Урок на тему Махамбет жырларындағы Исатай бейнесі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок на тему Махамбет жырларындағы Исатай бейнесі

Күні:

Курсы:

Тобы:


«Бекітемін»


І

№191

«Қармақшы аграрлы-техникалық»колледж

№193

І



директорының оқу- ісі жөніндегі





орынбасары:________Г.Аралбаева







Сабақтың тақырыбы : Махамбет жырларындағы Исатай бейнесі
Мақсаты :Махамбет жырларындағы Исатайдың бейнесін ашу, оның жалынды жырларын терең түсініп оқу, идеялық мазмұнын ұғындыру, ақын шығармаларының негізінде оқушы бойында адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және патриоттық өлеңдері арқылы отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге ықпал етіп, оқушыларды өз беттерінше ізденуге , сөйлеу мәдениетін дамытып, өзіндік ой тұжырымынын айтуға үйрету.

Күтілетін нәтиже : Қазақ халқының ұлы даналарының өмірі мен шығармаларын біледі, танысып, оқып, талдау жасайды . Өз көзқарасын жүйелі айтып жеткізе білуге үйренеді.Қарсыласын сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді.Өзін-өзі , бірін-бірі бағалай алады.Өз пікірін қарсылыстарына дәлелдей алады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер : АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлау, жұптық, топтық жұмыстар, диалог, анықтау, талдау, салыстыру .

Көрнекілігі : Постер, маркер, үлестірмелі парақшалар, салыстырмалы кестелер , Интернеттен алынған деректер



Сабақ/оқу барысы

Реттік №

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы Өлеңдерінен үзінді сұрау .

3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Махамбет поэзиясындағы романтизм

Жаңа тақырыпты Фариза Оңғарсынованың
Махамбет! Махамбет…
Білмеймін, жел ме, сел ме,
Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме…
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме…-деп толғанатын өлең жолдарынан
бастаймын. Оқушылар Махамбеттің өлеңінен үзіндіні тыңдап, кімдікі екендігін айтады. Жауаптарын толықтырып, Фаризаның өлең жолдарынан жаңа тақырыпты бастаймын.
Мағынаны тану . 1-тапсырма . Топпен жұмыс. 7 минут.
І топ. Жаңа тақырыптан Исатайға арнаған өлеңдерін жинақтап, аттарын постерге жапсырады . ІІ топ. Тақырыптан Махамбеттің өзі туралы айтқан өлеңдерін зерттеп, жинақтайды .
ІІІ топ. Махамбет пен Исатай туралы жазлыған шығарма зерттеулердің аттарын біліп, жинақтайды .
2-тапсырма . 5 минут .
Жұппен жұмыс. Әр жұпқа Махамбеттің өлеңдерінен үзінді беріп, әдебиет теориясына талдатамын.
3-тапсырма .Жеке жұмыс. 3 минут.
Екі жақты түсініктеме күнделігін жүргіземін.
4-тапсырма . 5 минут. Топпен жұмыс. «Бес жолды өлең » құрастырады .
5-тапсырма . Топпен жұмыс. Салыстыру кестесі арқылы Махамбет пен Исатай бейнелерін салыстырады .
6-тапсырма . 3 минут. Топтық тапсырма .Әр топтағы оқушылар «Ақпаратты толықтыр» әдісімен өз ұялы телефондарынан Махамбеттің жырлары туралы мәліметті тауып оқиды .
7 тапсырма. 4 минут . Оқушыларға Махамбеттің өлеңдер жинағын таныстырып, таратып бердім. Түртіп алу әдісі
бойынша саралап оқиды.
Тақырыптың мазмұнын аша отырып,постер қорғау.
Әр оқушы берілген өлең жолдарына әдебиет теориясынан талдау жасайды.
Өлең жолдарын оқи отырып өз ойын қосы білдіріп жазады
Екі жақты түсіндірме күнделігін жазады .

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

«Бес жолды өлең » құрастырады .
Салыстыру кестесі арқылы Махамбет пен Исатайға мінездеме береді .
Осы кезге дейін
оқыған ,білгендерін толықтыру мақсатында телефондарынан интернетке кіріп, мәліметтер жинайды .
Әр топ сол кітаптардың ішінен өздеріне таныс емес өлеңдердің аттарын жазып шығады .
Рефлекция . 2 минут. «Даналық ой» бөлігімен берілген М.Әуезов пен З. Қабдоловтың Махамбет туралы сөздерін оқытып, оқушылардың ойларын сұрап, Махамбеттің шығармаларымен таныстырып , қорытамын.
Қорытынды сөз
Халқыңның Ер Сырымдай көсемі бол,
Үш жүздің Әйтекедей шешені бол.
Исатайдай жүректі, ақылды бол,
Еліңнің Махамбеттей ақыны бол. М.Әуезов пен З. Қабдоловтың Махамбет туралы сөздерін оқытып, оқушылар өз ойларын ортаға салады . Махамбеттің еңбектерімен таныстырамын.

5

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Сабақта түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Студенттердің сабаққа белсенділігіне қарай білімдері бағаланады.

6

Үйге тапсырма

Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі. «Махамбет-дауылды жырлардың дауылпаз ақыны » тақырыбында шығарма жазу . Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі. «Махамбет-дауылды жырлардың дауылпаз ақыны » тақырыбында шығарма жазу



Пән оқытушысы: С.Мұратов





© 2010-2022