Т. Айбергенов Ана ашық сабақ (8 сынып)

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Т.Айбергенов Ана ашық сабақ (8 сынып)Т.Айбергенов Ана ашық сабақ (8 сынып) Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:08.04.2015

Сыныбы:8

Сабақтың тақырыбы : Т.Айбергенов « Ана»,«Аруана - бауыр дүние» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: А)Білімділік: Оқушыларға Т.Айбергеновтің «Ана», «Аруана - бауыр дүние» өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, Т.Айбергенов лирикасының өзіндік ерекшелігін айқындау;

Ә)Дамытушылық: Жеке тұлғаның өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге, алған білімдерін өз бетінше қолдануға, шығармашылықпен іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық белсенділігінің артуына жағдай жасау.

Б)Тәрбиелік: мейірімділікке , туған жерін, ананы сүйіп-құрметтеуге, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: зерттеу ,баяндау, сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс,сатылай кешенді талдау

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация,Т.Айбергенов «Құмдағы мұнаралар» кітабы, маркерлер, фломастерлер, плакаттар, ақын суреті, ана, туған жер туралы нақыл сөз жазылған парақшалар,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
1. Амандасу.
2. Кезекшімен сұхбат.
3. Оқушыларды стикерлер арқылы үш топқа бөлу, «Болашақ» тобы, «Дарын» тобы, «Сезім» тобы. Әр топтан топтың неге олай аталғанын сұрау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау. «Ой қозғау» әдісі

  1. Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесін талдау.

  2. Үш топқа жеке-жеке сұрақтар беріледі.

  3. Үй жұмысын қорытып бекіту.

ІІІ.Жаңа сабақ:

1.Мұғалім:Қазақта ақын көп. Атақтысы да жеткілікті. Бірақ табиғи құбылыстар сияқты құдіретімен табындырып, қазақ өлеңін жаңа сатыға көтергендер сирек. Сол сиректердің бірі әрі бірегейі - Төлеген Айбергенов екенін таныдық.

2.Енді оқушыларға алдын- ала берілген тапсырмаларды тексеремін.

«Болашақ» тобы- ақын туралы презентация

«Дарын» тобы-ақын туралы пікір жазған дарындар

«Сезім» тобы-ақынның қысқа ғұмырының себебі(мәлімет)

3.Ақын туралы бейнематериал қарау.

4.Енді ақынның шығармашылық өмірін сызба бойынша әңгімелеп берейік: «Ой қозғау» әдісі.Оқушылардың алдарында плакаттар мен маркерлер жатыр, сонымен өздері жазады, кейін оны қорғайды.


өзіндік өлең

өрнегімен

танылдынағыз

жыр

перзенті

30 - ақ жыл

ғұмыр

кешті

10 жылдай

ғана

жыр жазды

бірнеше

жыр жинағының

авторы


Төлеген

Айбергенов

"Құмдағы мұнаралар"

жинағы үшін Қазақстан

Ленин Комсомолы

сыйлығы берілді


5.Ал,балалар, ақынның шығармашылығымен танысуды оның «Ана» өлеңінен бастаймыз.

А) Сөздік жұмысы

Шерменде-адасқан, дел-сал болған бейшара жан

Қас қаққанша-жылдам, тез арада

Пасық-абыройсыз, арсыз, адамшылықтан безген,

Құдірет-алып күш, жаратушы,

6.Таспадан мәнерлеп оқимын.
7.Оқушылар мәнерлеп оқиды.

8.Топпен жұмыс(Нұрлан Өнербаевтың орындауында «Анашым» әні ойнап тұрады.)

І- өлең кімге арналған, идеясы, тақырыбы, кейіпкерлері

ІІ-ақын қандай троптарды қолданған

ІІІ- өлең талдау
9.Топтастыру стратегиясы

«Ана»

10.топпен жұмыс (Нұрлан Өнербаевтың орындауында Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні ойнап тұрады.)

