Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Түсінік хат          Бұл әдістемелік құрал Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде 34 сағатқа құрастырылды. Өлкетену бағдарламасы сабақтағы оқу материалының мазмұнынан өзгешелігімен ерекшеленеді. Оқушыларға туған өлкенің тарихи және мәдени ескерткіштері туралы деректерді енгізу арқылы аймақтық компонентті түсіндіруге,оқушылардың Ертіс өңірі  жайлы білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.          Осы бағдарлама арқылы сабақтан тыс уақытта туған өлкенің табиғатын кеңінен зерттеп,...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып





Ертіс өңірінің компоненті

(Факультативті сабақтар)



Туған өлкенің өткенін білмеген,
ертеңін біліп жарытпас"
Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз.
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз.









Құрастырған:

Абылхаирова Ғалима

Темірболатқызы


2014-2015ж.


Түсінік хат

Бұл әдістемелік құрал Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде 34 сағатқа құрастырылды. Өлкетену бағдарламасы сабақтағы оқу материалының мазмұнынан өзгешелігімен ерекшеленеді. Оқушыларға туған өлкенің тарихи және мәдени ескерткіштері туралы деректерді енгізу арқылы аймақтық компонентті түсіндіруге,оқушылардың Ертіс өңірі жайлы білімін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Осы бағдарлама арқылы сабақтан тыс уақытта туған өлкенің табиғатын кеңінен зерттеп, білімдерін толықтыруға болады. Мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының регионалдық компонентін жетілдірудің өзіндік міндеттері бар. Жалпы орта білім беру аймақтық компонентін жетілдірудің негізгі білімділік мақсаты:

* өз өлкесініңтарихын жақсы білетін және сүйетін;

* әдет-ғұрыптарын сыйлайтын;

Дамытушылық мақсаты:

* туған өлке туралы көп білуге құштарлық;

* танымдық қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:

*отбасы мүшелерімен бірге Ертістің Павлодарөңірі туралы әдебиет оқу, фильмдер, бейнефильдер көру;

* өлкенің табиғатын, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау және

қалпына келтіру жұмыстарына оқушылармен қатар ата-аналарды да қатыстыру;

* көпұлтты Қазақстанның отаншыл азаматын тәрбиелеу.

Міндеттері:

* Туған өлке туралы жан-жақты білім беру;

* Туған жердің табиғатын қастерлеуге тәрбиелеу;

* Оқушыларды өз ойларын тұжырымдай білуге, оны жеткізе білуде өз пікірін қорғап, дәлелдей білуге тәрбиелеу;

* Қажетті ақпаратты таба білуге және пайдалануға үйрету.


Осы бағдарламаны құру барысындағы мақсатым аймағымыз бойынша бірнеше бағытты қамту. Оған:

  • а) өңірлік мәдени мұраларымен таныстыру;

  • ә) сол өңірде туған ақын-жазушылардың шығармашылығымен терең таныстыру;

  • б) өлкемізге қатысты тарихи кезеңдерді қамтитын туындаларды оқыту;

  • в) өлкемізге қатысы бар басқа да ұлт әдебиеттері өкілдерінің салт-дәстүрімен таныстыру: өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу;

Өлкелік компоненттерді енгізудің мақсаттары мен міндеттері қандай?

  • Оқытудағы мақсаттары:

  • 1.Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • 2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2050» даму бағдарламасы мен Қазақстан

  • Республикасының «Тіл туралы» Заңын орындап, азаматтық тәрбие беру;

  • 3. Оқу-тәрбие ісінде әдеби өлкетану компоненті туралы көптеген шаралар өткізу;

  • 4. Өлкелік компонентті пәнаралық жүйеде кеңінен пайдалану.

  • Мектептерде өлкелік көмпоненттерді енгізу үш бағытта қарастырылады

1-бағыт

2-бағыт

3-бағыт

оқушылардың оқу қызметі

оқушылардың оқудан тыс қызметі

оқушылардың мектептен тыс жұмысы



  • 1-бағыт. Бұл бағытта аймақтық компоненттерді сабақтың әр түрлі кезеңдерінде, әдебиет сабақтарының шығармашылық тұлғаларын өтуде қолдануға болады. Мысалы: шығарма, мазмұндама, баяндама, реферат жазу тағы басқалар.

  • 2-бағыт. Сыныптан тыс оқу, сыныптан тыс сағаттар, конферанциялар, ақын-жазушылармен, белгілі адамдармен кездесу. Іздену-зерттеу жұмыстары. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылардың ғылыми жұмыстары болуы мүмкін.

  • 3-бағыт. Оқушылардың мектептен тыс жұмысы. Олар: үйірме жұмыстары, көрмеге, мұражайға саяхат. Олимпиадаларға, байқауға қатысу. Оған мысал ретінде дәстүрлі «Қалижан оқулары», «Ерботин оқулары» «Сәтбаев оқулары» сынды тағы басқа байқауларды айтуға болады. Аймақтық компонент бойынша жүргізілетін шаралар күнтізбелік жоспарда көрсетіліп, білім технологиясы арқылы пәннің мазмұнын толықтырып, жаңартуға мүмкіндік береді. Күнтізбелік жоспар бойынша сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өлкелік әдеби материалдарды қолдануда болады.

  • Мысалы, күнтізбелік жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша сабақты даярлау барысында ең алдымен материалдарды жинақтаймыз. Әдебиеттерді жинақтауда мына мәселелерді басшылыққа аламыз - ғылымилылығы, тиімділігі, мазмұндылығы, өзекті мәселесі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру. Әдеби материалдар оқушыларға қызықты тақырыптар төңірегінде топталады.

  • Мысалы, «Павлодар-Ертіс өңірінің күретамыры» тақырыбын өтуде өзінің қай ұлттан шыққанына қарамастан, өзі туып өскен Ертіс өңірін құрметтеуге тиіс екенін сезінуге баулу, «Отан отбасынан басталады» дей отырып, туған отбасымыздың, қаламыздың, ауылымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тарихын, атаулы оқиғалар, айтулы адамдардың өмір жолын білудің мәні зор. Сонымен қатар тақырыптарды өткенде сабақтың тәрбиелік мақсатына ауызекі тілін дамыту, туған жерге деген сүйіспеншілік, эстетикалық тәрбиесін шыңдау кіреді. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» келсек,, өлкетану жұмысын жүйелі жоспарлы түрде жүргізіп отыру, әдебиетті тереңдетіп оқытумен қатар, тәрбиелік мақсатта да маңызды болмақ.

Әдебиеттер

  • 1. Білім туралы заң. 2007жылғы 27 шілдедегі 319-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы

  • (2013.14.01. берілген өзгерістер ме толықтырулар).

  • 2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. - Алматы, 1997.

  • 3. Мектеп мазмұнының аймақтық компонентін жетілдіру. Әдістемелік құрал. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - 49 б.

