Іздеген жетер мұратқа өзін-өзі тану

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектебі: №3 Алға қазақ орта мектебі

Мұғалiмі: Н.Н.Кайпназарова

Мерзiмі:

Сабақ: № 6

Тақырыбы: Ізденген жетер мұратқа

Құндылығы: Дұрыс іс әрекет

Қасиеттері: Жақсылық, мейірімділік,адамгершілік, кең пейіл, жақсылыққа ұмтылу, сенімділік,қайраттылық

Сыныбы :6 «б» Оқушылар саны: 22 оқушы


Мақсаты:

оқушыға Қуаныш ,оның мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-оқушыларға адам қуанышының маңыздылығы туралы түсінік беру;
-оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
-сенімді болуға,жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(үнтаспа,

қиылған жүрекшелер, бейнелеу жұмыстарына қажетті материалдар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәті:

Теңізге саяхат

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасы.

Тапсырма : Сырғанақта

Мазмұны бойынша сұрақ:

  • Әрі қарай не боды деп ойлайсыздар?

  • Ашуланған сәттегі мезгіл қандай?

1.Дәйексөз.

"Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі."

М.Әуезов

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға ,2-рет қыздарға.

Сұрақ:Адал еңбек,ақыл,таза жүрек дегенді қалай түсінесіңдер?

Әңгімелеу. Бейнеролик.

1.Адам өмірінде ірі тастар не деп ойлайсыңдар?

2.Ал ұсақ тастар не деп ойлайсыңдар?

3.Өмірде не құнды?

Шығармашылық тапсырма /топтық жұмыс/

Жаңа-жаңа мен ...........................,

Өмір деген ...................................

Өмір-............................................,

Өмір-....................................................

Еңбек-,

Таза жүрек...........................................

............................,өз ортамнан үйреніп,

Жақсы адамға ........................ түбі мен!

Топпен ән айту. /әні,сөзі/

5.Үй тапсырмасы.

Өмір туралы мақал-мәтелдер,нақыл сөздер жаттап келу.

«Елдің иесі сендерсіңдер,қарақтарым!» мәтінді оқып келу,90-бет.

6. Соңғы тыныштық сәті (музыка әуенімен)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып орналастырайық.

-Енді көздерімізді аша ғойыңдар.Сабақ аяқталды.Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін.

Сабақ

барысын талқылау:



© 2010-2022