екі құрамды

туынды

дара

1-лек.1-грам. мағынасы бар

Қасиетті- орны ерекше,бағалы,

гр.мағ.қатыстық сын есім

қасиет-зат есім, ті- сын есім туд.жұрнақ


Даналық-

Қарындассың-

11.Мақал -мәтелдің ізін жалғастыр

І топ. Ағайынның алтын сарайынан....................... Ананың жыртық лашығы артық

Ата- асқар тау,Ана-баурындағы бұлақ................ Бала - жағасындағы құрақ

Әке көрген оқ жонар........................................ Шеше көрген тон пішер

Баланың ұяты әкеге.......................................Қыздың ұяты шешеге

ІІ топ.Алып анадан туады, ...... Ат биеден туады

Ананың сүті - бал,......... Баланың тілі - бал

Ананың ізін қыз басар, ... Атаның ізін ұл басар

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да......... қарызынан құтыла алмайсың

ІІІ топ.Анасыз өмір......... сөнген көмір

Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді....... балаларға аналар дерт қонбасын тілейді

Ана алдында құрмет ........................... Ата алдында қызмет

Ана сүтін ақтамағанды..................... ешкім мақтамайды

Зымыран сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,-

Анаға бас иеміз!

Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра сабағымызды аяқтаймыз


Әкеміздің қысқа ғұмырының тарихы.

Менiң әкем, расында да, отыздан аса бере дүние салды… Осы сұхбат барысында бiр құпияны ашайын. Әкем өз ажалынан өлген жоқ. Ол қастандықпен өлтiрiлдi… Мұны негiзсiз айтып отырған жоқпын. Әкем қайтыс болғаннан кейiн жетi-сегiз жыл өткенде бiздiң үйге Қарақалпақстаннан екi-үш адам анамды iздеп келген. Олар: «Сiз күйеуiңiздiң өлiмiне қатысты iс қозғатыңыз. Бiз ақынды кiм өлтiргенiн айтып беремiз. Олар күйеуiңiздiң iшiп отырған шарабына стекловата салып берген. Сөйтiп, ақынды қасақана өлтiрген. Бiз шындықты бiлемiз. Қылмыстыларды қазiр ұстамасақ, кейiн кеш болады. Олар Қазақстанға көшiп кеткелi жатыр», - деген. Сонда анам: «Мен қазiр бiреудiң бала-шағасын асырап, үйiнiң көзқуанышы болып жүрген азаматын желкелеп, темiр тордың ар жағына жiбергенiммен Төлеген қайтып тiрiлiп келмейдi. Оның үстiне арада бiршама уақыт өттi. Бәрiн бiр Құдайға тапсырдым. Қастандық iстегендер де жазасын бұл дүниеде тартпаса, о дүниеде тартар. Сондықтан, екiншi маған мұндай нәрсенi айтып келмеңiздер. Басқаға да бұлай деп айтушы болмаңыздар!» - деп, қайтарып жiберген. Бiз, әрине, ол уақытта баламыз. Әлгi кiсiлердiң анамды iздеп келгенiн, әкеме қастандық жасағандарды ұстап бермек болғанын, анамның ескi жараның аузын тырнағысы келмей, оларды қайтарып жiбергенiн анамыздың аузынан естiп жүрдiк. Әрине, бiзге емес, үйде үлкен кiсiлермен әңгiме үстiнде айтып отыратын. Сонда келген қонақтарға шай дайындап, дастархан жинап жүрiп, құлағымыз шалып қалады ғой. Артынан бойымызға сыймай: «Неге соңын ашпадыңыз? Неге әрекетсiз қалдыңыз?» деп сұрайтынбыз. Бiрақ, анамыз: «Қой!» деп, бiздi тыйып тастайтын. «Сен неге сөз тыңдап жүрсiң? Бала емессiң бе? Үлкендердiң сөзiне құлақ салма және араласушы болма!» деп ұрсатын. Бұл тақырыпта сөйлескiсi де келмейтiн. Сөйтiп, ақыры анам осы құпияны өзiмен бiрге көрге алып кеттi….