Күнтізбелік жоспар

Тақырыптар атауы

Сағ саны

Көмекші құралдар

І

Ертістің Павлодар өңірі

7

1

«Павлодар-Ертіс өңірінің күретамыры»

Павлодар облысының тарихы, таңбасы

1

Дәріс

2

Павлодар облысының аудандары. Облыстық

картамен жұмыс

1

ой серуен

3

Көрдің бе, сен Баянның шың-құздарын?!

1

Дәріс

4

Баянауылдық академик ағалар

1

кітап көрмесі

5

Өлкенің табиғаты ( Баянаула таулары, орман, көлдері)

1

6

«Қаздардың қайтуы» Қазақстан табиғатындағы керемет ескерткіштің бірі (Гусиный перелет)

1

бейнефильм

7

Ертіс жағажайы

1

топ серуен

ІІ

Ертістің ерте кезеңі

2

1.

Кереку тарихы беттерінен

1

2.

Сақ дәуіріндегі Ертіс өңірі

1

Дәріс

ІІІ

Павлодар облысының қалалары

3

1

Екібастұз қаласы

1

2

Ақсу қаласы

1

3

Ленинский және Мойылды кенттері

1

IV

Павлодар өңірінің мәдениеті мен өнері

8

1.

Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы (Саяхат сабақ)

1

2.

Ж.Аймауытов және А.Чехов драма театрлары.

Ш.Айманов кинотеатры (Фотосапар)

1

3.

Д.П. Багаев атындағы үй мұражайы

М. Шамсутдинованың ән шығармашылығы үйімен танысу

1

4.

Павлодардағы көпұлттылық ассамблея «Достық үйі»

1

5.

Павлодар туралы әндер үйренеміз

Айзат Қарашашевтың әндерін тыңдау, талдау

1

6.

Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы

1

7.

Діни орындары (Мешіттер мен шіркеулер)

1

8.

Болашаққа- кемел біліммен

Қаладағы білім ордаларын білесің бе?

1

V

Өңіріміздегі кәсіпорындар

2

1.

«Павлодар алюминий зауыты» АҚ

1

2

Қала ішіндегі ірі, ұсақ кәсіпорындар

1

VI

Ертіс өңірінің ақын-жазушылары

5

1.

Қалижан Бекхожин туралы не білеміз?

1

2.

Мүбәрак Жаманбалинов пен Иса Байзақов шығармашылықтарымен танысу

Өлеңдерінен үзінділер жаттау

2

3.

Мұзафар Әлімбаев шығармашылығы

Маралды ауылы мен көліне шолу

1

4.

Жергілікті ақындар оқуын ұйымдастыру. Мектепішілік сайыс

1

VII

Павлодарлық батырлар

2

1

Ұлы Отан соғысының алғашқы батыры -Кузьма Семенченко. «Біздің мектеп орналаскан көше»

эссе жазу

1

2

Батыр ағалар есімдері ешқашан өлмейді!

1

VIII

Кереку жұлдыздары

2

1

Катаев атындағы Оқушылар сарайының жұлдыздары

1

2

Спорт тарландары

1

IX

Өлкем туралы не білдім?

3

1

Менің өлкем

1

2

Туған жер өзің дегенде

1

3

Жыл бойы өткенді қайталау

1

Барлығы

34 сағат









Ертіс өңірі компонентіне арналған

б а ғ д а р л а м а

(аптасына 1 сағат)

1. Ертістің Павлодар өңірі 7 сағ

2. Ертістің ерте кезеңі 2 сағ

3. Павлодар облысының қалалары 3сағ

4. Павлодар өңірінің мәдениеті мен өнері 8 сағ

5. Өңіріміздегі кәсіпорындар 2 сағ

6. Ертіс өңірінің ақын-жазушылары 5 сағ

7. Павлодарлық батырлар 2 сағ

8. Кереку жұлдыздары 2 сағ

9. Өлкем туралы не білдім? 3 сағ





Облыс құрамына үш қала кіреді

Павлодар қаласы

Екібастұз қаласы

Ақсу қаласы

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Павлодар облысы 1938ж. 15 қаңтарда құрылды.Шекара ұзындығы 2100 км. Облыс Қазақстанның солтүстік шығысында орналасықан. Солтүстігінде Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік шығыста Новосібір облысымен, шығыста Алтай өлкесімен, оңтүстікте Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысымен, батыста Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысымен шектеседі.

Жылдар

Негізгі оқиғалар


1720 ж.

Коряков әскери бекінісі (форпост) салынды.

1838 ж.

Ямышев қамалынан әскери бөлімнің көшірілуіне байланысты Коряков станицасы салынды.

1861 ж.

1860 жылы ІІ Александрдың Павел атты ұлы туды. Осы оқиғаның құрметіне патшадан Коряков атына патша баласының атын беру сұранысы пайда болды.
Коряковка станицасы қала статусын алып Павлодар қаласы атауына өзгертілді.

1932 ж. дейін

Округтік қала орталығы болды.

1932-1938 ж.

Шығыс Қазақстан облысында аудан орталығы болды. Кеңес өкіметіне дейін Павлодар негізінен ауыл шаруашылығы

шикізаттарының сауда орталығы болды. Мәдени-ағарту мекемесінен 6 бастауыш мектеп, 1 қоғамдық кітапхана мен клуб жұмыс істеді.

1938 ж.

Павлодар облысы құрылды.

.



Павлодар облысымызда 12 аудан бар:



  1. Ақсу

  2. Ақтоғай

  3. Баянауыл

  4. Железинка

  5. Екібастұз

  6. Қашыр

  7. Лебяжі

  8. Май

  9. Павлодар

  10. Успенка

  11. Шарбақты

  12. Ертіс

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

2013 жылы Павлодар облысы халқының саны 752 100 адамды құрады.



Павлодар облысының таңбасы

2011жылғы 3 қазан күні облыстың маслихат депутаттары облыстың тарихында бірінші логотипты бекітті Ең сәтті үлгі Қасымхан Жапановтың жұмысын болды. Логотипте Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің нышандары бар. Таңбаның түсі мемлекеттік рәміздер түсіне негізделген - көгілдір түстің алтын түспен үйлесуі тәуелсіз мемлекет халықтарының бірлігі мен гүлденуінің белгісі. Өткен салт-дәстүрлерімізді ұстану белгісі ретінде логотипте қазақ ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасынан алынған киіз үйдің шаңырағы бар. Шаңырақ - отбасы құт-берекесінің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Киіз үйдің түндігі көгілдір ашық аспан астындағы жарқыраған күнді елестетеді. Ал елтаңбаның ортасынан бастап көгілдір кеңістік бойымен таралған уықтар - өмір мен жылудың көзі есептелетін күн сәулесі іспеттес.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Облыс әкімі

Бозумбаев Қанат Алдабергенұлы

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Туған жылы, айы: 08.01.1969
Туған жері : Каз ССР; Алматы қаласы

Меңгенген тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Білімі: жоғары

Мамандығы: экономист

2013 жылдан бастап облыс әкімі


Павлодар облысы - Қазақстанның ірі индустриалды орталығы. Облыста алюминий, химия, трактор, мұнай, автомобиль жөндеу зауыттары, көмір разрездері, жылу электр станциялары жұмыс істейді.

