Внеклассное мероприятие на тему М. Мағауиннің 75 жылдық мерейтойы

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Мағауиннің 75 жылдық мерейтойына байланысты «Қазақ руханиятының кесек тұлғасы» (әдеби - танымдық кеш)

Тақырыбы: «Қазақ руханиятының кесек тұлғасы» атты әдеби - танымдық кеш (презентациясымен)
Мақсаты:Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету.
Міндеттері: өмір тарихын, өзінің шығармашылығы мен зерттеулерімен таныстыру. М.Мағауин шығармашылығын тану.
Дамытушылық: Оқушылардың іздену дағдысына сүйене отырып, олардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіре түсу, өздігінен білім алуға,оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын мәнерлі, тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: М.Мағауинді таныту арқылы ұлттық сана мен патриотизмге, рухани білімділікке,өз халқының тарихын білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әдеби - танымдық кеш
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап, әдеби- монтаж, сахналық көрініс, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа, кітаптары: «Аласапыран», «Алдаспан», «Қобыз сарыны», «Бес ғасыр жырлайды»т.б. жазылған ой - пікірлер.
Тәрбие шарасының нәтижесі:
-5 «ә»- сыныпта оқылатын М.Мағауиннің 75 жылдық мерейтойына байланысты тарихи романдарымен, зерттеу еңбектерімен, қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық болмысын таныту;

Сабағымыз 3 бөлімнен тұрады.(слайд көрсету.)

  1. «Зерде». «Қазақ руханиятының кесек тұлғасы.»

  2. «Таным». «Руханияттар сыр шертеді.»

  3. «Тағзым». «Заманмен бетпе-бет.»

1.Кіріспе:

Биыл 2 ақпанда М.Мағауин 75 жасқа толды.М.Мағауин -жазушы, әдебиет зерттеушісі,ғалым,сыншы, қоғам қайраткері.әдебиеттің археологы, филология ғылымының кандидаты, сөз өнерінің хас шебері,ұлттық сана мен сезімнің, парасат пен ойдың, әлемдік әдебиет биігіне көтерілген, ұлттар мен ұлыстардың сүйікті де талантты жазушысы.

Мұғалім сөзі:

Эпиграф («Мен!» тектілік-өлеңі.

Абай рухына, Алаш мұратына адалдығынан жазбаған Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың және "Түрік дүниесіне қызмет" сыйлығының лауреаты Мұхтар Мағауин шығармаларының мәңгілік күйі туған халқына қызмет етпек, қазақ руханиятының көсегесін көгертпек. Ағаны алғаш көруім 1970 жылдың шілдесі. Толық 17-ге де толмаған қауырсын қанат қара баламын. Алматыға оқуға түсуге келгем, бірақ басқа ешқайда бұрылмастан әуелі Жазушылар одағына кіргем. Бірінші қабаттың сол қанатындағы "Жалын" журналының редакциясының табалдырығынан именбесем де, ұяң аттағаным күні бүгінгідей көз алдымда. Көзі қуақы нұрмен күлімдеген қияқ мұртты жігіт ағасы жылышуақ сұрақтарды бастырмалата төгіп тастады. Қайдансың? Қай оқуға келдің? Бұдан бұрын бір жерге бардың ба? Өлең әкелдің бе?.. Көкшетауда қазақ қалып па еді өзі?.. (Мұхаңның қандай сападағы қазақты айтып тұрғанын кейін білдік қой!) Көкшеге сөз келгенге намыстандым ба: "Көкшетауда қазақ бар болғасын келіп тұрмын ғой!" деп салыппын. Осы сәтте қияқ мұрттың көзіндегі қуақы күлкі жалт-жұлт қайшыласа ойнады да, сол жақта отырған қағылез қаршыға бойлыға қарата: "Әй, Жарасқан, мына баланың Алматыда бірінші аттаған табалдырығы біз екенбіз. Талабы қайтпасын. Тауаны шағылмасын. Ана дәптерінің ішінде жарайтын бір өлең болмауы мүмкін емес. Ішінен біреуін таңдап ал да, осы қазір кетіп бара жатқан нөмірге салып жібер" дегені. Болғаны сол. Үш ай өткенде курстастарым "Жалын" журналына Қорғанбектің өлеңі шығыпты деп сүйіншілеген кезде сол өлеңді шығарған кісінің Мұхтар Мағауин екендігін мен толық түйсініп, түсініп, саналы түрде зерделей алып едім деп әлі күнге дейін айта алмаймын. Жарасқан ақынға ат ізін салып жүрсем де, республикалық әдеби журналда бозөкпе баланы алғаш жарияға шығарған Мұхаңа бір ауыз рахмет айту ойымызға кірмепті.

