• Преподавателю
  • Другое
  • 1мамыр мерекесіне арналған Тату доспыз бәріміз тақырыбына арналған мерекелік сценарий

1мамыр мерекесіне арналған Тату доспыз бәріміз тақырыбына арналған мерекелік сценарий

Қазақстан  көп ұлтты мемлекет. біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады. біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен  араласып  өмір сүрудеміз. Құрметті қонақтар! жүздерімізге  шуақ, бойымызға  қуат әкелген 1-мамыр  қазақстан  халықтарының  ынтымағы мен  бірлігі  күні  құтты  болсын!осыған  орай «Айгөлек » «Балдырған»  тобының тәрбиеленушілері  «тату доспыз бәріміз» атты  өздерінің   шағын  концерттік бағдарламасын  ұсынып отыр.олай болса «Өзбек» халқының өкілдерін  қарсы  алайық! (...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Күншуақ» бөбекжай бақшасы









1-Мамыр бірлік пен достық мерекесі

«Тату доспыз бәріміз»


Тәрбиешілер: Абишева Н.Б.

Темирханова А.Ж.




















2014-2015 о.ж.

Жүргізуші:

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады. біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен араласып өмір сүрудеміз.

Құрметті қонақтар! жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр қазақстан халықтарының ынтымағы

мен бірлігі күні құтты болсын!осыған орай «Айгөлек » «Балдырған» тобының тәрбиеленушілері «тату доспыз бәріміз» атты өздерінің шағын концерттік бағдарламасын ұсынып отыр.олай болса «Өзбек» халқының өкілдерін қарсы алайық! (под музыку заходят дети.)

келесі интернационалды топты қарсы алайық.

тақпақтар: Мансур,Ақнұр,Зарина,Төлеби.

«Айгөлек» тобының тақпақтары

Жүргізуші:

«Айгөлек» тобы қыздарының орындауында «Жаса Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Өзбекістан мақталы

Еліміздің мақтаны

Еңбек сүйгіш халқымыз

Ел бірлігін сақтайды. Дей келе «Өзбек» биін тамашалаңыздар!!

Жүргізуші:

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын бірінші мамырымыз!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» орындалады.

Жүргізуші: Келесі кезекті тақпаққа береміз.

Жүргізуші:

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілім сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

«Атамекен» әні орындалады.

Жүргізуші:

Сырдың бойын ежелден жайлаған

Орыс халқы қатар қонған бай далам

Халықтардың достығының айғағы

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған

дей отырып орыс халқының «Калинка» биін тамашалайық.

Жүргізуші:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кеңге ашқан

Тілегіміз әділдік

Ашық болсын кең аспан!!! Дегендей «Балдырған» әнін қабыл алыңыздар!(пустить мыльные пузыри)

Тақпақтар «Айгөлек» тобы

Жүргізуші:

Ортақ дәстүр ғұрыш бай

Ынтымағын суытпай

Шаңырақты көтерген

Жүз түрлі ұлт,жүз уықтай дей отыра, «Дос болайық бәріміз» әні орындалады.

Жүргізуші:

Тілі басқа, тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Осымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды,назарларыңызға рахмет!!!

Осы мерекеге орай арнайы келіп отырған қонақтарға сөз кезегін берейік.

Құттықтау сөз.

Балалар қол ұстасып залдан әуен арқылы шығады.




М.Монтессори технологиясы

В.Воскобович технологиясы

Конструктор

Қуыршақ театры

Жануарлар

Резиналы ойыншықтар

Жемістер мен көкөністер

Ыдыс -аяқтар

Сюжетті - ролді ойындар

Кубиктар

Көліктер


© 2010-2022