Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері    Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері  Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері  Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері  Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктеріАқпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері  Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері    Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері  Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері  Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері  Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірл...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы :§ 4 Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек . Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін циярларды қолданамыз.

Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б.өлшеу қабылданған. Ал салмақты - граммен және килограммен, т.б.өлшейміз.

Компьютер- электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі ( әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1- дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.


АҚПАРА





«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ - ол кез келген белгі : әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келед. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) =1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері 50000

Түрлі түсті слайдтар 150

Музыкалық фрагмент 10 минут

Фильм 15 секунд

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы.

Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз - бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұнда жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с.өлшенеді.

· Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі - бит. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай

алады - 0 немесе 1.

· Әдетте ақпаратты байтпен санайды, мұндағы 1 символ = 8 битке = 1 байтқа тең.

· Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с.өлшенген ақпараттың көлемі.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

1. Пуск, Компьютер батырмаларын таңдаңдар.

2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанмен оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар

3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар

4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.

В деңгейі

1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар

2. Документы бумасын ашыңдар

3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.

С деңгейі

Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.

Қорытынды

1. Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін ) атаңдар.

2. БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?

3. 1 байтта неше бит бар ?

4. « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?

5. «Алақай ! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

6. Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін ?

Үйге тапсырма § 4 тақырыптарын оқу. Тестке жауап жазу

Сабақ жоспары : «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы : § 5 Компьютер - әмбебап есептеуіш машина

Сабақтың мақсаты :

Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Компьютер - күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа - оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады.

Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фотоматериалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т.б.болуы мүмкін. Компьютер тек программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады. Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т.б.ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.

Компьютерлерді қолдану

Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.

Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде -дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажет.

Компьютерді қолданудың келесі қадамы - әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.

Компьютердің түрлері

Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.

Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.

Үлкен компьютерлер. Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол - дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.

Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.

Дербес компьютер - ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді

Үстел үсті компьютері - үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан , жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.

Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан компьютері.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Интернет желісінен суперкомпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып- біліңдер.

В деңгейі

Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері» ).

С деңгейі

Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңдар.

Қорытынды

1. Компьютер деген не ?

2. Компьютер қандай функцияларды орындайды ?

3. Компьютер программасыз амалдар орындай ала ма ?

4. Қандай компьютерлік программаларды білесің ?

5. Компьютер қайда және қалай қолданылады ?

6. Компьютердің қандай түрлері болады ?

7. Дербес компьютердің түрлерін атаңдар

Үйге тапсырма ІІ тарау § 5 тақырыбын оқу , тестке жауап жазу.


© 2010-2022