Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші

Мақпалбай Ләззат

3.11.2014 жыл

Коучинг тақырыбы

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды

Жалпы мақсаты

Мектеп пен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
- ата-ананың бала тәрбиесіне, оның біліміне, тәртібіне ықпал етуіне көмектесу;
- ата-ана белсенділігін арттыру.

Әдіс-тәсіл

Түрткі сауалдар, ситуациялық сұрақтар, постер жасау

Негізгі идеялар

Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту; Бала тәрбиелеудегі әкенің рөлі.

Кезең-дер

Уақыт

Коучтің іс-әрекеті

Ата-ана іс - әрекеті

Ресурс

Кіріспе кезең

Топқа бөлу


Әкелер шеңбер болып тұрады. Балалары арқылы өздерін таныстыру. Мысалы: Қамқоршыл, еңбекқор және ән айтуға қабілеті бар балам Мақсаттың әкесі Қанатпын.

Мақал-мәтел арқылы 4 топқа бөлінеді.

Баласының есімін және оның жақсы қасиетін айта отырып, әкелер өзін таныстырады


Әкелерге сөз таратылады, осыдан мақал-мәтел құрастырып, топ болып отырады

Сөздер жазылған үлестір

мелер

Түрткі сауал:


Терең ойлану


Видео: "Теледидар тәмсілі "

Сіздерге видео ұсынғым келіп тұр. Сонымен видеоны көре отырып қандай тұжырым жасадыңыздар, ойымызды ортаға салайық:

1. Видеодан не түсіндіңіздер?

2. 4 топ бойынша:

1-ші топ - Реалистер;

2-ші топ - Писсимистер;

3-ші топ - Оптимистер;

4-ші топ - Сарапшылар.

Видеоны көріп болған соң,

Реалист ~Шыншыл, әрі нақты көзқарасты....

Оптимист ~ бақытты, әрі үмітті көзқарасты...
Пессимист ~ жағымсыз,әрі кері көзқарасты...

Ал, Сарапшылар осы үш топтың жауаптарын саралайды.

Видео



Негізгі кезең



Талқылау

Болжам жасау




Ситуациялық жағдаяттар.

Әр топқа ситуациялық сұрақтар беріледі.

1-ші топ: Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ, ата - ана бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы себепсіз сабақтан қалдырады, мектепте өтетін жиындарға келмейді.
Нұрланның ата - анасына қандай кеңес берер едіңіз?

2-ші топ: Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

3-ші топ: Бұрынғы үздік оқитын,тәртібі өте жақсы оқушыңыз соңғы кездерде сабақ үлгерімі нашарлап, мінез-құлқы өзгеріп жүргенін байқадыңыз. Ата-анасына хабарласып едіңіз, жұмыстан ешқандай қолдары тимейтіндігін, сізге жолығуға да уақыты жоқтығын айтты. Ал баламен сөйлескіңіз келіп еді, бала ашылып сөйлесуге құлқы жоқтығын байқатты. Зерттей келе, жолдастарының жақсы балалар еместігін бақыладыңыз.Сіздің әрекетіңіз?

4-ші топ: Талғат нашар оқумен қатар, мектеп ережелеріне сай тәртіп сақтамаушы еді. Сол себептен де сынып жетекшісі үйіне жиі баратын. Оны ата - анасы мектепке сирек келуімен қоймай, баласын жақтап, мұғалімдердің өздері кінәлі деп санайтын. Талғаттың әке - шешесі тек баланы тамақтандырып, киіндірсек болды, ал оқыту мен тәрбиелеу мектептің ісі дейтін.

Сіздің әрекетіңіз?

Әр топ мұғалім ретінде өз жауаптарын береді.

Ситуациялық сұрақтар


Сергіту сәті

Үш әкені сыртқа шығарып, бір затты жасырамыз.


1-ші әке бөлмеге кіргенде оны қолпаштап, затты таба алатындай марапаттап отырады.

2-ші әке бөлмеге кіргенде оны жамандап, затты тауып алуына кедергі жасап отырады. Енді 3-ші әке бөлмеге кіргенде оған назар аудармайды.


Кілт

Қорытынды-лау кезеңі

Ой

тұжырымдау


Қорытын-ды жасау

«ХХІ ғасырдағы әке» моделі


Постерге «ХХІ ғасырдағы әке» моделін жасап, қорғайды


Постер

Кері байланыс

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды

Не ұнады?

Не ұнамады?

Ұсынысыңыз?

Алған әсеріңіз?

Сұрақтарға жауап жазады

Парақша




© 2010-2022