Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағы

Коучинг тақырыбы: «АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»Мақсаты: Қатысушыларға сын тұрғысынан ойлаудың ақпараттық құзіреттілігі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға,оны өз практикасында қолдана білуге үйрету;Күтілетін нәтиже: Білім беру мен сабақ үдерісінде оқушыларды мәселелерге сыни көзбен қарауға , проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға, «Ойлаудың алты қалпағы»туралы үйренеді ;Ресурстар: «Дегдар Абылай»...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы


«АҚЫЛДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ»

Мақсаты

Қатысушыларға сын тұрғысынан ойлаудың ақпараттық құзіреттілігі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға,оны өз практикасында қолдана білуге үйрету;

Күтілетін нәтиже

Білім беру мен сабақ үдерісінде оқушыларды мәселелерге сыни көзбен қарауға , проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасауға, «Ойлаудың алты қалпағы»туралы үйренеді ;

Стратегиялар

«Бағытталған оқыту әдісі», «Ақылдың алты қалпағы»

Ресурстар

«Дегдар Абылай»деректі фильм, «Алты қалпақ», постерлер, проектор,флипчарттар, маркерлер, түрлі-түсті стикерлер;

Коучинг сессиясының барысы

Кезеңдері

Коуч пен оған қатысушылардың іс-әрекеті. «Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр.» В.Г. Белинский

Амандасу

Коуч өз мақсаты туралы шағын түсінік береді

Тренинг

«Ізгілік»

Топқа бөліну


Қатысушыларға сауыттың, киіз үйдің, ер-тоқымның суреттері бар пазылдар үлестіріледі. І пазылда «Оның ата- тегі- жарты әлемді билеген тарихи тұлға», ІІ пазылда «Ол отаншылдық пен от жалынды тұлғалық қасиетін бала кезінен байқатты», ІІІ пазылда «Оның есімі сұңғыла саясаткер, мәмлегер, көрегендігімен тарихта алтын әріппен жазылады.»

І.Қызығушы

лықты ояту.

Тыңдаушылар жұмбақ жанның кім екенін болжап білген соң, келесі кезеңге көшеді. «Дегдар Абылай»деректі фильмі





ІІ.Мағынаны тану

Топпен жұмыс





































































ІІІ.Рефлексия

І тапсырма . Мәтінмен жұмыс.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев. «Абылайдың тұтқын болуы» аңыз әңгімесі.

Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін бір жорықта кездесіп, Абылай өлтірген екен дейді. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға қорғалаған екен.

«Кісімді өзіме қайырып берсін!»- дегенде, Абылай айтты:

-Қолынан келгенінен аянбасын! - деп, адамын бермей қалған екен. Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа қоңтажысы болсын баршасы ат шаптырып , «Сүзекінің қолы»,- деген қол аттандырыпты.

-Көктің астында болсын, жердің үстінде болсын, Абылайды тауып алып келіңдер! Абылайды тірі ұстап алып келгендерге Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың малсыз беремін!- дейді.

Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде, қалмақтың бір жайсаңы Абылайды абайсызда ұстап алып кетіпті. Жанындағы жолдастары білмей қалыпты. «Абылайды ұстап алып келеді!»- дегенді естіген Қалдан Шерін: Әрі қарай не істеуі мүмкін?

-Оны маған көрсетпей, жеті күн, жеті түн зынданға салыңдар, ас-су бермеңдер, аш сақтандар! Сегізінші күн зынданнан шығарып, айдалаға бір ақбоз үй тіккізіңдер. Соның ішіне жалғыз қойындар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салыңдар, қара суға ерімес,- дейді, - Ұрттап жіберейін десе, аузына бармас. Қара болса, аяққа қолын салып жіберіп, майды бір-ақ қағып жіберер. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды керек қылмас!- дейді.Мұны осылайша сынайық,- депті.

Ханының айтқан жарлығын орындап, зынданға салып, сегізінші күн дегенде, ақбоз үйді айдалаға тігіп, жалғыз отырғызып қойып, бір аяқ қара суға тобықтай май салып апарып, қолына ұстата берді.

Абылай суды ішіп еді, майы не ерімеді, не аузына келмеді. Абылай қандай амал жасайды, суды әлі де ішпек мүмкін бе?

-Үрсем, кетпейтұғын неме едің? Өпкеніммен, келетұғын неме емессің ғой!- деп, қолыңдағы аяқты -Бар, ендеше,-деп бар пәрменімен лақтырып аспанға бір-ақ атыпты. Көріп тұрған жігіт - желеңдер көргенінің бәрін қоңтажыға айтып барады.

-Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой!- дейді. - Енді бір төрт жігіт жалаңаш қылыш алып барыңдар,- депті.« Ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды. Сіздің мейманаңыз - Құдайдан сізге жазу бұйрық осы болды!»- деп, қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер! - дейді.- Егер басын қорғап, жан сауғалап, біреуіңе тығылса, шауып тастаңдар. Егер сарғасқа текеше қасқайып отырса, шаппаңдар! Көрген - білгендеріңді айтып келіндер!- дейді. Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жендеттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірмей, қабағын қағып, жасқанбастан, отыра берді дейді.

- Жүрегі тас па, мүйіз бе, бізден қашпады!- деп айтып, қайтадан Қалдан Шерінге қайта келді дейді. Қалдан Шерін енді не істеуі мүмкін?