Біздің аймағымыздың бай тарихы және ежелгі мәдени әдет-ғұрпы бар. Қазіргі уақытта облысымызда 13 мұражай, 2 кәсіптік театр, 276 кітапхана, 3 демалыс саябағы және 259 клуб тектес мәдени мекемелер бар.





Тақырып: Павлодар облысы және оның тарихыДидактикалық материалдар тоғызыншы сыныпДидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, туған жер, Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру. Облысымыздың тарихын жете тану.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға елін, жерін, Отанын қорғауға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сурет, слайд, кесте, портреттер.
Сабақ түрі: дәріс беру сабағы.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап, баяндау.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлім.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Тақырыпқа шығу.

Қ. Жұмағалиевтің «Туған өлкем» өлеңін оқу
Сұлу дала!
Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы осы жерде туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

- Өлең мазмұны не туралы екен?
Біз әдебиет пен тіл сабағында Қазақстан, Отан туралы жалпы айтсақ, бүгін туған жеріміз Павлодар туралы әңгімелейміз.
- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? (өз ойларын сұрау).
3.Сұрақтарға жауап алу

4. Сөздік жұмыс.
Кермиық - асыл, жақсы, әсем.
Ықылым күн - өткен күн. құрылған - образован

аудан - район

өңір - регионх

халық саны - численность насиления

өнеркәсіп - промышленность

5. Облыс тарихымен таныстыру

а) Шекаралық аумағы,халқы, саны

ә) Жалпы тарихы, таңбасы

б) Облыс басшысы туралы қысқаша мәлімет
6. Ақпараттық шолу

Туған жеріміз Павлодарды дискіден тамашалау.
7. Шығармашылық тапсырма:
Оқушыларды топқа бөліп, тапсырма орындату.
1) Туған жер туралы өлең шығару
2) Павлодардың ең көрікті жерлерін сипаттау
3) Туған өлке туралы мақал - мәтел жазу..
8. Қорытындылау

Тақырып: Павлодар облысының аудандары

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға облыс көлеміндегі орналасқан аудандар туралы толық ақпарат беру;

2. Дамытушылық: Өздігінен ізденіске түсіру, ойлау қабілеттерін жетілдіру

3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған өлкесіне деген махаббаттарын ояту,

Сабақтың түрі: Ой серуені

Көрнекілік: Облыстың картасы, слайд, интерактивті тақта

  1. Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Өтілген тақырып негізінде пысықтау .

Павлодар облысы туралы үйде не қарастырдыңдар?


  1. Облыстағы аудандар туралы әңгімелеу және картадан көрсету.


  1. Интерактивті тақта арқылы облыс аудандарын орналастырғызу


  1. Сұрақ - жауап:

- Балалар, осы аталған аудандар ішінен қайсысын көрдіңдер немесе сол ауданда болдыңдар ма? Осы ауданмен сені не байланыстырады?

Онда қандай әдемі ғимараттар бар? Аудан несімен әйгілі?

( мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, кәсіпорындары)


Тақырыбы: Көрдің бе, сен Баянның шың-құздарын?!

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың облыс табиғатының сұлулығына, байлығына қызығушылықтарын арттыру, көркем жерлерімен танысу;

2.Дамытушылық: Баянауыл өңірінде орналасқан Жасыбай Сабындыкөл, Найзатас, Ақбет таулары туралы ізденіске түсіру, білгендерін кеңінен дамытуға көмектесу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялай білуге баулу, туған жерінің байлығын қорғауға, сақтауға үйрету.

Сабақтың түрі:

Қолданатын көрнекіліктер: Баянауыл туралы слайд, Баянаула кітабы, таулары мен көлдері туралы өлеңдер оқу

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тақырыпқа шығу

Баянауыл сөзіне ассосация құрғызу

Сол сөздерді пайдаланып Баянауыл туралы шағын әңгіме құрастырту

  1. Баянауыл табиғаты туралы кітап «Баянаула» қарау және талдау

  2. Қорытындылау

Өлең тыңдау «Баянауыл вальсі»

Көрдің бе, сен Баянның шың-құздарын

Кеудесінде ойнаған жұлдыздарын

Көрдің бе, сен Баянның баурайында

Асыр салып ойнаған жұлдыздарын

Таулары биік айбынды

Көлдері мөлдір айдынды

Қыздары көркем май гүлі

Баянның ұлдары көпке әйгілі

Баянауыл - Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл ауданының орталығы. Баянауыл тауларының ортасында Сабындыкөл жағасында орын тепкен.

Баянауыл ауылының өзі - өте көрікті жер, халқы 4472 адамды құрайды. Тарихы 1826 жылы казак станицасының құрылысынан бастау алады, оның алғашқы атаманы болып болашақ этнограф, географ, саяхатшы Г. Потаниннің әкесі Н. Потанин болған. Ол кезде халық саны 800 адамды ғана құраған екен. Ал 1833 жылы ғана Баянауыл округ болып құрылды.

Баянауыл елдімекені - курортты аймақ, ол 1985 жылы Ұлттық табиғи саябақ статусына ие болды. Саябақ табиғаты өте ерекше жаралған табиғатымен әйгілі: Баянауыл таулары батыстан шығысқа қарай 40-50 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырым. Ең биік нүктесі - Ақбет тауы, ол 1026 м биіктікте. Таулы-орманды оазис 450 шаршы шақырымды алып жатыр, оның негізгі ерекшелігі - жартастар (Кемпіртас, көгершін, Булка (Найзатас), аттың басы, тас жастықтар және т.б.), Сабындыкөл (ауданы 7,4 шаршы шақырым) және Жасыбай (ауданы 4 шаршы шақырым) көлдері, үңгірлер (Әулиетас 22 м) және Драверта үңгірі (тастағы жазулар), Құмыра (сарқырамасы бар 3 м),

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

(1901-1985)

Химия ғылымының докторы, профессор, КазКСР ҒА Академигі

Ә.Б.Бектұров Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.

Өмір жолын 1917 жылы жерөлшеуші болып бастады, Павлодар уездік ревкомның жер бөлімінің бастығы, әртекті бөлімшенің нұсқаушысы болды. 1923 жылы Омск қаласындағы РКФСР Халағартком жұмысшы факультетіне оқуға түсті.

1928 жылы Ә.Б.Бектұров Омск ауылшаруашылығы институтына түсті, 1931 жылы жақсыға бітіріп, сол жылы Ташкент қаласындағы Орта Азиялық мемлекеттік университеттің аспирантурасына түсті. 1935 жылдан Ә.Б.Бектұров - жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, сонымен бірге химия факультетінің деканы.

