Воспитательный час на тему Туған елге тағзым

  Тақырыбы: «Туған елге тағзым» Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың атамекенін, Отанын, туған халқын                                               сүюге, адамгершілігін қалыптастыру, сананы сауатты                                        болуға тәрбиелеу.                                      2. Туған жерге деген ыстық ықыластарын                                          қалыптастырып, елін жерін құрметтей алатын білімді                                        азамат болуға  тәрбиелеу.   Сабақтың к...                  ӘН;          «Отан»   Лашын:    Мен қазақпын ұланымын елімнің,                    Мен қазақпын тірегімін елімнің.                    Ұланымын туын көкке көтерген,                    Қиындығын қазағымның әрқашан.   Абылай:   Міне ,осындай егеменді еліміз,                    Кең жазира ұлан – байтақ жеріміз.                    Туған елің туған жерің сүйетін                    Біз қазақтың ұланымыз, ерміз.   Ақжүніс:   Қазақстан туған өлкем,                   Жер көппе сендей көрк...   Қорытындылау:   Ән  «Жаса Қазақстан»                                                                                                                                         Маңғыстау облысы Қарақия ауданы                                                                      Мұнайшы кенті №7 орта мектеп                                                                     Бастауыш сынып мұғалімі     Кейкешева Ұлбосын  Сахауқызы                         
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Туған елге тағзым»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың атамекенін, Отанын, туған халқын

сүюге, адамгершілігін қалыптастыру, сананы сауатты

болуға тәрбиелеу.

2. Туған жерге деген ыстық ықыластарын

қалыптастырып, елін жерін құрметтей алатын білімді

азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд «Туған елге тағзым»

Ассоцияцияға арналған көрнекіліктер:

Кіріспе : Мұғалім

«Туған ел» ұғымы адам жанына жылылық ұялататын өте ыстық ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін , туған жерін сағын баған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен , ал ақындар еліне , жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен , өлеңмен өрнектеген.

Слайд: «Туған жерге тағзым»

Біздің Отанымыз- егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті.Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде , кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп , оның көкбайрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып,әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұтады.

Бақтыгүл: Менің елім - Қазақстан жүрегім

Тек өзіңсің Отан ана тірегім

Аман болсын, Отан ана, тірегім

Тәңірден осы менің тілерім

Гүлнұр: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерген.

Самал: Сен неткен Отан Анам ғажап едің

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағының бақыты үшін

Жайнай бер, Ұлы Отан қазақ елім,

Нұрберген: Кең көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан елім менің

Ақниет: Біз Қазақстан елінің ұрпағымыз. Осында туып, осында өсіп білім алып келеміз. «Отан» деген ұғымды біз де ерекше түсініп, ерекше мән береміз. Сондықтан, біздің туған елге деген, Отанға деген, кіндік кескен жерімізге деген сүйіспеншілігіміз зор.

БИ «Балалық шақ»

Нұржамал: Шықшы тауға қарашы , кең далаға

Мәз боласың ұқсайсың жас балаға

Ол шетімен бұл шетіне жүгірсең

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Айбол: Уа, дариға, алтын бесік туған жер

Қадіріңді кетсем білмей кеше гөр

Жата алмас ем топырағында тебіренбей ,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер.

Бекзат: Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің

Нендей күйге жүрегімді бөледің!

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

Зейнеп: Қызығыңды көріп, еркін келемін

Сен де аямай бердің маған барыңды

Мен де аямай барымды саған беремін

Болдым ғашық, туған дала мен саған

Жақын жүрсем арманым сен аңсаған

Мен төріңде рахаттанып

Алтын діңгек - өзім туған босағам.

Мадина: Туған жер - киелі орын . Отан- ошақ басынан басталады. Туған жер-туған көше, туған қала, кент. Менің ауылым кішкентай болса да мен үшін аса қымбат. Ол- Мұнайшы кенті. Дәл осы жерде мен дүниеге келдім. Тәй-тәй бастым, тілім шықты, балабақшаға бардым. 1 сыныпты да осында бастадым. Қазір 3-сыныпта жақсы оқып жатырмын. Балалық шағым көңілді, шаттықта, уайымсыз өтіп жатыр.

Көрініс «Біздің балалық шағымыз»

Ұлболсын: Менің елім - Қазақстан Отаным

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын

Мәңгілікке қымбатсың туған ел

Арта берсін абыройың атағың

Дана: Жаса елім, жаса достық, бірлікпен

Көштен қалма, қалма және тірліктен

Елім менің - Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықта.

Ассоцияция «ОТАН»

ӘН; «Отан»

Лашын: Мен қазақпын ұланымын елімнің,

Мен қазақпын тірегімін елімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Қиындығын қазағымның әрқашан.

Абылай: Міне ,осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан - байтақ жеріміз.

Туған елің туған жерің сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, ерміз.

Ақжүніс: Қазақстан туған өлкем,

Жер көппе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желбіретем.

Наурыз: Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігің болып тербеткен,

Отаным - Қазақстаным !

Дәулет: Толтырған күнге даланы,

Жайнатқан ауыл даланы.

Ардақтап ата-мекенім,

Отаным - Қазақстаным.

Мадина: Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Зейнеп: Қазақ жері Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсе сағынамын

Менің Отаным Қазақстаным.

Ән: « Қазақтай ел қайда»

Бағилаш: Біз өз анамыз, туған жеріміз -Отанымызды осылайша жырлаймыз. Біздің ойымызша адам баласына «Отан», «туған жер» деген ұғым ана құрсағынан басталатын сияқты. Біз есейген сайын туған ел туралы түсінігіміз молая береді. Ал ер жеткенде өмірді, дүниені жан-жақты түсініп білген кезде «туған ел» деген ұғым бұрынғыдан да мәнді, мағыналы болып, сезімімізді байыта түсетініне нық сенімдеміз.

Сызбамен жұмыс:» ТУҒАН ЖЕР»

Қорытындылау:

Ән «Жаса Қазақстан»

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Мұнайшы кенті №7 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Кейкешева Ұлбосын Сахауқызы


© 2010-2022