ҚМЖ жоспар Сан есім туралы түсінік (6-сынып)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып, қазақ тілі Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы толық түсінік беру, түрлерін үйрету.

Сабақтың нәтижесі: Сан есім туралы біледі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: "Бес саусақ", "Миға шабуыл", "Ақыл тасы", "Радиоға қоңырау шалу" әдістері.

Уақы

ты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Қолданыла

тын ресурстар

10 минут

Кіріспе

Сыныпта жағымды орта қалыптастыру, кезекшілік ұйымдастыру. "Саяхат" ойыны арқылы топқа біріктіру.

"Бес саусақ" әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Сын есімнің мағыналық түрлері.

Сергиді, топқа бірігеді.

"Басбармақ" әдісі арқылы

12 минут

Таныстырылым

"Миға шабуыл".

Біздің мектеп

Ауласы кең, үш қабаттан тұратын біздің жаңа мектеп 2010 жылы қыркүйектің

25 жұлдызында пайдалануға берілді. мектепте 1200-дей оқушы білім алады. Бір сыныпта жиырма бір-жиырма жетіден оқушы отырады.

Өтілетін пәндердің өз сынып бөлмелері бар. Солардың ішіндегі үшеуі -қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің кабинеттері.

Сонымен, сан есім дегеніміз- заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.

Сан есім мағынасына қарай: есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік.

Сан есім құрамына қарай: дара, күрделі.

Оқушылар мәтін ішінен сан есімдерді табады. Осылайша, сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылар ашады.

Мұғалімнің ауызша бағалауы "Жарайсыңдар!", "Керемет!", "Тамаша!".

Оқулық авторлары:

С. Исаев,

Ж.Дәулетбекова А., "Атамұра" 2015 жыл.

Презентация

18 минут

Негізгі бөлім

Математикалық жұмбақтар беріп, сан есімдерді тапқызу.

1. Мұз айдында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы баланың

Санын айтсаң жарадың. (тоғыз)

2. Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің.

Нешеу болды, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын? (алты)

3. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп

Жапырақтың нешеуі? (төрт)

Топтық жұмыс. 105-жаттығу. Мәтіннен сан есімдерді табыңдар да, оларды тіркескен сөзімен бірге цифрмен жазыңдар.

Үлгі: 3 адам, ...

Сергіту сәті. "Айдаһар, ханшайым, самурай".

Тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді толықтырып, ішінен сан есімдерді табыңдар.

1. Білекті ... жығар,

Білімді ... жығар.

2. ... тістен шыққан сөз

... рулы елге тарайды.

3. ... бірі қыдыр.

4. ... атасын білген ер

... жұрттың қамын жер.

5. Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені

6. ... кесірі ... тиеді.

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс. "Ақыл тасы" 1. Сан есім деген не? Мысал келтір.

Семантикалық кестені толтырыңдар.

Сөздерден сан есімдер шығарып,

құрамын анықтау

Сандарды жазу

Дара сан есімдер

Күрделі сан есімдер

1.

Кекілік

2

+

2.

Түшкіру

3

+

3.

Алтын жүзік

600

+

4.

Жетілді

7

+

5.

Жүзім біркелкі пісіпті

101

+

6.

Күшті

3

+

7.

Тоғызқұмалақ

9

+

8.

Балтыр

6

+

9.

Тон сегіз еді

18

+

10.

Мыңбай-күшті жігіт

1003

+

11.

Оның бесігі

15

+

12.

Кейбір

1

+

Ойтолғаныс стратегиясы. Сан есімдерді қатыстырып, берілген тақырыптарға ойтолғау жазыңдар.

I топқа- 20 теңгемен сөйлес.

II топқа- 10 жылдан кейін тақта қандай болады деп ойлайсың?

III топқа- 8 шиден мүсін жаса

IV топқа- 1 сабақ неге 45 минут уақытпен шектелген?






Дәптермен жұмыс жасайды.

Мақал-мәтелдерді толықтырады, ішінен сан есімдерді табады.


Оқушы жауап береді.

Сөздерден сан есімдер шығарып, құрамын анықтайды.




Оқушылар топта ақылдасып, бірлесіп жұмыс жасайды, ойтолғау жазады.

Бірін-бірі бағалау









Ауызша марапаттау

"Фейерверк"






Презентация

Қосымша материалдар, қазақ тілі мен әдебиеті журналы.




Оқулық авторлары:

С. Исаев,

Ж.Дәулетбекова А., "Атамұра" 2015 жыл.




Доп

Презентация





5 минут

Қорытынды


Патшадан жарлық келіпті. Балалар, патша былай деді: "Осы сабақта түсінгендерін мынадай әдістерге салып, постер жасап, топ болып жұмыс жасасын дейді.

1-топ. Күн мен бұлт" әдісі

2-топ. "Балық қаңқасы"әдісі

3-топ. "Өрмекші"әдісі

4-топ. Рөлдік ойын.

"Радиоға қоңырау шалу"әдісі арқылы сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: 107-жаттығу. Мәтінді оқып, сан есімдерді сөзбен жазыңдар. Қосымша әдебиеттерден Бурабай туралы мағлұмат тауып жазыңдар.

Оқушыларды бағалау.


Өзін-өзі марапаттау.



Мұғалімнің бағалауы.

Оқу құралдары


Презентация

Оқулық

Ұтымды жақтары: ______________________________________________________________________________________________________

Кедергілер:____________________________________________________________________________________________________________

Шешу жолдары: ________________________________________________________________________________________________________


© 2010-2022