Сабақ жоспары өзін -өзі тану Текті білу тегін емес

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ - 18.

Пәні өзін-өзі тану

«Төменгі Пенжім орта мектебі шағын орталығымен» к.м.м

Тексерілді:ОІЖО

Күні 18.01.16

Алпысбаева Айнагул Айдархановна

Қатысқандар саны

Сынып 2«А»


Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Текті білу тегін емес

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Сыйластық,туыстық,адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту,ата,жеті ата туралы білімдерін толықтыру.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,дәстүрін ата тегін,туысын қастерлеуге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар :

Тегі,жеті ата,туысы жайында білім алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Өзіндік ізденіс, топтық жұмыс арқылы жеті ата туыстыққатынастар жайлы ұғынады, мақал-мәтел арқылы дәстүрін мәдениетін түсініп,азамат болып өсуіне ықпал етеді.

Кейбір оқушылар:

Мәтінмен жұмыс жасап маңызын ұғынады, «Текті білу тегін емес» өлеңінің мәнін мағынасын түсініп ойын ашық нақты жеткізеді,сыни тұрғыда ойлана алуды үйренеді,халық даналығын сақтауға,бағалауға дағдыланады


Әдіс-тәсілдер

СТО-, ЖЕС-оқыту,Оқытуды басқару және көшбасшылық, дарынды,талантты балаларды оқыту ,бағалауды үйрету т.б

Алдыңғы оқу

Текті білу тегін емес

Ресурстар

Оқулық,дәптер,таратпа материалдар,Бәйтерек ағашы,сөзжұмбақ,АКТ-пайдалану

Сілтеме

Алматы «Бөбек» оқулығы 2010,АКТ

Жоспарланған уақыт 45 минут

Оқушы әрекеті

Басталуы :3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Білім







Түсіну


Оқушыларды сабаққа даярлау,көңіл күйін

реттеу топқа біріктіру.

Топқа отбасы және ынтымақ болып біріктіру.

Үй тапсырмасы:

1-Өз аталарың жайында не білесіңдер?

2-Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?

3-Жеті атаңды айта аласың ба?

4-Бірлік ,татулық -деген сөзді

қалай түсінесіңдер?



Сабақ мақсатын ашу

Текті білу тегін емес» өлеңін оқып

не жайында екенін айту,сабақтың

мақсатын ұғынады.

-

Псих-қ атмосфера орнату-оқушылар айнала тұрады.

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы

Желге ырғалып жайқалған.

Оқушылар үй тапсырмасы сұрақтарына жауап береді және «Ата бізге келіңіз»өлеңді жаттауға берілген жаттап келген оқушылар топта айтып береді.

Жаңа сабақ мақсатын түсіну.

Сабақтың не жайында өтілетіні нені білу ұғыну керектігін түсінеді.






Сабақтың ортасы:

Қолдану 5 мин



Талдау:

Тапсырма беру.

1.1-топқа «Атаның ғана баласы болма,адамның баласы бол»

2-топқа «Қыздарымыз есті болсын,ұлдарымыз сесті болсын» дегенхалық мақалының мағынасын түсіндіріп беру тапсырылады.

2-тапсырма: балаларға «жеті атаға»кімдер жатады естеріне түсіріп жауаптарын жария ету.

3.Дәптермен жұмыс: Оқушылар дәптердегі тапсырманы орындайды,орындап бролған соң оқып шығады.

4.2.Отбасында мереке болып жатыр төмендегі берілген заттардың қайсысы маңызды ең бастысы не ретімен маңыздылығына қарай баспалдақтарға орналастырып шығу керек.

Мына сөздерді:Көтеріңкі көңіл күй,Жақсы тілек,Сыйластық, Тәтті тағамдар,Достар.

2. Тыныштық сәті:

Балалар денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Тыныс алғандарыңды сезініп, өздеріңді бақытқа, махаббатқа, мейірімділікке толғанын сезініңдер . жаймен көздеріңді ашыңдар.

Ресурс беріледі,оқулықты басшылыққа ала отырып,жұмыс өзіндік іздену.Ойлануға уақыт беріледі әр топтың оқушылары бірге ойланады.Топ арасынан жауап беруге екі немесе үш оқушы шығып жауаптарын жария етеді.

Постер құрастыру:постерге

Бәйтеректің суретін салғызу,түсіру.Мұғал

ім сол салынған суретке енді жеті атаны ретімен орналастыру тапсырылады.Оқушылар орындап болған соң оны талдауға ұсыну, әр топ өз постерлерін қорғайды, ойларын білдіреді.

Дәптердегі тапсырма:

1.Отбасы мүшелерінің туған күндерін естеріне түсіріп жазып шығу.

2. Әркім өз ойын айтып шығады немесе ортақ пікірге келіп топ оқушылары бір-біріне көмектесе отырып жұмыстарын жариялау.






Аяқталуы:

Жинақтау мин




  1. Суреттер немесе «Құмырсқаның илеуі» бейне фильмін көрсете отырып «Бірлік татулық , әдепті, ізет, туысқан» деген сөздердің мағынасын ашу.

  2. Оқушыларға деңгей бойынша тапсырма беру. Үйде қанша жан бар, сонда қанша туысың бар енді? Топ оқушылары барлығын қосып есептейді (шешуі неше болды , есептеп шығару).

  3. Қандай жаңа сөздер туралы білдіңдер?

  4. Жүректен -жүрекке. «Мен әдепті баламын» әнін үнтаспаға қосылып айту.


Мұғалім сабақты түйіндейді


Бағалау мин

Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз

Бағалау оқушының үйренгенін тексеру. Сабақта тапсырманы орындауы меңгеруіне байланысты мадақтап, мақтап отыру. «Жақсы, тамаша, өте жақсы, керемет.»

Тақырыпты меңгеруіне байланысты оқушының өзін-өзі бағалауы

Рефлекция

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Өз жоспарымда қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ музыка, қазақ тілі, математика, бейнелеу сабақтарымен байланыстырылды. Оқушылар туысын, арғы ата тегі жайында меңгеріп, бір-бірін құрметтеуге сыйластыққа үйренеді, әдептіліктің не екенін ұғынады. Мақал-мәтел арқылы дәстүрін, тілін, мәдениетін құрметтеуге ықпал жасалынды.

Бүгінгі сабақтағы алған әсері

Кері байланыс орнату

  1. Сабақты жақсы түсіндім

  2. Қиын болды.

  3. Қызықты болды.

  4. Бәрін білдім.






© 2010-2022