«Мен және менің мамандығым» эссе

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе тақырыбы: «Мен және менің мамандығым»




Ісім оңсың десеңіз , сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің маманы болыңыз дегендей сөздің басын ұлы ғұлама Әл- Фарабидің мына сөзімен бастағым келіп отыр.

Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі-мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. С.Бич айтқандай: « Мұғалімдердің заман талабына сай өзгеруі қажет.Себебі мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді».

Мен өзгеріске әрқашанда дайынмын. Себебі мен өз мамандығымды сүйемін.Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздардың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты.Ұстаз дегенің биік атауға лайықты болуы тиіс.

Мен өз ісімнің маманы болу үшін осынау қиын да, қызықты мамандықты ұнаттым. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!" деп айтқандай қазіргі кезде жаңалықтар легімен енген заманауи технологиялық дәуір. Тарих пәнін жақсы меңгергендіктен осы мамандықты таңдадым. Осыған орай қазіргі кезде мен сабақта үнемі жаңа технологияларды сын тұрғысынан ойлау, интербелсенді тақтаны үнемі қолдану, зерттеу жобалау технологиясын қолдана отырып, өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрлерін білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етіп қойдым.

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін мен жақсы түсінемін. Ұстаз үнемі ізденісте болуы қажет демекші мен қажымай тынбай жаңашылдықты іздеймін .

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

Мен тарих пәні мамандығын таңдап алғаныма өкінбеймін. Себебі ғажабы мол ғаламдағы , әсемдігі мол әлемдегі әрбір адам, әрбір пенде ананын ақ сүтінен қалай нәр алған болса, кез келген адам да ұстаздан тәлім алған. Сара боп туған ғалымдар, дара боп туған дарындар, Президент ақындар да да ұстаздың ұлықтығынын арқасында жетістіктерге қол жеткізген. Жас ұрпақ өткенің тарихын жақсы білмей - болашаққа нық қадам баса алмайды.Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу-білектің күшімен найзаның ұшымен осы күнге жеткенімізді білу , құнды деректерді игеру біз үшін өте маңызды.

Осыған орай мына өлең жолдарымен

Қолбасшы әрі хан Абылайды,

Атақты батырымыз Қабанбайды,

Үйретемін әрдайым жас ұрпаққа ,

Жас тарихшы болар деп болашақта деп өз ойымды қорытындыласам деймін.



© 2010-2022