Ә.Б.Бектұров Қазақстанның ғылыми қуатын жасауда академиялық ғылым шешуші рөл ойнау керек деген шешімге келеді. 1942 жылдан КСРО ҒА Қазақ филиалы химия-металлургия институты зертханасының жетекшісі болады.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы,Павлодар облысы - 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ жәнеКеңес Одағының геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Әлкей Марғұлан
(1907 - 1985)
…Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың шөбересі.
1919 жылы мұғалімдер курсына оқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істей бастайды.
і, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әлкей Хақанұлы Марғұлан - Қазақстан ғылымының тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, география, сәулет өнері салаларында қажырлылықпен еңбек етіп, өзіндік із қалдырған үлкен ғалым

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сыныпШапық Шокин
(1912 - 2003)
Қазақстан Республикасы ҒА академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912 жылы Баянауыл ауданына дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады.. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин ҒА энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Ол 450 - ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері; көптеген медальдар және ордендермен марапатталған

Сабақтың тақырыбы: «Академик ағалар»

  1. Білімділік: Баянауылдың ғалымдары туралы білімдерін кеңейту, алған мәліметті қолдануға үйрену.
    2. Дамытушылық: тақырып бойынша түсініп тыңдау, байланыстырып сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту.
    3. Тәрбиелік: қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу.
    Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызба, кесте.
    Сабақтың типі: жаңа сабақ.
    Сабақтың әдісі: ақпараттық - коммуникативтік.
    Сабақтың барысы.
    І. Ұйымдастыру кезеңі:
    - түсінік ағашында қандай сөзді көріп тұрсыңдар?
    - яғни, бүгін сабақта біз ғалымдар туралы әңгімелейміз, нақты айтқанда сабақтың тақырыбы «Академик ағалар»
    ІІ. Тыңдалым.
    Мәтінді 2 рет тыңдау, естіген мәліметтерді қолданып, түсінік ағашын толтыру.
    Адамзатты өркениетке жеткізетін нәрсе - ғылым. Ғылымды дамытатындар - ғалымдар. Ғалымдар - өз елін, жерін, туған халқын сүйген ойшыл, данышпан адамдар. Олар жазған ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына қызмет етеді. Қазақ халқында ерте заманнан осы уақытқа дейін қаншама ғұлама ғалымдар өзінің күш - қайратын, ақыл - ойын ғылымға арнаған.
    ІІІ. Операциялық - танымдық кезең:
    - сыныпты 3 топқа бөліп төрт - төрттен отырғызамын, топтағы оқушыларды ЖИГСО әдісі бойынша нөмірлеп, нөмірі бойынша 4 жұмыс топтарын қалыптастырамын;
    - № 1 - 3 нөмірлі топтарға белгілі бір мәтін беру;
    -№4 топты сарапшылар ету;
    1. Оқылым.
    - оқушылар мәтінді оқиды, мәтіннен негізгі мәліметтерді іріктейді.
    1. Әлкей Марғұлан
    2. Қаныш Сәтбаев
    3. Шапық Шокин

  1. Әбікен Бектұров

  2. №4 топтағы сарапшылар берілген мәтіндер бойынша 9 сұрақ құрастырады, компьютерде теріп, тақтаға шығарады.
    - №2 - 3 нөмірлілер өз топтарына қайтып, алған білімдерін ортаға салады
    (әр сөйлеушіге 3 мин)




    ІV. Білімді бекіту, тексеру
    - сарапшылар құрастырған сұрақтар бойынша тест өткіземін.
    - дұрыс жауап тақтаға беріліп, оқушылар өз жұмыстарын тексеріп шығады.

    V. Сөйлесім.
    Алған білімдерін қолданып, топта диалог құрастырады (жағдаят туғызу)
    VІ. Сабақтың қорытындысы.
    • Сабақтан қандай білім алдыңдар?
    Үйге тапсырма:
    Ғалымдардың еңбектері туралы баяндама дайындау






Тақырыбы: Өлкенің табиғаты

Сабақтың мақсаты: 1. Баянауыл өлкесінің орманы, облыстағы өзен-көлдер туралы мәлімет алу,

  1. Өтілген тақырыптарды еске ала отырып, бүгінгі алған білімдерін толық насихаттау, сөздік қорын молайту.

  2. Ең көрікті жерлерді мақтан тұту..
    Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызба, кесте.
    Сабақтың типі: жаңа сабақ.
    Сабақтың әдісі: ақпараттық - коммуникативтік.
    Сабақтың барысы

Көрнекілік. Суреттермен жұмыс.
Мұғалім: Мына суретте нені көріп тұрсыңдар? Облыс табиғаты суреттері
Мұғалім: Сондықтан бүгін біз не туралы әңгімелейміз?
Жұмбақ шешу. Табиғат
Тыңдалым. Мәтінді тыңдау
Баянауыл- Павлодар облысының, Баянауыл ауданының орталығы. Бұл жердің мақтанышы да, ерекшелігі де- табиғаты. Соның ішінде Жасыбай, Сабындыкөл,Торайғыр көлдері. Олардың суы тұщы, мөлдір, айналасы қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Көлдердің қасында көптеген демалыс орындары бар.Таза ауамен дем алған адамның дені сау болып, ұзақ өмір сүреді. Осы жасыл орман, мөлдір өзен-көл, таза ауаны келешек ұрпаққа қалдыру - біздің борышымыз.
-Бұл мәтінде не туралы айтылған? Қандай көлдер туралы айтылған?

Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі 1985 жылы ҚССР Министрліг № 276 қаулысымен құрылған.Баянауыл ауданының аумағында орналасқан, жалпы аумағы 50 688 га құраған. ҚР Үкіметінің қаулысымен2007 жылы 27 желтоқсанда №1305 парк аумағы кенейтілді. Қазіргі кезде БҰМТП 68 452,8 га құрайды. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің шешімімен «Қызылтау» қаумалы БҰМТП қорғауға бекіттілді, жалпы аумағы 60 000 га құрайды.

Ұлттық парктің аумағы үш орманшылығына бөлінген.

  • Баянауыл орманшылығы - 19 188 га,

  • Жасыбай орманшылығы - 22 904 га,

  • Далба орманшылығы - 8 596 га.

  • Кенейтілген парк аумағы - 17 764,8 га

Климаты тым континенттік (жазы - ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай,Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалғанқорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер ("Әулиетас", "Драверт", "Құмыра", т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар ("Найзатас", "Жұмбақтас", "Көгершін", "Атбасы", т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі менжануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай,мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.










Қорытынды.

  1. Облысымыздың құрылған жылы?

  2. Павлодар облысының әкімі?

3. Павлодар облысының жер көлемі?

4. Павлодар облысында орналасқан Қазақстандағы бірден-бір аллюминий өндіретін зауыт?

5. Павлодар облысының логотипі қай жылы жарық көрді және логотиптің авторы кім?

6. Павлодар облысында ағып жатқан өзен?