Бiрақ, шындықты, құпияны ешкiм де бүркемелеп тұра алмайды ғой. Анам көрге алып кеткенiмен, мiне, қырық бес жылдан кейiн мен ашығын айтып отырмын. Оған себеп болған жағдай да бар. Әкемнiң 70 жылдығын өткiзгеннен кейiн үйiме бiр кiсi телефон шалған. Менiң Төлеген Айбергеновтiң қызы екенiмдi сұрап, бiлiп алды да, өзiн таныстырды. Сөйтiп, бiр кiсi сәлем айтып жiбергенiн, оның өзi менi таба алмағанын және қазiр Астанаға келе алмайтынын айтты. Сонда түсiнгенiм, Атырау жақта тұратын бiр кәрi апа бiр кiсiге Төлеген Айбергеновтiң ұрпақтарының бiрiн тауып бершi деп өтiнiш айтыпты. Бiздiң телефон нөмiрiмiздi iздейдi. Ондағысы, бiзге айтқысы келген бiр нәрсе бар көрiнедi. Әйтеуiр iшiнде жүрген бiрдеменi айтып, жеңiлдеп кеткiсi келген секiлдi… Бiрақ… хабар маған жеткенде бәрi кеш болып қалды. Әлгi апа қайтыс болып кеткен екен. Сондықтан, осылай бiзбен, Төлегеннiң балаларының бiреуiмен болса да бiр ауыз тiлдескiсi келiп, бiрдеме айтқысы келiп, ақыры сол апаның дүниеден өтiп кеткенiн жеткiздi әлгi кiсi… Бұның бәрi бiз үшiн жұмбақ болып қалды. Бiздi iздеген апа кiм? Ол неге iздедi? Не айтқысы келдi?.. Құпия ашылмай қала бердi… Сол кезде әлгi апа аманат айтқан адамдар бiздi ертерек iздеп тауып алған болса, апамен бiз тiлдесе алған болсақ, кiм бiледi, бiз барлық құпияны ашқан болар едiк. Әкемнiң өлiмi туралы шындықты бiлiп, кiм өлтiргенiн де табар едiк…

Жағдай былай болған. Бүкiл Кеңес өкiметi бойынша бiр марапат белгiленiп, менiң әкем соның iшiнде басты жүлделердiң бiрiн алатын болған екен. Сөйтiп, әкемiздiң жүлде алғалы жатқанын айтып, бiреулер iс-шараны ұйымдастырып, басы-қасында болыңыз деп, Нүкiске шақыртады. Қуанып әкемiз Нүкiске кетедi. Артынша екi-үш күн өтiсiмен әкемнiң қаза болғаны туралы хабар келедi… Сонда жүлдесiне қуанып, көппен бiрге тойлап жүрген ғой. Бой сергiтiп, шарап iшкен. Мiне, сол шарапта у болған. Сөйтiп, таңғы 5-те әкем кенеттен қайтыс болған… Ойлап қараңыз, сол күнi-ақ анамыз бiрден ұшақпен Нүкiске тартады. Аэропортқа келiп түссе, әкемiздi жерлеуге әкетiп барады екен… Неге? Мұсылманшылықта тым болмаса бiр күн, екi күн қоя тұрып, қоштасуға мүмкiндiк бередi емес пе?.. Бiрақ, ондағылар өйтпеген. Өйткенi, күнәлары ашылып қалатынын бiлген…

Кiм бiледi… Анам өзiмен бiрге жер қойнауына алып кеткен құпияны, бәлкiм, шығармас та едiм… Жоқ! Бiрақ, шындық айтылуы керек қой. Мен бәрiбiр айтар едiм. Қылмыстыны қырық жылдан соң қудалап, соңына түспесем де, әкемнiң қалай қайтыс болғанын, кiм өлтiргенiн, не үшiн өлтiргенiн бәрiбiр тарихқа жаздырып қояр едiм. Неге десеңiз, мұның бәрi түптеп келгенде көреалмаушылықтан, қызғаныштан болған. Ешкiмге қиянат жасамаған, ешкiмге тiзесiн батырмаған әкемнiң басқалай жауы болуы мүмкiн де емес. Оның үстiне, әкем қылшылдаған жас жiгiт, бар болғаны отызда ғана болатын. Ешқандай ауру-сырқауы да жоқ едi дейтiн анам. Ал әлгi стекловата деген нәрсе, бертiнде анықтамалық кiтаптардан қарап көрдiм, өте улы зат екен. Кәдiмгi у! Оның қасиетi iшке түскен соң, бауырды iрiтiп жiбередi. Ал менiң әкем қайтыс боларының алдында қан құсқан ғой!






© 2010-2022