Мұны Қалдан Шерін естіп, қасына тоқсан сәргердені алып Абылайдың жүзін керемін!- деп, бір үйдің ішін түзеттіріп, патшалық тақ орнатып, тоқсан сәргердесімен тоқсан бір болып, патшаның тағынан басқа бос жер қоймай, қатарын түзеп отырды дейді. Сонан соң:

-Ал, Абылайды осы үйге шақырып келіңдер! - дейді. - Ешқайсың қағылып, орын бермеңдер!- дейді.

Абылайды шақырып, үйге кіргізді. Енді Абылай не істеуі мүмкін? Ол жан-жағына жалтақтап қарамастан, тақтың үсті бос тұрғанын көріп, соған барып отыра кетті де, қалмақтардың табынатын пұты бар, жан-жағына көзін салмады, сонда жаман қалмақтар :

-Ол жерге неге отырасың ?!- деп, қауқылдасты. Сонда Абылай: Абылай не деп жауап беруі мүмкін?

Бұл орын Қалдан Шеріндікі еді. Оның құты қашты да, менің аруағым басты, ол өз орнына өзі отыра алмай, босып кетті. Енді бұл жерге мен отырмағанда кім отырады ? -депті. Қалдан Шерін өзін танып қойғанын біліп:

-Уай, Абылай, Сәру қайда?- деді. Қалдан Шерін әңгімесі не туралы болуы мүмкін?

- Жақ тартушы көп болды, жаман аты бізде қалды!- дейді. Екінші рет сұрады:

-Сәру қайда? -дейді тағы Қалдан Шерін. «Сәрумін!»- деп, Сәру айтпады, «Кеспеймін!»- деп, қару айтпады. Және үшінші мәртебе: -Сәру қайда?- деді.

Абылай үшінші рет не деп жауап береді?

-Көрінбеген Сәруді іздегенше, көрініп тұрған өзіңді ізде!- деді. Қалдан Шерін сәргерделеріне:

-Бұл не дегені ?- дейді. Бұл не дегені ?

-Өзің қарап отырып тағыңнан айрылып қалдың. Осы күнде тақ үстінде мен отырмын,көптің бірі болып сен отырсың. Осы күнде басынды алдырсам, кім менің жарлығымды бұзады? Жабдық сенде, жарлық бізде!- дейді. Енді Қалдан Шерін не істеуі мүмкін? Қалдан Шерін «Абылайды сынаймын!»- деп жүріп, өз тағына шығарып алғандығына пұшайман болып ұшып түрегеліп, Абылайдың келіп қолын ұстады. Жарасып, елдесіп, Топыш сұлуды Абылайға беріп, қалмаққа қазақтың не заманнан бергі олжаға түскен, өсіп-өнген қазақтарын босатып Абылайға қосып жіберді.

ІІ тапсырма.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыАқ қалпақ- эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. Әсерсіз, субективті бағалаусыз тек сандардан, деректерден, ойлардан тұрады. Айтылған пікірді растайтын ,жоққа шығаратын қандай дәлелдер мен деректер, ақпараттар бар? Мәселені шешуде жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз?

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыСары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас.Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек. Нақты не нәрсе жақсы, пайдалы, тиімді, конструкторлық екенін айтып қана қоймай түсіндіру қажет.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыСары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыҚызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыБұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?» «Өзгеше болу үшін не істеу керек?», «Осындай немесе басқа аспектіні, жаңалықты енгізу үшін не істеу керек?» қою арқылы жаңа жетістіктер тауып қолдануға мүмкіндік береді.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыКөк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.

Бұл философиялық , пысықтау қалпағы.. Көк қалпақты таңдаған топ міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап , екішіден- өз топына қайта оралып , жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.

Қатысушылар:


Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыАқ қалпақ

Бағытталған оқу әдісімен сұрақтарға негізделіп берілген мәтін, мәтіндегі қазақ тарихындағы ұлы тұлға Абылай ханның Қалдан Шерінмен кездесуінің ақиқаттылығы,оның өмір жолдары оның ерді тезге салар қиын сынағын мәтінге сүйеніп айтты. Абылайдың сұңғыла саясаткерлігі мен айлакерлігінің айқын сипатын жеткізе білді.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыСары қалпақ

Жау қолына абайсызда түскен ханның өзіне сенуі, оның өжеттігі мен өткірлігі, намысқойлығы пен жігерлілігі, шешендігі, асқан төзімділігі мен көрегендігін дәлеледеді. Тарихтың қайталанбас тұлғасының өнеге істерін жеткізе білді.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыҚара қалпақ

Ханның абайсызда тұтқын болып, Абылайды жорықпен емес, қулықпен қолға түсіруі, жеті күн, жеті түн зынданда ұстаған өшпенділік әрекеті, оған басты себебі жау баласын соғыста мерт қылуын атап көрсетті және себебін түсіндіреді.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыЖеті күн, жеті түн зынданда аш болса да, сыр бермеген төзімділігі, жау қылышынан қаймықпаған қайсарлығы, батылдықпен хан тағын иемденуі, ұстамдылығы, ашуға ақылмен әрекет жасауын т.б. құбылысты сәттерді айтып өтті.

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыКоучингке қатысушылар оқиғаны жан- жақты сипаттап,Абылай ханның ерлігі,батылдығы туралы өлең шығарды.Мәселені, оқиғаны басқаша қарауға жұмыстанды..

Коучинг на тему Ақылдың алты қалпағыКөк қалпақтылар өзге қалпақтардың айтқандарын тыңдай отырып, Абылайдың қазақ тарихындағы орнымен қатар,әр топтың жұмысына баға берді. Барлық ойға,идеяларды бағалап,қорытынды жасады.




© 2010-2022