7. Ертіс өзені неше елдің шекарасынан ағып өтеді, оларды ата.




Сөздікпен жұмыс

алаң - площадь

қонақ үй - гостиница

ескерткіш - памятник

саябақ - парк

ықшамаудан - микрорайон

қойылым - спектакль

мұражай - музей

өнім - продукция

Қазақстандағы ең ірі өзен Ертіс жағалауындағы облыс орталығы Павлодар қаласы орналасқан. Қаланың кең көшелері, көлеңкелі саябақтары мен аллеялары, гүлбақшалары мен фонтандары көз тартарлық әдемі. Қала өз тазалығымен, жайлылығымен ерекшеленеді. Аумақтың назар аударарлық орындарына табиғи, тарихи, архитектуралық және діни құрылыстарды айтқызуға болады.























Дидактикалық материалдар тоғызыншы сыныпДидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

ІІ. Павлодар облысының қалалары

Сабақтың тақырыбы: Павлодар қаласы

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Сөздікпен жұмыс

алаң - площадь

қонақ үй - гостиница

ескерткіш - памятник

саябақ - парк

ықшамаудан - микрорайон

қойылым - спектакль

Қазақстандағы ең ірі өзен Ертіс жағалауындағы облыс орталығы Павлодар қаласы орналасқан. Қаланың кең көшелері, көлеңкелі саябақтары мен аллеялары, гүлбақшалары мен фонтандары көз тартарлық әдемі. Қала өз тазалығымен, жайлылығымен ерекшеленеді. Аумақтың назар аударарлық орындарына табиғи, тарихи, архитектуралық және діни құрылыстарды айтуға болады.


  • Сен қай қалада тұрасың?


  • Ол қандай қала?



  • Бұл қалада кімдерге ескерткіштер орнатылған?



  • Қандай ықшамаудандар бар?



  • Қаладағы театр, мұражай, кинотеатрлар кімдердің атымен байланысты?



  • Зауыт, фабрикалар туралы не білесіңдер?



  • Онда қандай өнімдер шығарылады?

Суреттегі заттардың атын пайдаланып, сөзжұмбақты шеш. Сол сөздерге сұрақ қой.


Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып


Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ деңгей

Сөйлемдерді толықтыр.

Павлодар - ......... қала.

Ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын ........ орналасқан.

Қалада көп қабатты ....... , ........... , ........ , әмбебап дүкендер көп.

ІІ деңгей

1. Қала, суретші сөздерін септеп жаз.

Үлгі: А.с. қала, суретші

І.с. қаланың, суретшінің

.... ...... .....

2.Мәтін мазмұнына байланысты 4 сұрақ дайында.

І деңгей

«Менің қаламның тарихы» тақырыбына монолог құрастыр.


Сабақтың тақырыбы: Екібастұз қаласы


Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып


Сабақтың мақсаты; 1. Оқушыларға облыс өңіріндегі қалалар туралы толық ақпарат беру;

2. Алған білімдерін тереңдету үшін ізденіске түсіру;

3. Өз туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Өту формасы:

Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап,сөздік,талдау, салыстыру, ізденіске түсу.

Көрнекіліктер: қала суреттері, слайд

Өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

(Ой толғату сұрақтары

  • Суретте көрсетілген қай қала деп ойлайсыңдар?

Екібастұз қаласы 1957 жылы құрылды.
Облыс орталығына (Павлодар қ.) дейінгі ара қашықтық - 132 км.

Қалалық әкімдік аумағы 18,9 мың шаршы км құрайды.

Қалалық әкімдік құрамына Екібастұз қ., Солнечный, Шідерті кенттері және 12 ауылдық округ кіреді.

Қала Павлодар облысының батысында орналасқан.

2013 жылдың басына халқының саны 146 991 адамды құрады.


Қалаға әлемдік атақты ашық тәсілмен өндірілетін көмірдің алып қоры әкелді. Екібастұзда екі миллиард тоннадан астам көмір табылды. Мұндағы қоңыр көмірді 1876 жылы жергілікті зергер Қосым Пішенбаев тапқан. Гиннес рекордтары кітабына енгізілген, мұндағы "Богатырь" разрезіне әлемде тең келетін жоқ. Осында жұмыс істейтін роторлық экскаваторлар сағатына бес мың тоннаға дейін жанармай табады. Екібастұз көмірі Қазақстанның ғана емес, көрші Ресейдіңде түпкірлеріне де жіберіледі. Екібастұз теміржол түйіні - елімізде ең ірі.

Өндірілетін көмір бөлігі әр қайсысы 500 мегаватт күштілікті он энергоблок орналасқан ГРЭС-1 және ГРЭС-2 - екі күшті жылу электр стансаларының оттығында жандырылады.

Екібастұз - әлеуметтік инфрақұрылымы, өзінің дәстүрлері дамыған қала. Ол қазіргі индустриалды Қазақстанның келбетін белгілейтін қалалардың бірі.

Сөздікпен жұмыс

әлемдік атақты - всемирная слава

тас көмір -каменный уголь

мақтанышы - гордость

қамтамасыз етеді - обеспечивает

инфрақұрылымы - инфраструктура


  1. Мәтінді оқып, мазмұнын баянда.

  2. Екібастұз туралы қосымша не айта аласың?

Сөйлемдерді дұрыс құра.

екі

табылды

1.

тоннадан

миллиард

Екібастұзда

көмір

астам

бесік

алтын

жер

Туған2.



көмірді

жергілікті

Қосым3.

Пішенбаев

зергер

тапқан


Қорытынды

а) Екібастұз қандай қала?

ә) Екібастұз қаласы қай жылы құрылды?

б) Екібастұз қаласы Павлодар облысының қай жеріңде орналасқан?

в) Алғашқы рет қоңыр көмірді кім тапқан?

Сабақтың тақырыбы:Ақсу қаласы


Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып


1961 жылы құрылған Ақсу қаласы Павлодардан алыс емес, Ертістің сол жақ жағасында орналасқан. Ол Облысымыздың үшінші қаласы - Ақсу халық саны 38,9 мың адамды құрайды.Мұнда әлемге әйгілі ферроқортпа зауыты орналасқан. Бір кезде Амстердам қаласындағы Халықаралық сауда палатасы зауыттағы ферросилицийді әлемдегі ең жақсысы деп мойындаған. Осында жаңа өнім - қоспасыз болатты шығарудың жобасы әзірленуде. Ақсу ГРЭС-і - Қазақстанның жылу энергетикасының тұнғышы. Ол 7 энергиялық блоктан тұрады. Станция ширек ғасырдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатыр. Қазақстанның энергия жүйелерін байланыстыратын тіректі торап табылады. Ақсу қаласы ауданында Ертіс-Қарағанды каналы бас алады.

Сөздікпен жұмыс

Ширек ғасырдан - четверть века

Энергия жүйелерін - энергосистемы

1 - тапсырма. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыр.

2 - тапсырма. Морфологиялық талдау жаса: Ақсу, жұмыстары.

