Отчет учителя казахского языка и литературы на тему Шығармашылық қауымдастық

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шағын шығармашылық топ жұмысы

Чкалов №2 орта мектебінде 3 мұғалім бірінші (ілгері), 3 мұғалім екінші (негізгі), 3 мұғалім үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының курстарын аяқтап, оқытуда тиімді, әрі ұтқыр идеяларды жүзеге асыру, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында мұғалімдердің шығармашалақ тобын құрып,жұмыстарын жүргізуде. Тиімді идеяларға қол жеткізу мақсатында мұғалімнің өз кәсіби білімін дамытуына мүмкіндік туғызуды, жаңа технологияларды негізге ала отырып, білім сапасын арттыруды мақсат еткен шығармашылық топ құрамы тек көп деңгейлі бағдарлама курстарын аяқтаған мұғалімдермен шектелмей, әлі де курстан өтпеген жаңалыққа жаны құмар мұғалімдер де тартылды. Бүгінгі таңда оқытудың әртүрлі технологиялары зерттеліп,біртіндеп жаңашыл педагогтардың іс тәжірибесі мектеп өміріне енуде. Енгізілген жаңа технологиялар оқушылардың өмір сүруге әсер етуші қабілеттерін дамыту үшін әрбір ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, оқушыны озық, ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіріп оқытудың түрлі әдіс- тәсілдерін қолданғанда, жақсы нәтижеге жетеріміз сөзсіз. Осыған орай біздің мектеп мұғалімдері шығармашылық тобының түпкілікті мақсаты:

•Оқытуда оқушылардың жетістігін бағалаудағы бағалау түрлерін енгізу.

•Мұғалімдер әр сабақты жаңаша жоспарлау, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау туралы мәлімет алу.

•Оқушыларды топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

•Сынып ахуалын қалыптастырып, ынтымақтастық орнату.

•Оқушылардың сабақтарда тілдік қорларын арттыруда, өздігінен білім алуды үйрену мақсатында диалог әңгіменің түрлерін енгізу.

•Мұғалімдер коучингте алынған, талқыланған білімдерін сабақтарында қолдана білу мен рефликсия жазуға дағдылану.

•Тәлімгерлік жұмысын жандандыру;

•Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын қалыптастыру. «Lesson-Study» әдісін қолдану. Осындай үлкен мақсатқа жету үшін мектептегі мұалімдер І,ІІ,ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімдер және курстан өтпеген мұғалімдерден құралған үш фокус-топқа бөлініп, өздерінің жұмыс жоспарын жасады. Алдымен әріптестерден, сонан соң оқушылар мен ата-аналардан сауалнама алынып,әңгімелесулер жүргізілді. Сонан соң топ мүшелерімен бірге әңгімелесу өткізілді.

Отчет учителя казахского языка и литературы на тему Шығармашылық қауымдастықОтчет учителя казахского языка и литературы на тему Шығармашылық қауымдастық

Фокус-топ мүшесі тәлімгер 2-деңгейлі сертификатталған мұғалімі Н.Т.Исмагуловамен бірге коучинг сессияларының орта мерзімді жоспары жасалынды. Сол жоспарға сәйкес қыркүйек айында «Диолог түрінде оқыту оқушыларды ынталандырудың және дамытудың негізі» тақырыбында коучинг өтті.

Отчет учителя казахского языка и литературы на тему Шығармашылық қауымдастықОтчет учителя казахского языка и литературы на тему Шығармашылық қауымдастық

Бұдан әрі қарай топ мүшелері жиі бас қосып, сабақ жоспарларын талқылап, бір-бірлерінің сабақтарына қатысып, іс-әрекетті зерттеуді жүргізіп отырды.

Отчет учителя казахского языка и литературы на тему Шығармашылық қауымдастықОтчет учителя казахского языка и литературы на тему Шығармашылық қауымдастық

Ең бастысы бағдарламаға сәйкес 7 модульді ықпалдастыра топтықтық жұмыстар арқылы жаңаша өткізілген сабақтар оқушыларға да оқытудағы шеберлігін жаңа бағытқа бұруға көзқарастарын өзгертуге талпынған мұғалімдерге ұнайды. Сол себептен де бұл жұмыс оқу жылы соңына дейін жалғасын табатын болады. Соның нәтижесіне болашақта топ мүшелері, мұғалімдеріміз

•сабақтарында оқушы жетістіктерін бағалауды үйренеді;

•Оқушыларды оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы мағлұмат алады, мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнатылады;

•Мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуда ынтымақтастығы құрылады;

•Әңгіменің түрлерін енгізу арқылы оқушылардың сөйлеу тілдері, ойлары артады;

•Топта бірлесе жұмыс атқаруды үйренеді;

•Тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы барлық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.

•Мұғалімдер топтаса, бірлесе отырып, іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастайды. Мұның бәрі өз кезегінде мектептің дамуында өз жемісін беретіні сөзсіз.

© 2010-2022