Ағаны алғаш көруім 1970 жылдың шілдесі. Толық 17-ге де толмаған қауырсын қанат қара баламын. Алматыға оқуға түсуге келгем, бірақ басқа ешқайда бұрылмастан әуелі Жазушылар одағына кіргем. Бірінші қабаттың сол қанатындағы "Жалын" журналының редакциясының табалдырығынан именбесем де, ұяң аттағаным күні бүгінгідей көз алдымда. Көзі қуақы нұрмен күлімдеген қияқ мұртты жігіт ағасы жылышуақ сұрақтарды бастырмалата төгіп тастады. Қайдансың? Қай оқуға келдің? Бұдан бұрын бір жерге бардың ба? Өлең әкелдің бе?.. Көкшетауда қазақ қалып па еді өзі?.. (Мұхаңның қандай сападағы қазақты айтып тұрғанын кейін білдік қой!) Көкшеге сөз келгенге намыстандым ба: "Көкшетауда қазақ бар болғасын келіп тұрмын ғой!" деп салыппын. Осы сәтте қияқ мұрттың көзіндегі қуақы күлкі жалт-жұлт қайшыласа ойнады да, сол жақта отырған қағылез қаршыға бойлыға қарата: "Әй, Жарасқан, мына баланың Алматыда бірінші аттаған табалдырығы біз екенбіз. Талабы қайтпасын. Тауаны шағылмасын. Ана дәптерінің ішінде жарайтын бір өлең болмауы мүмкін емес. Ішінен біреуін таңдап ал да, осы қазір кетіп бара жатқан нөмірге салып жібер" дегені. Болғаны сол. Үш ай өткенде курстастарым "Жалын" журналына Қорғанбектің өлеңі шығыпты деп сүйіншілеген кезде сол өлеңді шығарған кісінің Мұхтар Мағауин екендігін мен толық түйсініп, түсініп, саналы түрде зерделей алып едім деп әлі күнге дейін айта алмаймын. Жарасқан ақынға ат ізін салып жүрсем де, республикалық әдеби журналда бозөкпе баланы алғаш жарияға шығарған Мұхаңа бір ауыз рахмет айту ойымызға кірмепті.

Бірақ Мұхтар ағамен жолымды қиылыстыра берген тәңірдің жазуы шығар демеске де лажым жоқ. 1984 жылы Көкшетауда жүріп, бір жағынан ол жақта да "қазақтың бар екенін" білдіріп, "Аласапыран" романы туралы мақала жазып бастырыппын. Бұл туындының қазақ тарихи романдарының үздік үлгілерін еске түсіретінін, өзінің Ораз-Мұхамедін М.Мағауин ыстық сүйіспеншілігімен аялай жырлап, парасатты парыз арқалатып, тарихи биікке көтере білгенін атап айтыппын.

Мен!.. дегенде алыс жатыр қаншама.

Мен!.. дегенде жақын жатыр қаншама.

Мен-жүректің қияметін кешуге -

Жету - дозақ…

Қанша жақын болса да.

Мен!.. болмаса - болмайды Ердің қарымы,

Алауламас "Мен!"-сіз жүрек жалыны.

Мен!.. болмаса, естілмейді мың жылдық

Қазағымның қобызының сарыны.

Болар оғлан "Мен!"-мен ғана қаржасқан,

Мен!-құдірет қара нардай алға асқан.

Мен!. болмаса жасалмайды ғажайып,

"Мен!"-сіз, сірә, суырылмас алдаспан.

Қу дүниенің алданыш қып тезегін,

"Мен!"-і жоқтар шірітеді өзегін.

Мен!.. - тектілік,

Мен!.. - даналық,

Мен!.. - намыс,

Мен!-Мұхтарлар көгертеді өз елін.

Арқасына ауырларды теңдеген,

Құм Нарында шөлдегенде өлмеген,

Өлмегенді былай қойып…

Ерлеген…

Қайсарлықтың өзегінде Мен!.. деген.

"Мен!"-сіз, сірә, өркен жаймас

Ел деген.

"Мен!"-сіз қаны қыза ма екен

Ер деген?!

Менің Мұхтар ағатайым, мәңгілік

Өзіңізге жарасады Мен!.. деген.

Қорғанбек АМАНЖОЛ.

2.Баяндама: «Қазақ руханиятының кесек тұлғасы».

(Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы.)

3.Топтастыру.

4.М.Мағауиннің шығармаларына шолу. «Естеліктер сыр шертеді.»(слайд)

5.Эссе. « Әлемдегі ең сұлу» жатқа айту.

Әлемдегі ең сұлу- қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл- аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі.
Ежелгі эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым. Шежірелі тарихтағы Домалақ- ене мен қыз- ене, Айша- бибі мен Абақ- ана. Таңбалы тарихтағы Қасым ханның аналары: Жақсы- бике, Абайдың анасы -Ұлжан, арыдағы, алаштың тұлғасы болған тағы қаншама алыпты туғызған, есімдері сақталмаған әулие аналар, берідегі ел билеген Айғаным мен қол бастаған Бопай- қазақ әйелінің асқақ әрі нақты көрінісі, сондай болдық күні кешеге дейін. Өзім көзбен көрген қазақ әйелінің ең үздік үлгісі, ең жарқын бейнесі- үлкен әжем еді (менде екі әже болды) . Бесіктен алып қаз тұрғызды, әлпештеп өсірді, мейір- шапағатын аямады, бір маған деген ықыласы жарым дүниені жылтуға жетер еді. Шынында да, маған ғана ана емес, қаншама жетімге пана болыпты, ізгілігі алыс- жақынға бірдей аңыз екен. Менің әжем, сол кездегі басқа әжелер, басқа аналар… әркім есіне түсірсін. бәрі де ғажайып еді ғой. Өз әжем, өз анам болғандықтан деп ойланамыз, Ақиқат шыны солай. сіздің әжеңіз, сіздің анаңыз- ең алдымен қазақ еді, қазақ әйелі бар жақсылық осы жалғыз сөздің аясына сияды.
Бүгінге келсек… бүгінгі қазақ әйелінің бойынан өткендегі әжелерімізге тән асыл қасиеттердың бәрі бірдей табыла қоймайды. Бірақ, тақи- таза махрұм емес. әйел- ұлттың айнасы, сондықтан, айқынырақ көрінеді. Сонымен қатар, қазақ әйелінің ұлтымызға тән қайрат пен еңбек, қайсарлық пен шыдам, ізгілік пен жанашырлық сяқты абзал қасиеттерді көбірек сақтағанына көз жеткізіп отырмыз. Бұған жалғыз- ақ мысал, жабайы нарық қысып, жаппай жұмыссыздық жайлаған, ер- азаматтар сенделіп бос қалған, есеңгірегені- балаларының нандық ақшасын араққа салып, «еті тірілері» жаппай ұрлыққа бет қойған заманда әйелдеріміздің тұрмыстың барлық тауқыметін көтеріп, отбасын жалғыз өзі асырауға айналғаны. Жаугершілік, шапқын күндеріндеде қазақ әйеліне мұншама ауыр салмақ түспеген еді. ал, біздің ерлеріміз, балпылдап бос жүріп, сол әйелге кінә қойғысы келеді. Қазақ осы жолғы жұттан аман шықса, бұл- елдің, алдымен қазақ әйелінің арқасы болмақ.
Шаңырақтан тыс тілегі жоқ, бала- шағадан басқа мұраты жоқ қазақ әйелі бейнеттен құтылар, бет- әлпетін айқындар күн де көп күткізбес, соның жақсы жоралғысы- бүгінгі жас қыздарымыз.
Қазіргі қазақ қызы- осы заманғы қым- қиғаш өмірдің барлық саласына еркін араласып, тұрмыста ғана емес, әлеуметтік орта, қоғамдық құрлым өрісінде де елеулі орын алмақ ыңғайын танытып отыр. Жаңа тұрпатты, әр қилы тұрпаттағы үлкенді- кішілі кез-келген мекемеге барыңыз- көмпютерде отырған қазақ қызын көресіз...

6. «Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызынан көрініс. 5-класс.

(Рольде ойнағандар:Шыңғыс хан,Кет-Бұға жырау, екі уәзір.)

7.«Бес ғасыр жырлайды», «Алдаспан» кітаптарына тоқталу.

8.Әдеби-монтаж. (Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Марғасқа,Бұқар жыраулар поэзиясынан толғауларын жатқа айту.)

9.«Бір атаның балалары» повесінен диологты мәнерлеп жатқа оқу, қойлым қою. (Зихфридт,апасы,қонақ баланың диалогы)

10.Бейнетаспа көру.Прагадан Қазақстанға келгендегі журналистермен сұхбаты.

11.Қорытыды.



© 2010-2022