3 - тапсырма. Төменгі сурет-жазуды қазіргі әріп жазуымен жазып шық.

Менің Дидактикалық материалдар тоғызыншы сыныпбар. Ол осындай Дидактикалық материалдар тоғызыншы сыныпас ішеді. Осындай Дидактикалық материалдар тоғызыншы сыныпүстінде ұйықтайды. Мен Дидактикалық материалдар тоғызыншы сыныпоқып отырғанда немесе теледидар қараған кезде қасымда отырады.

Қорытынды


  1. Ақсу қаласы қай жылы құрылды?

  2. Ертіс өзенінің қай жағында орналасқан?

  3. Ақсуда қандай зауыт бар?

ІІІ. Павлодар өңірінің мәдениеті мен өнері

Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады.

Павлодардың ірі кітапханалары:

  1. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана;

  2. Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана;

  3. Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арналған облыстық арнайы кітапханасы;

  4. П.Васильев атындағы орталық кітапхана;

  5. А.Гайдар атындағы балаларға арналған орталық кітапхана;

  6. Павлодар қаласының орталық кітапханалар желісі;

  7. Ұлттық кітап кітапханасы;

8)Қазақ әдебиеті кітапханасы.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

С.Торайғыроватындағыоблыстықкітапхана

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Облысымыздың бас кітапханасыболыптабылатын

С. Торайғыроватындағы Павлодар облыстықкітапханасыерекшеорыналуда. Павлодар облыстықғылымиәмбебапкітапханаұзақ даму жолдарынбастанкешірген. Қазіргітаңда, С.Торайғыроватындағыкітапханаеліміздіңүздіккітапханаларыныңбірісаналады. Оныңқорында Павлодар облысыныңірібілім, ғылыми, көркемөнержәнеөлкетануәдебиеттері бар. Жылбойыкітапханада 32 мыңадамболып, оларға 900 мың журнал мен кітапданаларыберіледі. Бүгінгікүні, кітапханақұрылымыбойыншаақпараттық-кітапнамалық, кітапханалыққызметкөрсетужәнемәдени-ағартушылықбағыттарбойыншажұмысістейтін 14 бөлімнентұрады.

1 - тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқы, қазақ тіліне аудар

2 - тапсырма. Сөйлемдерді оқы. Шығыс септікте тұоған сөздерді тауып, олардың жалғауларын ата.

1.Оқушылар кітапханадан кітап алды. 2. Бұл хабарды газеттен оқыдым. 3. Олар тастан жер ошақ жасады.

3 - тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып



Сабақтың тақырыбы: Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы



Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зерттеу қоғамы» бөлімі аясында құрылған болатын. 1959 жылы оған Павлодар облысының тумасы, саяхаттаушы, Орталық Азия зерттеушісі - Г.Н.Потанин есімі берілді. Мұражайдың негізін өлкетанушы, фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев қалаған. Мұражай экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 8 залдан тұрады. Мұражай жинағының негізін төмендегідей коллекциялар құрайды: археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматика, фотобейне коллекциясы, деректі, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару - оқ және суық қару. Дәріс және экскурсиялық жұмыстармен қатар, мұражай республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер презентацияларын ұйымдастырады. Мастер-кластар, өлкетанулық сабақтар, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер өткізеді. Тарихи-өлкетану мұражайы жанынан Павлодар өңірін зерттеу мақсатында археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізіледі.

1 - тапсырма.

Мәтінді оқы, аудар.

2 - тапсырма.

Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

3 - тапсырма.

«Мұражай» тақырыбынашағынәңгімеқұрастыр.

Сабақтыңтақырыбы: Д.П. Багаеватындағыүймұражайы

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Д.Багаевтың мемориалды үй мұражайы 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиалы болып табылады. Бұл үйде өлкетанушы, Павлодар өңірінің жылнамашысы, Облыстық өлкетану мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры, Қазақстан ғана емес, шетелде де әйгілі фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүрген және жұмысын атқарған. Бұл Павлодар қаласындағы жалғыз мемориалды мұражай және Қазақстандағы жалғыз фотограф мұражайы. Мұражай төмендегідей кешеннен тұрады: үш бөлмелі үй, ерекше фотопавильон, қорықша. Мұражай экспозициясында жиырмасыншы ғасыр басындағы шебердің заттары, өткен жылдардағы фотожабдықтау, және, ең маңыздысы, өлкенің тарихын бейнелейтін фотосуреттер. Бұл фотосуреттер тақырыбы өзгертіліп, үнемі көрмеде тұрады. Музей сонымен қатар басқа фотографтардың жұмыстары көрмеге қойылады: Германия, Аргентина, Ресей (Екатеринбург, Новосибирск, Мәскеу) және Қазақстан қалалары - Алматы, Қарағанды, Теміртау, Өскемен.

1- тапсырма.

Мәтінді оқы, аудар.

2 - тапсырма.

Мәтінге жоспар құрастыр, мазмұнда.

3 - тапсырма. Мәтіндегі жалқы есімдерді теріп жаз.

Сабақтың тақырыбы:М. Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы үйі

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Майра Шамсутдинова атындағыәншығармашылығыүйімұражайыГ.Потанинатындағы Павлодар облыстықтарихи-өлкетанулықмұражайыныңфилиаыболыптабылады. Мұражай 2001 жылы30қаңтардаашылды. Мұражай 2 залдантұрады. Біріншіэкспозициялық зал келушілердіөткенғасырдың 20-жылдарының танымаләншісі мен сазгеріМайраУәлиқызыШамсутдинованыңөмірі мен шығармашылығыментаныстырады. Бұлзалдыңэкспозициясыәншініңөмірлікжәнешығармашылықжолынсипаттайтынқұжаттар мен фотосуреттердентұрады. МайраУәлиқызы Шамсутдинова - халықәнші, композитор болған.МұражайғакелушілердіМайраныңжекезаттарыерекшеқызықтырады: үлкен пиала, қызылжібекшапаны. Осы залдаМайраныңжолынқуғанҚазынаСүбекованың 1916 жылғыгармоны да көрмегеқойылған.

1 - тапсырма.

Мәтіндімәнерлепоқы.

2 - тапсырма.

Ойыңдыөрбіт«Өнералды - қызылтіл»

3 - тапсырма.

Сөйлемдердідұрысқұрастыр.

Той-думандарда, Майра, көрсетті, өнер.

Болыпотыр, оның, бүгіндеәндері 20-ға тарта, белгілі.

