Открытый урок: «Табиғат-тіршілік көзі

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Табиғат - тіршілік көзі

Мақсаты: тақырыптың мазмұнын және идеясын түсіну. Оқушылардың табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершіліктерін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, «Табиғатты қорғайық» деген слайд көрсету, табиғат көрінісін суреттеген өлеңдер оқу, Ы.Алтынсариннің «Жаз» өлеңін оқимын.

Сабақтың көрнекіліктері: «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат» атты суреттер сюжетін тамашалаймыз.

Күтілетін нәтиже: тақырыптың мазмұнын ұққандары бойынша әңгімелейді. Табиғат туралы ойларын дәлелдейді. Қазақстанның экологиялық мәселелерімен байланыстыра айтады. Сауатты жазуға, ойын жүйелі жеткізуге төселеді.

Тапсырма түрлері: 1.Топқа бөліну 2.Мәтінді мәнерлеп оқу 3. Ұққандарын әңгімелеу 4. Пікірлерін қорғау 5.Сөздік жұмысын жазу 5.Кері байланыс

Тапсырманың мақсаты: 1.Іштей мәнерлеп оқуға дағдылану 2.Түсінгендерін әңгімелей білу 3.Бұрын кездеспеген қиын сөздердің мағынасын ұғу 4. Ойларын жүйелі, әдеби тілмен айту 5.Сабақтан алған әсерімен бөлісу

Кіріктірілген модульдер: АКТ, Білім берудегі бағалау, СТО, ОҮБ және ОБ, Дарынды балалармен жұмыс.

Бағалау түрлері: Суммативті бағалау, формативті бағалау, Критериалды бағалау, қорытынды бағалау.

Кіріспе. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекеніғ алтын ұя бесігі, құт-берекесі.Адам үшін табиғат-ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмір-тіршілігі табиғатпен етене байланысты болған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі,көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

Адам-табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-ана» деген ұғым қалыптасқан.Халық батыры Б.Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамырытабиғат» деген. Сұлулық табиғаттың көркі. Гүл қандай әдемі! Аңдарымыз ше? Ағаштарымыз ше? Құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.

Адам-табиғатпен біртұтас дүние. Жер-ана, туған жер,Атамекен құлаққа жылы тиіп,шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғымдар. Табиғат-адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат-адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа, шипагер.

1.Жұмбақ шешейік.

Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды. (Жер)

2.Табиғатқа байланысты қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Сулы жер-нулы жер.

Көлдің көркі-құрақ.

Таудың көркі-бұлақ.

1-топ: Келешекте біздің ауылымыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? (Суретін салыңдар)

2-топ: Табиғат қорғаушы (эколог) маман болғыларың келе ме?

Салған суреттерін (постер) қорғайды.

Ойларын айтады. Екі топ өзара пікір алмасады.

Мұғалім: 1.Адам өміріне не қажет?

2.Адам өзіне қажет керектерін қайдан алады?

3.Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?

4.Тірі табиғатты ата.

5.Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?

Табиғаттың басты байлығы-жер. Жер-біздің асыраушымыз, Жер-біздің қазынамыз, байлығымыз. Жер-біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да солай сүйе білуіміз керек. Сол себепті «Жер-ана» деп құрмет тұтамыз.

Сыныпқа сұрақ: 1.Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде қорғау қажет емес пе? (Оқушылардың пікірін талдау).

Қосымша: ҚР Коституциясының 38-бабында: «ҚР азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» деп жазылған.

Сергіту: «Жер, су, ауа» ойыны.

Біздің ата-бабаларымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деп, бұлақтың көзін аршып, тазалап,сарқылмай ағуын қадағалаған.

...табиғатқа қамқорлық керек, өйткені...

...табиғатқа қамқорлық керек, өйткені...

Керекті сөздер: мен табиғатты сүйемін, табиғат менің екінші анам, т.б.

1-топ: Табиғат көріністерін аппликациялайды.

2-топ: Табиғат көрінісін бейнелейді.

Табиғатқа тілек айту:

Күніміз ашық болсын!

Суымыз тұнық болсын!

Гүліміз әсем өссін!

Ауамыз таза болсын!

Ой қорыту:

1.Табиғат дегеніміз не?

2.Табиғат байлықтарына не жатады?

3.22 сәуір қандай күн?

4.Экология дегеніміз не?

5. Табиғат тазалығын сақтау үшін қандай ұлес қосып жатырсыңдар?

Сөздік жұмысы: дәптерге мәтіндегі қиын сөздерді жазғызу.

Жауап берген оқушыларды қолпаштау сөздері: «Жарайсың», «Азамат екенсің», т.б.

Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұдау, т.б.

Бағалау: топ басшылары қойған бағаларына түсініктеме жасайды. Парақшаларын табыстайды. Мұғалім қысқаша қорытындылайды.

Кері байланыс: оқушылар сабақтан алған әсерлері мен пікірлерін стикерге жазып, тақтадағы жапырағы жайқалған ағаштың бұтақшаларына жапсырады.

Мұғалім: Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Табиғаты аса көркем, Қазақстан-туған өлкем.

Соңы



© 2010-2022