«Оқыту үшін бағалау -оқушыларды өздерінің оқуын жақсартуға үйрету мүмкіндігі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№2 Коучинг жоспары



Тақырыбы:

«Оқыту үшін бағалау -оқушыларды өздерінің оқуын жақсартуға үйрету мүмкіндігі

Мақсаты:

мұғалімдерге формативті, жиынтық, критериалды бағалау түрлері туралы ақпарат беру. Критерилер қоя отырып критериалды бағалау және формативті бағалау жиынтық бағалау жасауға және болашақта сабақтарда қолдана білуге үйрету.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді

Негізгі идеялар:

Формативті бағалау (Оқыту үшін бағалау),жиынтық бағалау(оқуды бағалау), критериалды бағалау.

Материалдар мен құрал-жабдықтар:

АКТ,А4, А3 қағаздары, маркерлер, слайд,суреттер, «Шалқан» ерегісі

Power Point презентациясы,жемістер,алма ағашы,бағалау үшін жапсырмалар,

Өткізу барысы:

Тапсырма

Уақыт

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Психологиялық тренинг

3 мин

АКТ арқылы мұғалімдерге «Мен қандаймын»тренингін өткізу.Аудиторияда психологиялық ахуал тудыру.

Геометриялық фигураларды таңдап және сол фитгураға қатысты өі

Интерактивті тақтадағы геометриялық фигураларды таңдап және сол фигураға қатысты өзінің мінез-құлқы туралы ақпарат алды.


Топқа бөлу

1 мин

Фигуралар арқылы топтарға бөледі.

Ұқсас фигуралар алған мұғалімдер топтасады.

Ой қозғау.

6 мин

Сіздің ойыңызша

«бағалау» деген сөздің мағынасы не?Не үшін біз бағалаймыз?Нені бағалаймыз?

Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?

Сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.

1 тапсырма

Білемін,білгім келеді,білдім кестесінің 1 және 2 бағандарын толтырту.3 бағанды коучинг соңында толтырады.

10 мин

кестесінің 1 және 2 бағандарын әрқайсыларын жеке толтырыңыздар

«Білемін», «білгім» келеді», «білдім»

қатысушылар кестені толтырады.



Топтық жұмыс







5 мин

Көбелек суретін салуды ұсынады.

Қатысушыларға сұрақтар қойылады:

Сіз алған бағаңызға қанағаттандыңыз ба?

Осындай жағдай жиі болып тұрады ма?Мысалы оқушылар бақылау жұмыстың бағасына көңілдері толмай наразылық білдіретін жағдай.Осындай жағдайды қалай шешесіздер?Қалай ойлайсыздар оқушының бағасына түсінік беру қажет пе?комментарийді қалай бересіздер?

Енді интерактивті тақтада берілген критерийлер бойынша өздеріңізді бағалаңыздар .

Критерий арқылы бағалау:

10 балл-«5»

Денесі үш бөліктен тұрады-3 ұпай,

төрт қанаты симметриялы-2 ұпай,

мұрты-1 ұпай,

көзі-1 ұпай,

тұмсығы-1 ұпай,

суретін салу ерекшелігі-2 ұпай

Қатысушылар салып болғанннан кейн өздері бағалайды,бір-біріне баға қояды.



Критерий арқылы бағалайды. Салыстырады.


Қатысушылармен әңгімелесу

Қойылған бағаларда ерекшеліктер болды ма?

Бағалаудың қандай түрлері қолданылды?Қандай бағаны қою жеңіл және неге?

Қандай бағамен Сіз қанағаттандыңыз және неге?

Қатысушылар өз пікірлерін айтады.

Сергіту сәті

2 мин

Сергіту сәті «Жаңбыр»

Қатысушылар сергіту сәтін орындайды.

Топтарға бөлу.

Смайликтар арқылы топтарға қайтадан бөлу

Топтарға бөлінеді

Топтық жұмыс

5 мин

«Үш торай»мультфильмін көру.Ниф-ниф,Нуф-Нуф,Наф-Нафтың үйлеріне критерийлер құрастырып көріңіздер.

Осы жұмысты орындау барысында қандай қиындықтар кездесті?

Бағаны алу үшін критерилер оқушыны ынталандыра ала ма?Сіздердің ойыңызша баға және критерийлер бағалаудың қай түріне жатады ?

Мультфильм көреді

Топ болып постерді әзірлейді және қорғайды.

Power Point презентациясы

5 мин

«Бағалау және бағалау түрлері «туралы слайдтық презентация көрсетеді.Көрсету барысында түсініктеме беріліп тұрады


Жұппен жұмыс












20 мин

«Синквейн» әдісін түсіндіреді:«Синквейн» сөзі француз тілінен «бес» деп аударылады және «бес жолдан тұратын өлең жолдары» дегенді білдіреді.

Жазу ережесі:

1. Ұғым.

2. сын есім (2 сөз)

3. етістік (3 сөз)

4. Төрт сөзден тұратын сөйлем.

5. зат есім (1 сөз)

«Бағалау »сөзіне синквейн жасайды

Кері байланыс


Бүгін мен не білдім?

Сізге бағалау түрлері ұнады ма?

Сізге не ұнамады,не түсініксіз болды?

Сіздің ұсыныстарыңыз.

Бағалау парағын толтыру

Мұғалімдер алма ағашына пікірлері жазылған «алмалар» жапсырады

Дереккөздер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей.

2 Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару.А.Ш.Орақова,Ж.А Жартынова,Н.О.Қойлық,Т.Б.Корнилова,В.Н.Ким































© 2010-2022