Сабақтың тақырыбы: Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы 1964 жылы ашылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемөнер мұражайы. Бұған дейін осындай мұражай тек астанада, Алматы қаласында, Г.Т.Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер галереясы жұмыс істеген. 1965 жылы 18 желтоқсандамұражайкелушілергеашылды. Солкездеқорларда 369 экспонат болатын. 1979 жылымұражайжаңағимаратқакөшіп, бүгінгікүнгедейінсондаорналасқан. Павлодар облыстықкөркемөнермұражайыкөркемсурет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалыөнертуындыларыныңерекшеқорынжинаған. Мұражайқорларында 5500 астамэкспонаттар бар. Жылсайынмұражай 15 астамэкспозицияларұсынады. Оғанмұражайқорыныңдәстүрлітақырыптықжинақтары, павлодарлықсуретшілердіңесептікжәнежекекөрмелері, фотокөрмелер, балаларсуретініңкөрмелері, алдыңғықатарлымұражайлардыңжинақтарынанқұралғанжылжымалыкөрмелержатады.

  1. тапсырма.Мәтіндіоқы, мазмұнда.

  2. тапсырма. Өмір, кешен, сөздеріне антоним, синоним сөздердітауыпжаз.

  3. тапсырма. Тақырыпбойыншасұхбатқұрастыр.

Сабақтыңтақырыбы:БұхарЖырауатындағыәдебиет пен өнермұражайы.

БұхарЖырауатындағыәдебиет пен өнермұражайы 1992 жылыашылды. Мұражайэкспозициясы 8 залдаорналасқан.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Мұражай,музей, (гректіліндеmuseіon - музасарайы) - тарихи-ғылымидерекретіндегіескерткіштерді, өнертуындыларын, мәдениқұндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдыққызметатқаратын мекеме.

Музейзаттықжәнеруханиқұндылықтардытанытуда, ғылымитұрғыдазерттеп, оныңнәтижелеріннасихаттауда, осынегіздетәлім-тәрбиеберудемаңыздырөлатқарады. Музейғылымның, білімнің, мәдениеттіңқалыптасуынаықпалететінғылымимекемеретіндеөскелеңұрпақтыңтәрбиесіне, тарихисананыңқалыптасуынаықпалетеді.

1 - тапсырма.Мәтіндітүсініпоқы.

2 - тапсырма. Берілген сан есімдерді сөзбен жаз.

11, 63, 27, 189, 640.

3 - тапсырма. Мақалды жатқа жаз.

Білгенің - бір тоғыз, білмегенің - тоқсан тоғыз.

Ақын Павел Васильевтің үй-мұражайы


Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Үй-мұражайдың салтанатты ашылуы 1994 жылы 23 желтоқсанда, П.Васильевтің туған күніне орай өткізілді. Жаңа мұражай экспонаттарының көп бөлігі Е.А.Вялова, ақынның қызы Н.П.Фурман және ағасы В.Н.Васильев атынан тапсырылды. Келесі жылдары Үй-мұражай қоры тек П.Васильев қана емес, оның замандастарының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер беретін құжаттар мен материалдарға тола бастады. Бұл ақпарат ақының өмірі мен шығармашылығын терең түсінуге ықпалын тигізді. Павлодарлықтар Үй-мұражайды «васильевтік қорық» деп атайды, сонымен бірге, мұражайда поэзия сүйетіндерге арнап әдеби-музыкалық кештер, танымал әдебиетшілермен кездсулер, П.Васильев атындағы Әдеби қоғам отырыстары өтеді. Үй-мұражайда АҚШ, Франция, Польша, Белоруссия, Ресей және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтар болды. П.Васильев туындылары көптеген әлем тілдеріне аударылды.

1 - тапсырма. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен түсініп оқы.

2 - тапсырма.«Менің сүйікті жазушым» тақырыбына шағын шығарма жаз.

3 - тапсырма. Павел Васильев туралымәліметжинау (ғаламтордаң).

Сабақтыңтақырыбы: Г. Н. Шафер Үйі

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

«Шафер Үйі» - Қазақстандағы жалғыз грампластинкалар мұражайы. Ол 2001 жылы 21 ақпанда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, музыкатанушы, И.О.Дунаевский шығармашылығын зерттеуші, сазгер Наум Григорьевич Шафердің бірегей коллекциясы негізінде ашылды. Коллекцияда 25000 грампластинка, 1500 магнитофон жазбасыныңбобинасы, 1500 аудиокассета бар. Картотекада (сазгерлер мен орындаушыларбойыншажүйеленген) 500 мыңнанастам карточка саналады. Жұмакүндері (әраптасайын) павлодарлықжазушылар, музыканттар, әртістерқатысуымен «Шафер Үйінің» концерттікзалындадыбысжазукештері мен әдеби-музыкалықкештерөтеді.

1 - тапсырма. Мәтіндітүсініпоқы.

2 - тапсырма.Мәтінніңалғашқыбөлігінденешесөйлем, әрсөйлемденешесөзбарынанықта.Олардыңәрқайсысында не туралыайтылған?

3 - тапсырма.Төмендегісандардыжазуменжаз.

500, 1500, 25 000, 21.





Сабақтыңтақырыбы: Ж. Аймаутоватындағыоблыстық драма - театры

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

ЖүсіпбекАймауытоватындағыҚазақ театры - бұлегеменҚазақстанныңалғашқықадамы. 1990 жылы 1 сәуірдеашылды. Театрдыңағымдағырепертуары 78 спектакльдентұрады, 2007-2011 жылдарарасында 35 жаңақойылымжүзегеасты. Театр жылына 7 премьера қояды.

А. П. Чехов атындағы драма театры

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

А. П. Чехов атындағы драма театры - Павлодардыңеңірі театры. Театр қойылымдарыныңарасындаУ.Шекспирдің «Он екіншітүні», А.П.Чеховтың «Чайкасы», Дж.Патриктің «Оғашмінезді миссис Сэвиджі», Н.Коляданың «Ақымақтаркемесі» жәнетағыбасқалары. Театрдың директоры-шығармашылықжетекшісіҚазақстанРеспубликасыеңбегісіңгенқайраткері, ҚазақстанРеспубликасының театр қайраткерлеріОдағыныңбасқармамүшесі, педагогикалықғылымдар кандидаты Виктор Аввакумов болыптабылады.

1 - тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқы.

2 - тапсырма. Жұмбақта жатқа жаз. Шешуін тап.

Тілден ұшып,

Құлаққа қонады.

3 - тапсырма. Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.

Ұста, інің, күйші.



ІІІ. Ертіс өңірінің балалар әдебиеті



ҚалижанБекхожин



Иса Байзақов

Мүбәрақ Жаманбалинов



Сабақтың тақырыбы:Қалижан Бекхожин

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Қазақ ақыны. Қазақстанның Халық жазушысы.

(1913 - 1990)

Өмірбаяны

  • Бекхожин Қалижан Нұрғожаұлы 1913 жылы Павлодар қаласында туған. Қазақ ақыны. Қазақстанның Халық жазушысы. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1949 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы лирикалық туындылары замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін жырлады.

Қазақ халқының дарындары тұлғалары туралы «Орман қызы» атта тұңғыш поэмасы 1938 жылы республикалық бәйгеде жүлде алды. Балаларға арналған шағырмалары да көп.

2-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңді айт.

