Коучинг Сыныпты бақылау

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг Сыныпты бақылауКоучинг Сыныпты бақылау

МӘСЕЛЕ (ПРОБЛЕМА):

Ағылшын тіліне тұрақты қызығушылығы болғанымен, жоғарғы сынып оқушылары шет тілі сабағында бағдарламаны игеру кезінде грамматиканың қиындығына орай ынтасын жоғалтады, соның салдарынан олардың үлгерімі төмендейді.

Грамматиканы үйрету кезіндегі мақсат - түсініктемелер арқылы жаттығулар жасау арқылы тілді меңгерту болып табылады. Тапсырманы өз бетінше орындауға уақыт қалмайды. Дегенмен де арнаулы тақырыптар бойынша жеткілікті теориялық және тәжірибелік білім беру үшін барлық мүмкіндіктерді іздестіру қажет. Мен бұны сабақта оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру есебінен жасауға болады деп санаймын.

ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАР (негізгі идеялар):

  • Сыныптағы диалог оқушылардың зияткерлік дамуына және олардың білім деңгейіне ықпал етуі мүмкін.

  • Ересектермен интерактивті қарым-қатынас, сондай-ақ өз құрдастарымен бірлескен жұмыс балалардың білім алуына және олардың танымдық дамуына ықпалын тигізеді.

  • Оқушылар өзінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істеген кезеңде танымдық даму барынша тиімді болады.

  • Оқушы диалогқа қатысу нәтижесінде білім алады.

  • Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.

  • Көбірек білетін басқа адамдармен сөйлесуге мүмкіндік болған жағдайда оқушылар тезірек үйренеді, ондай адамдар сыныптастары немесе мұғалімдер болуы мүмкін. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.

«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» алынған. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Сыныптағы диалогтің маңызы» модулі

Коучинг Сыныпты бақылау

Оқытуға өзгеріс енгізуді дайындау аясында осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, сынып жетекшісімен және мектептің психологымен әңгіме жүргізілді.

Осы қарым-қатынастың нәтижесінде мен сыныптың мынадай психологиялық-педагогикалық сипаттамасын жаза алдым:

Коучинг Сыныпты бақылау

ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

  • Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде топтық жұмысты ұйымдастыру.

  • Мұғалімнің барлық оқушылармен де, сондай-ақ шағын топтар ішіндегі оқушылармен ынтымақтастық жасауы.

  • Тәжірибелік тапсырмаларды орындау уақытында жеке және топтық жұмысты ықпалдастыру.

  • Барынша күшті оқушыларды құрдастарын оқытуға тарту. Интерактивті оқыту.

  • Оқушылардың өзара бағалауын, өзін өзі бағалауын, топтық жұмысты бағалауын енгізу.

  • Парталардың орнын ауыстыру.

ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ӘДІСТЕРІ

  • Оқушылар арасында сауалнама жүргізу (топта жұмыс істеуге дайындығын анықтау).

  • Диаграммалар.

  • Сабақтарда түсірілген фотоматериалдар.

  • Сабақтарды қадағалау жазбалары.

  • Рефлексивті журнал.

  • Топтарда бірлесіп жұмыс істеу мысалдары.

  • Рефлексия кезеңінде жауап алу.

НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАР:

  • Оқушылар топтарда қолайлы жұмыс істейді. Олар топтағы өз рөлдерін қызығушылықпен орындайды.

  • Сабақ барысында оқу материалының анағұрлым үлкен көлемі қамтылады (бұрын 2-3 тапсырма, енді 4-5).

  • Оқушылардың өзін өзі бағалауының өсуі байқалады.

  • Сыныпта психологиялық ахуал жақсара түскен.

  • Оқушылармен арамызда ұстаз бен шәкірт ретінде барынша тығыз, өзара сенімді қарым-қатынас орнауда.

ҚИЫНДЫҚТАР және ШЕКТЕУШІ ФАКТОРЛАР:

  • Уақыттың жетіспеушілігі (сабақ аптасына екі-ақ рет, мектептегі тәжірибе барысында тізбектелген қосымша сабақ жүргізу үшін бос уақытында мектепке шақыруға тура келді).

  • Басқалардың онымен жұмыс істеуге дайын екендігіне қарамастан, бастапқы кезде бір оқушы қыз топпен жұмыс істеуден бас тартты.

  • Топтық жұмысты бағалау өлшемдерін әзірлеудің қиындығы.

  • Сабаққа дайындалу үшін көп уақыт керек.

ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУДІҢ ЕКІНШІ САТЫСЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ НӘРСЕЛЕР:

  • Топтық жұмысты бағалау бойынша зерттеулерді зерделеу.

  • Оқушыларды топтарға бөлу тәсілін барынша мұқият жоспарлау.

  • Осы тәжірибені басқа сыныптарда қолдану.


© 2010-2022