• Преподавателю
  • Другое
  • Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықта

Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықта

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Сабақ№_____ «10»а-сынып Күні___________ж

Тарау: Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары.

Сабақтың тақырыбы: Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары, бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасау.
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды әскери тәртіп пен әскери құқықтың негіздерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Патриоттық сезім қалыптастыру Отанға жауапкершілікті тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойллау қабілетін, фантазия, Қазақстан қарулы күштерінің құрылуы түсініктерін дамыту.

Оқытушылық: Қазақстан қарулы күштерінің құрылуы.

Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы, Тәртіптік жарғы,Ішкі қызмет жарғысы.

Өткізілетін орны: АӘД кабинеті.

Уақыты: 45 минут.

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 минут.
- Әскери жарғылар дегеніміз не?
- Әскери қызметшінің құқығы мен міндеттері қандай?
- Әскери жарғылардың талаптары қандай принциптерге негізделіп жасалған?
- Әскери жарғылардың ерекшелігі туралы айтыңдар?

- Әскери атақтар және айыру белгілері?

- Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез - құлқы?

- Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер?
б) Негізгі бөлім - 22 минут.
Тәртіп және әскери құқық. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы, әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны сақтаудағы қызметшіледің міндеттері туралы.

ТӘРТІП ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚҰҚЫҚ.
ҚР ҚК-н жетілдірудің, ұрысқа дайындығын көтерудің ең маңыздысы - әскери тәртіп болып табылады.
Әскери тәртіп дегеніміз - барлық әскери қызметшілердің заңды және әскери жарғыларда көрсетілген тәртіп пен ережелерді, қатаң және дәл сақтауы.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын - ҚР-ын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуге негізделеді, яғни әскери қызметшілерді өздерінің әскери борышын адал атқаруға міндеттейді. Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі - көз жеткізу болып табылады, бірақ өз борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Әскери тәртіп әр әскери қызметшіге төмендегідей тәртіптерді міндеттейді:
- өзін - өзі көпшілік орында ұстау, өзін және басқа біреуді жағымсыз қылық жасауға жібермеу, азаматтардың ары мен абыройын қорғауға ықпал ету;
- парасатты бастамалар көтеру;
- әскери іс - әрекеттерді жүргізудің халықаралық ережелерін білу және сақтау, жараланған, ауру, кеме апатына ұшыраған адамдарға және ұрыс жүріп жатқан аудандардағы адамдар мен әскери қызметшілерге қамқорлық жасау;
- командирлер мен бастықтарға құрмет көрсету, әскери әдептілік ережелерін сақтау.
ҚР ҚК-нде әскери қызметшілердің қызметтік міндеті және арнайы міндет түрлері белгіленген. Қызметтік міндеттер әскери қызметшінің, әскери бөлімнің, мекеменің ұйымдастыру құрылымында атқаратын қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпы (барлық тікелей бастықтар үшін) және нақты (бригада, рота, взвод командирінің қызметі) болып бөлінеді.
Арнайы міндеттер әскери қызметшінің негізгі міндеттері мен құқықтары шеңберіне кірмейтін тапсырмалар тапсыруға байланысты пайда болады. Мысалы, қарауылдық, патрульді, тәуліктік күзет құрамын тағайындағанда, тексеру, инспекция жүргізу үшін жолдама бергенде.
Әскери тәртіптің ерекшеліктер:
Біріншіден: әскери тәртіп әскери қызметшіге қойылатын талаптарды барынша толық белгілейді.
Екіншіден: әскери тәртіп ережелері қызметтен тыс ортада да сақталады, ал еңбек тәртібінің ережелері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытында өз міндеттерін орындау үшін ғана қажет.
Үшіншіден: әскери тәртіп орындаушыларға неғұрлым жоғары талаптар қояды. Мысалы, әскери борышты өтеу үшін өз өмірін аямау, командирлерге мүлтіксіз бағыну мен оларды ұрыста қорғау.
Төртіншіден: командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқығының көлемі басқа тұлғаларға қарағанда кең. (Тәртіптік жарғыда қаралғандай төтенше жағдайларда бағынбайтындарға қару қолдану өкілеттілігі берілгендігінде).
Бесіншіден: әскери тәртіп талаптарын бұзғаны үшін заң алдында қатаң жауапқа тартылу белгіленген. (Әскери қызметшілер бағынбағаны үшін, бөлімді өз бетінше тастап кеткені үшін, бұйрықты орындамағаны үшін қылмысты жауапқа тартылады).
Алтыншыдан: бағыныстылардың өз командиріне сөзсіз бағынуы.
Әскери қызметшілерге қатысты пайдаланылатын шараларды қолдану үшін командирлер мен бастықтарға тәртіптік билік беріледі.
Тәртіптік билік дегеніміз - командирлер мен бастықтарға әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды қабылдауға берілген құқығы мен міндеті.
Тәртіпті нығайту үшін командирлер мен бастықтарға берілетін құқықтық шаралар:
- мадақтау шаралары;
- әскери тәртіпті бұзуды болдырмау шаралары;
- тәртіп сөгістері;
- тәртіптік іс - әрекеттің қосымша шаралары.
Бірде - бір әскери тәртіпті бұзушы жауапкершіліктен құтылмауға тиіс, бірақ бірде - бір кінәсіз адам жазаланбауға тиіс.

в) Қорытынды бөлім - 10 минут.
- «Әскери тәртіп» деген ұғымды қалай түсінесіңдер және ол әскери қызметшіге қандай міндеттер жүктейді?
- Әскери тәртіптің ерекшелігі неде?
- Әскери тәртіптің құқықтық негіздері туралы айтыңдар?





Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы-оқытушысы: _______ Мамаев Асет Муратович


© 2010-2022