды қамтамасыз етеді және ғимаратты кірленуден сақтайды.

Дайын жылыжайды сатып алу керек пе әлде өзіңіз саласыз ба?

Сіз жылыжайды тұрғызу үшін қажетті жиынтықты сатып алу туралы ойланып қалған боларсыз. Қазіргі кезде базарда барлық бөлшектері бір- бірімен жақсы қиылысатын, ал негізгі бұрыштары жинақталған бірнеше жақсы модельдер ұсынылады.

Көптеген жиынтықтар ішіне қаңқасының бөлшектері мен қаптау үішн қажетті материал ғана енген. Барлық қалған бөлшектерін сізге жекелеп сатып алу қажет болады.

Жоғарыда аталғандарды есепке алып, келесі мәселелерге көңіл бөлу керек:

· Жылыжайды тұрғызу үшін тиісті қызметтердің рұқсаты қажет болуын анықтап алу керек.

· Қосымша жәшіктер мен сөрелерді алу қажет болатынын немесе болмайтынын анықтап алу.

· Егер жылыжай күннің көзі көп түсетін ашық үлескіде орналасса, қорғаныш брезентін сатып алу керек болады.

· Қажет болған жағдайда автоматтық суару жүйесін немесе жылыжайды бірнеше күнге сіздің қарауыңызсыз қалдыруға мүмкіндік беретін ұсақ тамшылы суару жүйесін сатып алу керек.

· Сіздің таңдап алған жылыжайыңыздың есігінен арбаның еркін өте алатынына көз жеткізіңіз.



© 2010-2022