Бекхожин драматургия саласында үлкен үлес қосқан жазушы. «Егер жүрек шын берілсе», «Несерден кейін», «Ұлыстың ұлан асуы», «Гималай сарыны» пьесалары республика, облыстық театларды қойылды. «Ұлан асу» пьесасында қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің қолбасшысы Абылай ханның ерлік жолы, өмірі шынайы суреттелген. Аударма саласында А.Пушкин, А.Горький т.б. классиктер шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бекхожиннің өлеңдері мен поэмалары ТМД елддері халықтарының тілдеріне аударылып, кеңінен танылды. Бекхожин Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1978), Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.

Поэмалары.

«Орман қызы»

поэма

1938 ж.

«Партизан Балтабай»

поэма

1940 ж.

«Кек»

поэма

  1. .

«Ақсақ құлан»

поэма

1938 ж.

«Батыр Науан»

поэма

1940 ж.

«Жиырма сегіз»

дастандар

1942 ж.

«Мариям Жәгөрқызы»

поэма

1949-1954 ж.

«Тұрлаулы тағдыр»

поэма

1957-1962 ж.

«Алты асқар»

Өлеңдер жинағы

1973 ж.

«Көктем»

Өлеңдер жинағы

1948 ж.

«Қамбар ағай»

Балаларға арналған өлеңдер

197 ж.

4-тапсырма. Сен білесің бе?



  1. Павлодар қаласында Қалижан Бехқожинға ескерткіш бар ма?

  2. Ескерткішті көрдім бе? Қай көшеде орналасқан.

  3. Қ.Бехқожин атында біздің қалада нелер бар?

Сабақтың тақырыбы: Мүбәрақ Жаманбалинов

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Ақын, өлкетанушы, журналист.

(1924 -2010)

Өмірбаяны

  • 1924 жылы Павлодар облысы Железинка ауданының Тәттімбет аулында дүниеге келген.

  • 1958-1990 жылдары Павлодар облыстық "Қызыл Ту" гезетінің Ертіс, Ақтоғай, Железин аудандарындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.

  • 1974 жылы ақынның "Балғын гүлдей балақан" деген атпен балаларға арналған өлеңдерінің таңдамалары жарыққа шықты.

  • М.Жаманбалиновтың өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, ана, ұстаз, білім тақырыптарын қамтыған.

  • Ақынның өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, летыш тілдеріне аударылды.

  • Мүбәрак Жаманбалиновтың "Жауқазын" атты таңдамалылар жинағына өлеңдер, поэмалар, ертегі-аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар енгізілді.

  • Ақын - қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі.

Балаларға арналған өлеңдері

1-тапсырма. «Туған өлкем» деген өлеңді сөз мәнеріне, нақышына келтіре оқы.

Туған өлкем

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл нұрын сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем.

Осы менің туған өлкем.

Түлігі өскен алуан-алуан

Төс алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем.

Осы менің туған өлкем.

(М. Жаманбалинов.)

2-тапсырма. Берілген шумақтағы «түлігі», «өскен», «төс», «малға», «көркем» сөздерінің орнына басқа сөздерді алып, шумақты түрлендір.

Түлігі өскен алуан-алуан

Төс алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем.

Осы менің туған өлкем.

3-тапсырма.

А) Берілген сөйлемдердің ішінен суретке дәлме-дәл сәйкес келетін сөйлемдерді тауып, астын сызыңыз.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып



  • Көктем күні күледі, күліп еді - жер түледі. Түлегені емес пе ақ кебінін сыпырып, көк торғынға бөленді.

  • Ала сәуледе жасыл шөпті жапырып, өкпек желді естіріп, көкіректі керіп, тым-тырағай айдап келеді.

  • Күнікей атына мініп дайын тұр еді, байталды қуып берді. (Ж. Аймауытов)



Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақов

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Ақын, театр қайраткері, композитор.

(1900-1946)

  • Иса Байзақов 1900 жылы 3 қазанда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Байғожа ауылында (қазіргі И.Байзақов атындағы ауыл) дүниеге келген.

  • 1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған.

  • 1926 жылы Қызылордада тұңғыш ұлттық театр ашылғанда Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, т.б. әртістермен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды.

  • Алғаш М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнаған.

  • «Біржан-Сарада» Біржан рөлінде ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық, өнерімен жұртты ерекше сүйсіндірген.

  • Атақты «Гәкку» әні Исаның орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз жібек» операсына енді.

  • Радиода, филормонияда, жазушылар Одағында қызмет етті.

  • Иса әйгілі «Құралай сұлу» дастанын шығарған.

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап, үгітшілік қызмет атқарған.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Иса ақынның балалары - Махпуза мен Ертіс. Ортада Иса ақынның өзі.

Этнографилық концертке қатысқан өнер қайраткерлері. 1927 ж. Иса ақын екінші қатарда бірінші орында.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Иса Байзақов бір топ өнер адамдармен бірге.

Иса Байзақов, Шарбану Байзақова (Иса ақынның жары).

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Иса әнші Естайды Алматыға алғаш өзі апарған еді.

Ақын атындағы мектеп алдындағы Иса ескерткіші

1 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мазмұнын айтып бер.



  • Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған. 9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді. Ол кішкентайынан «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады.

2 - тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Жазғы кеш

Кеші еді жаздың сұлу нұр төгілген,

Жібектей жерге жасыл гүл себілген.

Көк шатыр, қызғылт теңбіл тақталанып,

Жерге кеп алыс аспан төңкерілген.

Шымқаған көкжиекті қызыл арай,

Көтерген күн шапағын қызыл тудай.

Тарауы сан жамырап көкке самғап,

Серпілген көк теңізі әрмен қарай.

(И.Байзақов)

3 - тапсырма. Ақынның кешкі шапақтың тууын суреттеген жолдарын тауып, қайталап оқыңдар.

4 - тапсырма. Жазғы кешті елестетіп, сурет сал, әңгіме жаз.

Дидактикалық материалдар тоғызыншы сынып

Қорытынды.

  1. Иса Байзақов кім болған?

  2. Қай жерде туған?

  3. Мамандығы кім болды?

  4. Ақынның қандай өлеңдерін білесің?

  5. Бір өлеңді жатқа айтып бер.

























Пайдаланылған әдебиеттер



  • Кереку-Баян өңірінің тұлғалары. С. Торайғыров атындағы ПМУ портреттік галереясы.

  • Ертістің Павлодар өңірі. Арнайы басылым, 2003 ж.

  • Павлодар облысы: тарихи оқиғалар мен даталардың күнтізбесі. Павлодар, 2003 ж.

  • Павлодар өңірі. Энциклопедиясы. 2000 ж.

  • Қазақстандағы жануарлар әлемі. 2004ж.

А.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь

  • Жыртқыш құстар. 1986ж.

Р.А. Алимбаев.

  • Қазақстанның құстары. 2008ж.

Б. Есжанов, П.А. Есенбекова.



© 2010-2022