Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Г.Бахтыгереева

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі:

Күні: 13.03.2015

Пәні қазақ әдебиеті

Класы 8

Тақырыбы:

Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Мақсаты

Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, ойларын нақты дәл жеткізе білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың туған жеріне, ата-мекеніне сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері туралы танысады, өз ойларын еркін жеткізе біледі, сыни тұрғыдан ойлау арқылы жан-жақты дамуы қарастырылады, туған жерге деген сүйіспеншілігі арта түседі;

Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

Ат үйірін сағынса,

Артқы аяғын қағынар.

Ер үйірін сағынса,

Айыл-тұрман тағынар.

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

ресурстар

  1. Кіріспе

1.Сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау

2. Психологиялық трининг. Жіпті беру арқылы «Нені жақсы жақсы көреді? Нені жақсы көрмейді? »

3. Топқа бөлу

Үш шапалақ

Смаилик

Жіп

  1. Тұсаукесер

  1. «Ой шақыру» Сурет көрсетіледі.

-Мына сурет туралы не ойлайсыздар?

- Нені еске салады?

-Құстар қайда қайтып барады?

-Неге?

- Бүгінгі оқитын әңгімемізге қандай қатысы бар?

-Шығарма авторы туралы білесіздер ме?

2. Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері.

• 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.

• 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.

• 1954-жыл. Үрімжіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.

• 1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.

• 1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ Мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқыды.

• 1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.

• 1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.

• 1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.

• 1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.

• 1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.

• 1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.

Үш шапалақ

Сурет

Кесте, слайд

  1. Негізгі бөлім

ДЖИКСО әдісі бойынша берілген мәтінді әр топ әуелі жұппен, кейін топпен талдап, басқа топтармен ауысып бір-біріне түсіндіреді.

1-топ: Таулы өлкеге қонақтаған қоңыр күз. Жалғыз жортқан жолаушы.

2-топ: Алдаңы жолдың жоспары. Ауыр айқас. Қуаныш жасы

3-топ: Ең соңғы қатер. Ойға оралған өкініш.

4-топ: Туған жерге табан тіреу.Орындалған арман.

Жұптық жұмыс. Атамекен. Туған жер. Тұмар.

Критерий арқылы бағалау

Үш шапалақ

Плакат, пламастер

  1. Қорытынды

1.Бекіту сұрағы

-Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?

-Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсың?

-Жазушы өмірі мен әңгіменің арасындақандай байланыс бар?

2. Қосымша мәлімет.

Тағдыр талайымен жер шарының түкпір - түкпірінде, атап айтқанда, 55 елінде біздің қандастарымыздың жүргендігін «Көші - қон демографиясы» зерттеген екен.

Қандастар

АҚШ - та 14 000

Украинада 15 000

Түркияда 25 000

Тәжікстанда 10 000

Иранда 12 000

Өзбекстанда 1550 000

Моңғолияда 100 000

Ресейде740 000

Қырғызстанда 45 000

Қытайда 1 500 000

Балалар, «Өз елің - алтын бесігің» демекші, қанша жыл өтсе де елі мен жеріне деген сағынышын жүрек түкпіріне сақтап, қайтсе де елге оралуды аңсаған қандастарымыз елге оралуда. Мұртаза Бұлытай, Шұғыла Сапарғалиқызы, Майра Мұхаметқызы сынды азаматтарымыз қазіргі таңда бойындағы бар күш - жігерлерін туған елді көркейтуге жұмсауда.

Ендеше, балалар, туған жерге сүйіспеншілігімізді білдіру мақсатында сабағымызды Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытайық.

Жұлдызшалар арқылы



Слайд, суреттер

Қосымша оқу

Үйге тапсырма

1. Жазушы өмірі, шығармалары туралы іздену.

2. Мәтінді толық оқу

3. «Кіндік қаным тамған елім» - ой толғау жазып келу.

Рефлексия

«Сабақтан алған әсерім»

Не сәтті өтті?

Нені дамыта аласыз?

Сурет арқылы сыни тұрғыдан ойлауға берілген жұмыс өз дәрежесінде өтті.

Оқушылардың бойынан Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті дамыту,

Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?

Постер құрау уақытты көп алды.

Топқа бөлудің әдістерін



© 2010-2022