Урок на тему Юрта. 7-сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Киелі киіз үй 7-сынып орыс сыныбындағы қазақ тілі

МАҚСАТЫ: БІЛІМДІЛІК: Киіз үй туралы жалпы түсінік беру. Киіз үйдің ішкі құрылысы мен ішкі жасауын меңгерту. Етіс және оның түрлерін пысықтау. Етіс формаларын бір-бірінен ажырту.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Жаңа сөздерді сөйлеу тілінде дұрыс қолдануға, сауатты жазуға дағдыландыру. Сөйлеу тілін дамыту. Оқушының тез ойланып, жүйелі, дұрыс жауап беруге үйрету.

ТӘРБИЕЛІК: Қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, ұлттық танымы арқылы өнерді сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу. Бір ғана киіз үйден бірнеше өнер туындысын көрсету арқылы, қазақ халқының шебер халық екенін дәлелдеу.

САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: Сұрақ-жауап, оқыту, жаттығу, ой қозғау, талдау, әңгімелеу,

топстастырау.

САБАҚТЫҢ ТҮРІ: жаңа материалды меңгерту сабағы.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу

  2. Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу

  3. Оқушылардың көілін сабаққа аудару

ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ: Зергерлік өнер (әңгімелеу) Етіс, оның түрлері.

Қосымша сұрақтар қою.

ЖАҢА САБАҚ:

1. Сөздік жұмыс. Сөздерді оқып, жаттығыңыздар.

Киелі - благодатная

Көшпелі - кочевой образ жизни

Бейім - склонный

Баспана, үй - жилище

Киіз - кошма

Сүйек, қаңқа - остов

Шаңырақ - купол

Кереге - решетка

Уық - изогнутая длинная купольная жердь, соединяющая шаңырақ и кереге

Сықырлауық - дверь

Туырлық - войлочное покрытие укладываемая на кереге

Үзік - кошма, укладываемая выше туырлық

Түндік - кошма, укладываемая на шаңырақ квадратная кошма покрывает

верхнюю часть юрты

Урок на тему Юрта. 7-сынып

2. Суретті сөздік. Суреттегі киіз үй жиһаздарының атын табу.

Урок на тему Юрта. 7-сынып

Урок на тему Юрта. 7-сынып


Урок на тему Юрта. 7-сынып

Урок на тему Юрта. 7-сынып


Урок на тему Юрта. 7-сынып


Урок на тему Юрта. 7-сынып

Урок на тему Юрта. 7-сынып

Урок на тему Юрта. 7-сынып


3. Жаңа сабақ. Мәтінді оқып, аударамыз.

Киелі киіз үй


Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан қасиетті, киелі қара шаңырағы. Киіз үй - көшпелі тұрмысқа бейімделген баспана. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үй қыста жылы, жазда салқын болады. Оның туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Киіз үйдің негізгі сүйектері ағаштан жасалады. Олар: кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық және киіз есік. Киіз үй сүйектерін шебер үйші жасайды. Бір ғана киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, ағаш ұсталығын көруге болады. Киіз үйдің сыртқы киіздері жүннен жасалады. Керегені туырлықпен, уықты үзікпен, шаңырақты түндікпен жабады. Киіз үйдің ішкі жиһаздары: текемет, басқұр, алаша, тұскиіз, төсек, жүк, сырмақ, ошақ, бесік, сандық, қоржын, кебеже, желбау. Киіз үйді әр отбасы өз қалауларынша безендіріп, жабдықтаған.

4. Мәтінді суретті сөздермен пысықтау

Сурет: 1. Шаңырақ 2. Кереге 3. Уық 4. Сықырлауық

Урок на тему Юрта. 7-сынып

Урок на тему Юрта. 7-сынып




Урок на тему Юрта. 7-сынып

Урок на тему Юрта. 7-сынып






Сурет: Туырлық

Урок на тему Юрта. 7-сынып

Сурет: Үзік, түндік.

Урок на тему Юрта. 7-сынып


5. Жаттығу жұмысы: Сөздерді жұптастырыңыздар.

қабырғасын сықырлауық

есігін кереге

Киіз үйдің төбесін уық дейді

шанақтарын шаңырақ

керегесін түндік

Киіз үйдің уығын жабатынды туырлық дейді

шаңырағын үзік

6. Етіс, оның түрлерін қайталау, пысықтау. Берілген етістіктерге тиісті етіс

жұрнақтарын дұрыс жалғап, сөйлем құрастыр.

Өздік етіс

жу

ки

сүрт

сұра

тара

ойла

Ырықсыз етіс

аш

жина

тыңда

ек

іш

Өзгелік етіс

айт

әңгімеле

жаз

же

Ортақ етіс

апар

жу

түсін

тазала

жаз

7. Еске түсіреміз. Синоним дегеніміз не? Мысалы:

Жаттығу. Бір-біріне ұқсас сөздерді табыңыздар.

текемет баспана

есік киіз

үй жаңбыр

жауын сықырлауық

Урок на тему Юрта. 7-сынып


Суреттегі киіз үйдің құрылысы мен ішкі жасауларын атау.

8. Бекіту. Киіз үй туралы түсінгенін әңгімелеу.

9. Оқушы мәнерлеп оқып береді.

Киіз үй

Менің атам жайлауға

Малын айдап шығыпты.

Көк шалғынды қойнауға

Киіз үйін тігіпті.

Атам үйі аулақтан

Көңілімді аулайды.

Ауып келген тау жақтан,

Аппақ бұлттан аумайды.

Шынымды айтсам сендерге,

Қайран қалдым енгенде,

Ұқсайды екен шеңберге,

Кілем тұтқан кең бөлме.

Қарап шықтым біртіндеп,

Бар жиһазға жарасқан.

Туырлығын түргенде,

Көрінеді көк аспан.

Керегесін түргенде,

Самал есіп тұрады.

Таңғажайып бұл бөлме.

Маған бірден ұнады.

10. Үйге: Киіз үй туралы түсігін әңгімелеу. Етіс категориясын қайталау.

Жаңа сөздерді жаттау.

11. Бағалау. А) Үй жұмысын орындаған оқушы

Ә) Жаңа сабақта белсенділік көрсеткен оқушы бағаланады.




© 2010-2022